3.47 Торкретті сылақ: Жоғары тығыздықтағы цемент ерітіндісінің қоспасын
сығылған ауаның қысымымен канал (сопло) арқылы өңделген бетке шашатын арнайы
сылақ.
4 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
4.1 Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін бағалау келесі негізде
жүзеге асырылады:
a) Сейсмикалық әрекетті болжау.
б) Ғимараттың (құрылыстың) жай-күйін бағалау.
в) Ғимараттың (құрылыстың) сейсмикалық төзімділігі туралы қорытынды.
Қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін бағалауға
келесі жұмыстар жүргізіледі:
- зерттеу объектілерінің жалпы санын жаппай құрылыстағы ғимараттардың
(құрылыстардың) конструкциялық схемалары мен ерекшеліктерін талдау арқылы,
жауапкершілігінің дәрежесінің сипаттамасын ескере, жекелеген объектілерді жіктей
отырып анықтайды;
- белгілі бір аймақтың ерекшеліктерін зерттеу (жергілікті, табиғи, құрылыс,
әлеуметтік жағдай, болжамды жер сілкінісі);
- ғимараттар мен құрылыстардың табиғи зерттеулерін жүргізу;
- ғимараттардың (құрылыстардың) сейсмикалық қауіпсіздігін және пайдалану
сенімділігін қамтамасыз етуі бойынша ұсыныстары бар тұжырымдамасын әзірлеумен
нақты сейсмикалық төзімділігін бағалау.
4.2. Сейсмикалық әсердің болжамы мыналарды қамтиды:
а) елді мекендердің тізіміне сәйкес құрылыс ауданының сейсмикалығы [1] 2 және 3-
қосымшаларында келтірілген.
б)
аумақтарды
сейсмикалық
ықшамды
аудандастырудың
қолданыстағы
карталарымен құрылыс алаңының сейсмикалылығы анықталады; сейсмикалық ықшамды
аудандастырудың карталары жоқ аудандарда, құрылыс алаңының сейсмикалылығын [1]
4.1-кестесі
бойынша
құрылыс
алаңының
сейсмикалылығы
мен
топырақ
категорияларындағы сейсмикалық қасиеттеріне негізделген анықталады.
г) құрылыс алаңындағы инженерлік – геологиялық ізденістерінің есебінде құрылыс
ауданының сейсмикалылығы, топырақ категорияларының сейсмикалық қасиеттері және
құрылыс алаңының нақтыланған сейсмикалығы көрсетуі керек.