Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор


Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата06.03.2017
өлшемі1,69 Mb.
#7943
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі 
 
«ҚазЖол»  АҚ  автожол  саласындағы  жеткеші  ғылыми-зерттеу 
институты  06.05.2011  жылы  жобалау-іздестіру  мен  айналысу  құқығы 
бойынша  2011  жвлдвң  20  желтоқсанындағы  ҚР  Білім  және  Ғылым 
Минситрлігінің аккредиттеу куәлігіне сәйкес өз ғылыми қызметтерін жүзеге 
асырды. 
«ҚазЖолҒЗИ»  АҚ,  автожол  саласындағы  жетекші  ғылыми-зерттеу 
институты. 2013 жылы «ҚазжолҒЗИ» мемлекеттік бюджет қорынан ғылыми 
зерттеулер мен әзірлемелерге қаржыландыру жүзеге асырылды: 
- мемлекеттік  бюджет  қаражатынан  –  жол  саласындағы  нормативтік-
техникалық  базаны,  көліктік-пайдалану  көрсеткіштерінің  нормативтерін 
жетілдіру  мен  ғылыми  негіздеу,  жолдарды  диагностикалау  әдістерін, 
мониторинг  әдістері  мен  жаңа  құрылғыларды  және  материалдарды,  оның 
ішінде  өндірістік  қалдықтар  мен  тұрақтандыру  топырақтарын  қолдану 
арқылы  жергілікті  жол  желісі  үшін  жеңілдетілген  жол  төсемесінің 
құрылғысын, жолдар мен көпір  құрылғыларын заманға сай сынақтан өткізу 
әдістерін  жетілдіру  мақсатында  қатарлас  қызметтер  ретінде  003 
«Республикалық  маңызы  бар  автомобиль  жолдарын  күрделі,  орташа  және 
ағымдағы  жөндеу,  күтіп  ұстау,  көгалдандыру,  диагностика  және  аспаптық 
зерттеу» бағдарламасы бойынша 146023 мың т.; 
- жеке 
сектордан  қаржы  қаражатын  тарту  есебінен  –  жаңа 
материалдардың, құрылғылардың және енгізу үшін нормативтік-техникалық  

200 
 
базаны  әзірлеудің  техникалық  тиімділігін  және  экономикалық  жөнділігін 
зерттеуге 15151 мың т.; 
- жеке  қаражат  есебінен  бастама  жұмыстардың  жоспары  бойынша  – 
республиканың табиғи-климаттық жағдайы есебімен жол төсемесін жобалау 
тәсілін жетілдіру және олардың бұзылу моделін негіздеу бойынша мақсатты 
бағдарламаны  әзірлеу  мақсатында  жол  төсемесінің  механика  мәселесін 
зерттеу  бойынша  фундаменталды  теориялық  зерттеулер  жүргізуге  10000 
мың т.; 
- ҚР  нормативтік  базасын  әзірлеу  бойынша  -  («КазИнСт»  РМК 
келісімшарт  бойынша  мембюджеттің  қаражаты  есебінен)  –  7367,404  мың  т. 
сомасына 11 ҚР стандарты; 
-«Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» Кедендік одақтың Техникалық 
регламентіне  нормативтік  базаны  әзірлеу  бойынша  («КазИнСт»  РМК 
келісімшарт  бойынша  мембюджеттің  қаражаты  есебінен)  –  25300  мың  т. 
сомасына 11 МГС стандарты. 
Өндірілетін  битумдар  пайдаланудағы  жабынғы  температурасының 
аралығынан  айтарлықтай  төмен  созылымдық  аралыққа  ие.  Осыған 
байланысты  төмен  температуралық  жарық  сызаттары  мен  толқын  және 
дөңгелек іздері тәріздес жоғары температуралық бұзылыстар пайда болады. 
Құрамында  асфальтобетон  бар  полимерлерді  пайдалану  созылым  аралығын 
кеңейтіп,  жоғарыда  аталған  ақаулардың  пайда  болу  мүмкіндігін  азайтуға, 
немесе кей аймақтарда оларды мүлде болдырмауға мүмкіндік береді.  

 
 Метеожағдайлар  мен  жол  конструкцияларындағы  су-жылу 
режимін зерттеу және оларды жол киімдерін жобалау барысында есепке 
алу. 
Жұмсақ  жол  киімдерін  жобалау  жөніндегі  қазіргі  қолданыстағы 
нұсқаулық 
бұрынғы 
Кеңестің 
Еуропалық 
бөлігінде 
жүргізілген 
зерттеулердің нәтижесіне негізделген. Осы орайда метеожағдай мен шамалы 
өзгерістер  және  жылдық  циклдағы  конструктивтік  қабаттағы  температура 
ескерілмеген. 
«Астана-Щучинск» 
автожолындағы 
жол 
конструкцияларының 
температурасы  мен  ылғалдылығын  арнайы  дистанционды  құрылғы  арқылы 
анықтау  бойынша  2012  жылы  қолға  алынған  зерттеулер  2013  жылы 
республикамыздың  өзге  де  аймақтарында  жалғасын  тапты:  Алматы 
облысындағы  «Алматы-Бішкек»  а/ж,  Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы 
«Қызықлорда-Шымкент»  а/ж,  Батыс  Қазақстан  облысындағы  «Ақтөбе-
Атырау-Астрахань»  а/ж,  Шығыс  Қазақстандағы  «Өскемен-Зырян»  а/ж.  Бұл 
зерттеулер  жол  киімдерін  жобалау  барысында  матаның  су-жылу  режиміне 
орай өзгергіштік қасиеттерін ескеруге мүмкіндік береді. 

 
 Жөндеудің 
жаңа 
технологиялары 
мен 
асфальтобетон 
жабынғылары  құрамының  сапасын  арттыру  мақсатында  зерттеулер 
жүргізу 
Бұл  бағыттағы  жұмыстар  жабынғыларды  жоспарлы  жөндеудегі  аралық 
мерзім  бойында  жолдардың  көліктің-эксплуатациялық  көрсеткіштерінің 

201 
 
тиісті  деңгейін  қамтамасыз  ету  үшін  жүргізіледі.  Осы  ретте  қысқы  төмен 
температура  жағдайы  мен  тас  материалдарының  қышқыл  жыныстарының 
пайдаланылуы, көлік жүктемелерінің артуы есепке алынады. Бұдырлы өңдеу 
жабынғыларының  төзімділігін  арттыру,  шұқырларды  жөндеуге  арналған 
арнайы  суық  қоспалар  мен  асфальтобетон  жабынғылар  күтіміне  арналған 
арнайы  «жасартатын»  құрамдарды  жақсарту  мақсатында  жолдарда 
адгезиондық  және  модифицирленген  үстемелерді  пайдалана  отырып, 
зертханалық зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстар жүзеге асырылды. 
Жол  ғылымы  дамуының  әлемдік  тенденция  сараптамасы,  оның  келесі 
басым жолдарға бағытталғандығын көрсетеді: 
1. Техникалық  реттелетін  құжаттар  жүйесінің  құрылуымен  әлемдік 
дәрежеге  сай  келетін  жобалау  және  жолдарды  эксплуатациялау  барысында 
бағалаудың  жаңа  әдістерін  қолдану  мен  жол  қозғалысының  қауіпсізідігін 
жоғарылатуда зерттеме жүргізу. 
2. Сораптыққа тұрақты, ұзақ мерзімділігі және сынғыштыққа төзімділігі 
жоғарлатылған  жаңа  дәуір  жабындылары  мен  жол  киімдерінің  
конструкциясын құру мен қолдану. 
3. Кұрылымдылық  сенімділігі  және  мерзім  ұзақтылығын  жоғарылату 
мақсатында  есептеудің  және  көпірлік  құрылым  сынақтарының  жаңа 
әдістеріне зерттеме жасау және оны қолдану. 
Қазақстандық жол ғылымының соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштері 
ретінде: 
- республиканың 
аумағын 
асфальт-бетон 
төсемінің 
пайдалану 
температуралары бойынша аудандастыру; 
- енгізу  үшін  пайдалану  температураларын  және  нормативтік  базаны 
ескере  отырып,  солардың  негізінде  органикалық  тұтқырғыштардың  және 
асфальт-бетондардың құрамдарын әзірлеу; 
- шағылтасты-шайырлы  асфальт-бетон  қоспаларын  республиканың 
талаптарына бейімдеу және оларды кеңінен енгізу үшін ғылыми-техникалық 
сүйемелдеу; 
- Павлодар  МХЗ  және  «Элвалой»  битумының  негізінде  полимерлі 
битумды тұтқырғыштың құрамын әзірлеу және соның негізінде тұтқыр және 
асфальт-бетон  қоспасының  тәжірибелі  топтамасын  шығаруды  ғылыми-
техникалық сүйемелдеуді. 
Жол  саласындағы  проблемаларды  сипаттайтын  010  «Көлік  және 
коммуникация  саласындағы  қолданбалы  зерттеулер»  бағдарламасы 
бойынша НИОКР жоспарына жыл сайын берілетін ұсыныстарға қарамастан, 
Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  инновациялық  жүйесін  құру  мен 
дамытудың  2005-2015  жылдарға  арналған  бағдарламасын  іске  асыру  2010 
жылы  жоқ  болған  бюджеттік  қаржыландырудың  болуын  болжайды.  Жеке 
инвесторлар  қаржыландыратын  зерттеулердің  нәтижелеріне  сәйкес, 
инновациялық жұмыстарды «ҚазжолҒЗИ» АҚ жүзеге асырады.   
 

202 
 
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары 
министрлігі 
 
«Қоршаған  орта  және  табиғатты  пайдалану  саласындағы  ғылыми 
зерттеулер»  003  бюджеттік  бағдарламасы  аясында  2013  жылы  келесідей 
ғылыми-зерттеу жұмыстары атқарылды (бұдан әрі - ҒЗЖ): 
1) «Ядролық  сынақ  салдарын  бағалау  үшін  Азғыр  аумағы  халқының 
жүктемесін жаңғырту» ҒЗЖ аяқталды. 
Жер  асты  суларының  элементінің  құрамы  және  радионуклидті 
зерттеудің 
қорытындылары 
бойынша, 
талдаудың 
дәл 
әдістерін 
қолданғанымен,  техногенді  радионуклидттермен  ластанудың  артуы 
байқалмады.  Бұрынғы  «Азғыр»  полигоны  аумағын  шаруашылығын  сумен 
қамту  және  ауыз  су  үшін,  су  горизонтындағы  жер  асты  жарылыстары 
жолақтарынан  техногенді  радионуклидтердің  көшіп  қонуы  қазіргі  кезде 
олардың жоқ болуына алып келді. 
Ұсынылған  қорытындылардан  байқалғандай  табиғи  уранның  біраз 
шоғырланған  жері  негізінен  құдық  болып  табылады.  Массалық 
белсенділіктің көлемі ауыз су үшін әсер ету деңгейінен аспайды. Құдықтағы 
уран  мөлшерінің  өсуі  салыстырмалы  қадағалау  ұңғымаларына  байланысты 
алынатын  суларға  байланысты,  араласатын  түрде  табиғи  уранды  тартуға 
интенсивті үрдісінен туады. 
Микроэлементтерді  зерттеудің  қортындысы  және  жер  асты  сулардың 
тұздық құрамы ауыз судың  ішуге жарамсыз екендігін көрсетеді, құрамында 
2  класты  қауіпі  ауыр  элементтердің  бар  екендігін,  ауыз  су  үшін  ШРК  асып 
кетеді. 
Азғыр  және  Балқұдық  елді  мекендеріндегі  өндірістік  аумақтардағы  
және  тұрғын  үйде  ауадағы  радонның  шоғырлануын  бағалау,  ЭРОАRA 
барлық  жағдайда  200  Бк/м
3
  нормадан  аспайды.  Осы  айғақ  зерттелетін  елді 
мекендерде радондық қауіптің жоқ екендігін білдіреді. 
Атқарылған 
жұмыстың 
қорытыдысы 
бойынша 
радиациялық 
көрсеткіштер  бойынша  топырақтың  сапасы  жөнінде  Азғыр  және  Балқұдық 
елді мекендерінің аумағының табиғи радионуклидтердің, табиғи шоғырлану 
тәжірибе  жүзінде  бірдей  болған.  Радионуклидтердің  топырақтағы 
сынамасының орташа шоғыры алынған мониторингтік аумақтан сәл жоғары, 
олардың  полигонның  технологиялық  аумағында  орналасқан  жеріне 
байланысты.  Бірақ  бұл  жағдайда  осы  аумақ  үшін  және  табиғи 
радионуклидтердің жаһандық түсуі табиғи қор деңгейінен аспайды. 
Табиғи  және  қолдағы  радионуклидтердің  шоғыры  өсімдік  жануарлар 
және  табиғи  өсінділерінің  қолданатын  азық-түлігінде  сәйкесінше 
қолданатын азық-түлік үшін нормаланған деңгейінен төмен. Сонымен қатар, 
жергілікті тағам өндірушілер тек ет және сүт болып табылады. 
Балқұдық  пен  Азғыр  елді-мекендерінің  донор  тістерінің  ЭПР-
зерттеулерінің қорытындыларына сәйкес, белгіленген халық когортасы үшін 
азайтылған  дозаның  маңызды  көрсеткіштері  ЭПР-дозиметрия  мәліметтері 
бойынша  0,1÷0,30  Гр  құрайды.  14  нұсқада  тіркелген  3,06  гр  бірлік 

203 
 
аномальды  көрсеткіш  қосымша  зерттеулерді  талап  етеді  және  қорытынды 
емес. 
ҒЗЖ  нәтижелері  бойынша  қоршаған  ортаның  зерттеленген  объектілері 
бұрынғы  «Азғыр»  полигонынан  тікелей  жақын  болғандығына  қарамастан 
радиациялық  параметрлер  бойынша  халықтың  денсаулығына  маңызды 
әсерін  тигізбейді  деген  қорытынды  жасалды.  Азғыр  мен  Балқұдық  елді-
мекендерінің басты қолайсыз экологиялық факторымен ауыз суы сапасының 
табиғи факторлар болып табылады. 
ҒЗЖ  қорытынды  есебінен  №0077/ГОЦФ  мемлекеттік  ғылыми-
техникалық сараптамасының оң қорытындысы алынды. 
2) «Щучье-Бурабай  курорттық  аймағындағы  көлдердің  су  көлемін 
(деңгейін)  және  сапасын  жоғарылату  мәселесін  кешенді  түрде  шешуге 
арналған ғылыми зерттеу өткізу» ҒЗЖ бірінші кезеңі аяқталды. 
Зерттеу  нәтижелері,  экологиялық  және  әлеумеуметтік  –  экономикалық 
кешенді рұқсаттарсыз, ЩБКА көлдерің су көлемін тұрақтандыру сұрақтарын 
шешу және су сапасын жақсарту мүмкін емес. 
Жүргізілген  зерттеулер  көрсеткендей,  экологиялық  және  әлеуметтік- 
экономикалық  кешендік  зерттеусіз  ЩБКА  су  айдындары  деңгейін 
тұрақтандыру  және  судың  сапасын  жақсарту  сұрағы  бойынша  мәселелерді 
шешу  мүмкін  емес.  ЩБКА  барлық шаруашылық  және  рекрациялық қызмет 
қатаң регламеттелуі тиіс. 
Жұмыстың қорытындысы бойынша су ағындарынан көлдерді ластауды 
төмендету бойынша және жер асты көздерін су бұруды төмендету бойынша 
нақты іс-шаралар  ұсынылған. 
Қорытынды  есеп  Мемлекеттік  ғылыми-техникалық  сараптамаға 
(МҒТС)  одан  әрі  ұлттық ғылыми  кеңеске  шығару  үшін  (ҰҒК)  және  жоғары 
ғылыми-техникалық кеңеске (2013 жылғы 20 қарашадағы №02-02-27/3777-И 
хатымен) жолданды. 
Үстіміздегі  жылы  ҒЗЖ  аяқталатын  болады,  экологиялық  жағдайды 
және  жақын  орналасқан  аудандарда  көлдердің  су  балансын  жақсарту 
бойынша басқа су бассейндерді  қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізу 
мақсаттылығын өзіне қосады (қай жерден және қандай қимылмен). 
3) «Қазақстанның  негізгі  орман  өсімдіктерінде  орнықтылықты 
жоғарылату және ормандылықты көбейтуге технологияларды жетілдіру» 
ҒЗЖ екінші кезеңі аяқталды
Қазақстан  өңірлері  бойынша  негізгі  орман  түзуші  тұқымдар 
экожүйесінің  жасанды  тепе-теңдігін  қамтамасыз  ететін  технологияларды 
іске  асыру  бойынша  жұмыстар  жүргізілді;  орман  экожүйесінде 
анртопогендік  және  биологиялық  әртүрлілікті  сақтау  есебімен  орманды 
пайдалану  және  орман  шаруашылық  технологияларын  жүргізу,  селекция 
тәсілін  қолданумен  жоғары  өнімділікті  құру  және  орнықты  орманды 
отырғызу,  биотехнология  және  интрадукция; аурудан  және  зиян  келтіруден 
қорғау,  өрттен  орманды  қорғау  және  ғылыми-негізделген  әдістерді  іске 
асыру. 
ҒЗЖ аяқталуы 2014 жылға қарастырылған. 

204 
 
11. ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖҮЙЕНІ БҰДАН ӘРІ ДАМЫТУ 
БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР 
 
Қазіргі  уақытта  «Қазақстан  -  2050»  Стратегиясына  сәйкес  республика 
ғылымын дамытудың келесі негізгі векторлары айқындалған: 
– еліміздің  инновациялық  индустриалдануы  мен  ғылымға  негізделген 
экономикасын  қалыптастыру  бойынша  алға  қойылған  міндеттерді  жүзеге 
асыру  үшін  ғылым  мен  экономиканың  синхронды  инновациялық  дамуын 
қамтамасыз ету;  
– ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру үшін кадрлық әлеуеттің 
бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 
– зерттеу  ЖОО-лары  мен  ғылыми  технопарктер  желісін  дамытуды 
көздейтін  ғылыми  инфрақұрылымды  модернизациялау  және  ары  қарай 
дамыту; 
– ғылымның  венчурлық  дамуын 
қамтамасыз  ету,  зияткерлік 
жекеменшікті  қорғау,  зерттеулер  мен  инновацияларға  қолдау  көрсету, 
ғылыми  әзірлемелерді  коммерцияландыру  мақсатында  ғылыми  қызметті 
қаржыландыру және қолдау көрсету механизмдерін жетілдіру. 
Ғылым  дамуындағы  маңызды  стратегиялық  бағыт  ғылымның  нақты 
экономикалық  сектормен  байланысын  күшейту  болып  табылады.  Келесі 
инновациялық  тізбекті  жүзеге  асыру  қажет:  басым  бағыттар  бойынша 
зерттеулер  жүргізу  –  зерттеу  нәтижелерін  өндіріске  енгізу  –  бәсекеге 
қабілетті өнім жасау.  
Осыған  орай  шынайы  инновациялар  жасайтын  зерттеу  жобаларын 
іріктеу  бойынша  жұмыстар  үздіксіз  жүргізіледі.  Яғни  ғылыми  жобалардың 
инновациялық  сипаты  олардың  қолданысқа  енуінің  перспективасын 
айқындайды. 
Зерттеулерді мемлекет пен бизнес тараптарынан бірлесе қаржыландыру 
сынды  ыңғайлы  механизмдерді  іске  қосу  арқылы  мемлекеттік-жекеменшік 
әріптестікті  дамытудың  жаңа  тетіктерін  жасау  керек.  Елбасы  Жолдауында 
«жеке  секторларды  ғылыми  зерттеулерді  қаржыландыруға  тарту»  қажеттігі 
туралы айтылған болатын.  
Аяқталған  ҒЗТКЖ  өндіріске  кең  ауқымда  енгізу  үшін  жобалау  және 
конструкторлық  институттар  немесе  ҒЗИ  және  ЖОО  жанынан  бөлімдер, 
өндірістік  кәсіпорындар  жанынан  цехтар  құру  қажет  және  өнеркәсіптік 
өндірістегі  қолданыстағы  технологиялардың  ғылыми  берілу  жүйесін 
біртұтас жолға қою қажет.  
ҚР  ИЖТМ  Технологиялық  даму  бойынша  ұлттық  агенттігі  еліміздегі 
технологияларды  коммерцияландыру  жүйесін  қалыптастыру  барысында 
коммерцияландыру 
кеңселерін 
жасақтады. 
Оларда 
инновациялық 
әзірлемелерді  коммерцияландыру  бойынша  ғалымдар  мен  инноваторларға 
білікті көмек көрсетіледі. Жоғары технологиялық және ғылымға негізделген 
өндірістерді 
дамыту 
мақсатында 
Агенттік 
еліміздегі 
венчурлық 
индустриясын  қалыптастыру  және  дамыту  жұмыстарын  жүзеге  асырады. 

205 
 
Агенттікте  7  отандық  венчур  қоры  ашылып,  7  шетелдік  венчур  қорларына 
инвестициялар салынды.  
ҚР  БҒМ-да  Дүниежүзілік  банкпен  бірлестікте  «Технологияларды 
коммерцияландыру»  жобасы  жүзеге  асырылады.  Осы  жоба  аясында  озық 
технологиялардың  33  тобы  қаржыландырылады.  Индустрия  және  жаңа 
технологиялар  министрлігімен  бірлестікте  республикадағы  ЖОО  мен  ҒЗИ 
коммерцияландыру кеңселері құрылды.  
Қазір стратегиялық маңызы зор мемлекеттік міндеттер бойынша 100 ірі 
ғылыми  бағдарлама  жүзеге  асыру  үшін  дайындалды  (бағдарламалық-
нысаналы  қаржыландыру  бойынша).  Мысалы,  Жер,  металлургия  туралы 
ғылымдар  және  байыту  орталығында  төмен  сапалы  темірқұрамды 
бокситтерден  глинозем  алу  технологиясын  дайындау  жобасы  іске 
асырылады.  Алынатын  гидрогранатты  шлам  құрылыс  материалдарын 
өндіруге  жарамды;  төмен  сапалы  бокситтерін  өңдеу  мен  Павлодар 
алюминий  зауытын  модернизациялау  бойынша  жаңа  кәсіпорындар  салу 
барысында қолданыс табуы мүмкін.  
Қ.И. Сәтбаев  ат.  ҚазҰТУ  ғалымдары  әлемде  алғаш  рет  болат 
қорытпасын  қалпына  келтіру  технологиясын  дайындады.  Ол  газдардың 
атмосфераға  шығарылуын  4  есеге  дейін  қысқартуға,  металл  шығынын 
азайтуға, болат құнын 40-50%-ға дейін төмендетуге және сапасын арттыруға 
мүмкіндік береді.  
Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  университеті  тетіктерді  вакуумдық 
иондық-плазмалық  сырлау  технологиясын  жасап  шығарды.  Ол  тетіктердің 
төзімділігін  4  есе,  өңдеу  өнімділігін  5  есе,  құрал-жабдық  жұмысының 
ресурстарын 6 есе арттырады.  
Маңызды  инновациялық  жобалардың  осындай  мысалдарын  химиялық 
технологиялар,  биотехнология,  медицина,  техникалық  физика,  қолданбалы 
математика,  энергетика  және  қоғамдық  және  гуманитарлық  ғылымдар 
(тарих, археология және т.б.) салалар бойынша да келтіруге болады. 
Әлем  қауымдастығымен  мойындалған  маңызды  ғылыми  табыстарға 
Халықаралық  рейтинг  бойынша  әлемнің  300  үздік  университеті  қатарына 
қазақстандық ЖОО арасынан тұңғыш рет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінің ғалымдары қол жеткізді.  
Қазақстан ғалымдарының ғылыми зерттеулері өнеркәсіп үшін салмақты 
тапсырысқа  айналуы  тиіс.  Сол  арқылы  келешегі  зор  өндірістік 
технологиялар  дайындалып,  игерілетін  болады.  Ғылым  мен  өндірістің 
табысты,  үйлесімді  одағы  республикамыздың  өнеркәсіптерінің  жоғары 
қарқынмен дамып, әлемдік нарыққа шығуына жол ашуы тиіс.  
Ғылым  мен  білім  интеграциясы  аясында  ЖОО  мен  ҒЗИ-ның  ғылыми 
кадрлар  дайындау,  бірлескен  зерттеулер  жүргізу,  т.б.  істерде  бірлесе 
атқаруын  қамтамасыз  ету  жоспарланған.  Осыған  орай  ҒЗИ  мен  ЖОО 
кезеңдік интеграциясы, зерттеу университеттерін құру ұсынылады. 

206 
 
Бүгінде  Назарбаев  Университеті  үлгісінде  іргелі,  техникалық  және 
аграрлық  бағыттардағы  зерттеу  университеттерін  құру  бойынша  жұмыстар 
жүргізілуде. Зерттеу университеттері мәртебесіне бірінші кезекте құрамында 
әлемдік  қауымдастыққа  мәлім  ірі  ҒЗИ  бар  немесе  консорциальдық 
келісіммен  біріккен  ЖОО  үміткер  бола  алады.  Қазіргі  кезде  ондай  ЖОО 
болып  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті,  Қазақстан-Британ 
техникалық  университеті,  Қ.И. Сәтбаев атындағы  Қазақ  ұлттық техникалық 
университеті,  С. Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университеті, 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті саналады.  
Ғылым  саласының  нәтижелілігін  арттыру  мен  дамыту  үшін  ҒЗИ 
бақылау  кеңестерін  енгізу  арқылы  ғылыми  ұйымдарды  корпоративтік 
басқару  формасын  өзгерту  жоспарланған.  Бақылау  кеңестерінің  құрамына 
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Ұлттық кәсіпкерлер 
палатасының,  ҚР  ҰҒА  өкілдері  кіреді.  2015  жылдан  бастап  5  ғылыми 
ұйымда бақылау кеңестерін құру қарастырылды. 
«Қазақстан - 2050»  Стратегиясын  жүзеге  асыру  аясындағы  ғылым 
саласының  өзекті  мәнге  ие  міндеттерінің  бірі  –  ғылыми  қызметті 
қаржыландыру  мен  қолдау  көрсету  механизмдерін  жетілдіру  болып 
табылады. 
Ғылымға  бөлінетін  қаржының  жыл  сайын  өсуіне  қарамастан, 
республикадағы ЖІӨ-нің ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындарының 
үлесі  небары  0,18%-ды  құрайды.  Халықаралық  сарапшылардың  есептеуі 
бойынша  мемлекеттік  тұрақты  дамуы  үшін  ЖІӨ-нің  1-ден  3%-на  дейін 
ғылымды қаржыландыруға бөлінуі тиіс. 
Қазіргі  уақытта  республика  ғалымдарына  қолдау  көрсету  мен 
ынталандырудың өзге де формалары қарастырылған. Мысалы, 2014 жылдан 
бастап  ғылым  мен  техника  саласындағы  Мемлекеттік  сыйлықтың  көлемі 
27,8 млн теңгеге дейін ұлғайды (бұрын 6 миллион теңге болатын). 
Сонымен  қатар  Президент  Н. Ә. Назарбаевтың  тапсырмасына  сәйкес 
2014  жылдан  бастап  озық  ғылыми  зерттеулер  мен  инновациялар  енгізгені 
үшін  берілетін  әл-Фараби  атындағы  жаңа  Мемлекеттік  сыйлық 
тағайындалатын болады (18,6 млн теңгеден 6 сыйлық). 
Елбасының  Жолдауында  көрсетілген  ғылым  саласының  жоғарыда 
аталған  маңызды  міндеттерін  жүзеге  асыру  үшін,  ең  алдымен,  олардың 
заңнамалық,  құқықтық  реттелуі  мәселелерін  шешу  қажет.  ҚР  «Жасыл 
энергетика»  саласындағы  түрлі  ғылыми  бағдарламалар  бойынша  қарқынды 
зерттеулер  жүргізіліп  жатыр,  оның  мақсаты  бүкіл  энергетиканың  «жасыл» 
салаға  жалпы  көшуі  тұрғысынан  қарастырылуы  тиіс  дегенді  білдірмейді. 
Жасыл энергетика – энергия көзіне жақын орналасқан әрі автономды жұмыс 
істейтін  шаруашылықтарда  (шаруа  қожалығы,  отарлы  мал  шаруашылығы, 
кезеңдік  сипатта  жұмыс  істейтін  машиналар  мен  жабдықтар)  неғұрлым 
тиімді  пайдаланылуы  мүмкін.  Ірі  қалалар  мен  өндірістік  кәсіпорындардағы 
электр энергиясына, мұндай жағдайлар үшін неғұрлым қуатты және тұрақты 
энергия көздері (гидро-, жылу- және атом энергетикасы) қажет. 

207 
 
«Ғылым  туралы»  Заңмен  диссертациялар  қорғау  арқылы  берілетін 
кандидаттық және докторлық ғылыми дәрежелер алынып тасталғаннан кейін 
олардың  орнына  философия  докторы  (PhD)  және  профессоры  атақтары 
белгіленді.  Егер  PhD  дәрежесі  диссертация  жазу  арқылы  қорғалса, 
профессор атағы жиынтық ғылыми жетістіктері үшін беріледі. 
Сонымен  бірге  PhD  докторанттары  ғылым  «қозғаушысы»  ретінде 
ғылымға қосқан өз үлестері бойынша бұрынғы аспиранттардан айтарлықтай 
кем  түсетіндігін  атап  айту  қажет.  Мұның  артықшылығы  –  біздің 
республикада  ғылыми  дәрежелерді  алудағы  тамыр-таныстық  пен  плагиатқа 
жол  бермеу.  2012-2013  жылдары  философия  докторы  атағын  (PhD)  алуға 
небәрі  500  орын  бөлінді.  Уақыт  өте  келе  философия  докторларының  (PhD) 
жеткіліксіздігі  білінеді,  мұның  өзі  ғылыми  кадрлар  тапшылығына  әкеліп 
соқтырады.  Нормативтік  талаптар  бойынша  ғылыми  дәрежелігі  50%  кем 
болмауы  керек.  Сол  үшін  аталған  сұрақ  оң  шешімін  тауып  және  2-3  есе 
арттыру қажет.  
Ғылыми  жобаларды  кешенді  сараптау  жүйесін  енгізу  қажет.  Бұл  жүйе 
халықаралық тәжірибедегі тәуелсіз сараптаманың негізгі тұстарын қамтиды. 
Ғылыми жобалар конкурсын объективті өткізудің мейлінше тиімді құралы – 
мемлекеттік  сараптамаға  қосымша  жүргізілетін  қоғамдық  сараптама. 
Мұндай сараптаманы келісімшарт негізінде ҚР Ұлттық ғылым академиясына 
тапсырған дұрыс. Себебі еліміздегі жетекші ғалымдардың көпшілігі осында 
шоғырланған. Сол арқылы ірі бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру 
мәселелерін барынша әділетті шешуге мүмкіндік берер еді. 
Сонымен  қатар  ғылыми  ұйымдарды  (оның  ішінде  ЖОО  ашық 
зертханалары  және  т.б.)  олардың  ғылым  әлеуетіне  (ғылым  кадрлардың 
ғылыми  дәрежелігі,  ғылыми  зерттеулердің  тиімділігі)  сондай-ақ  өндірістік 
аудан,  тиісті  құрал-жабдықтардың  болуы,  жаңа  электронды  құралдармен 
жабдықталу,  т.б.  нормативтер  бойынша  талаптарға  бөліп  категориялау 
қажет.  Ғылым  гранттары  мен  бағдарламалар  конкурсына  ғылыми 
ұйымдарды  жанама  басқару  ұйымдарынсыз  (холдингтер,  орталықтар  және 
т.б.) тікелей қатысуға жағдай жасау керек. 
 
 

208 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет