57
құрамында болып, жері Қазахия атанған. Тағы бір мысал:
В.В.Бартольдтың еңбегінде Батыс түркі халқы он тайпа ел
болған. Ежелгі Үйсін елінен тараған Албан, Дулат, Суан,
Жалайыр (жігіл), Шапырашты (чігіл) тайпалары Батыс Түрік
қағандығы кезінде (VІ ғ.) мемлекет құрамында болып, олардан
шыққан көсемдер мемлекет те құрған.
Жоғарыда айтылған ру, тайпалардың әрқайсысының
өзіндік таңбалары болған. Түрік таңбаларының көсеу, бөрі, өгіз
сияқты жануар, жыртқыштарға қарата қойылғандарынан басқа,
затқа қатысты қойылғандары да бар. Таңба көп мағыналы сөз,
ол әріп жазу, малға басылатын тамға, мөр ретінде және лауа-
зымды білдірген. Ежелгі түріктердің таңбасы Шыңғысхан тұ-
сында жылқыға соғылатын белгі, мөр ретінде пайдаланылды.
Таңба әуелде халықтың табынатын құдырет иесіне – күнге,
зеңгі бабаға, түрлі құбылыстарға еліктеуден шыққан, осыдан
ежелгі халықтар жануарларға, құстарға, аңдарға ұқсатып, таң-
балық жазуды ойлап шығарды. Ру-тайпалардың таңбаларын
жазуға қатыстыра зерттеудің мәні зор. Ру таңбаларының көне
түркі әліпбиіне ұқсастығы туралы біз жоғарыда сөз қозғағанбыз.
Орхоннан бастап Ертіс, Іле, Сырдария, Әмудария, Еділ, Жайық,
Дон мен Днепр өзендерінің жағалауында, Алтай, Жоңғар,
Хантәңірі, Памир, Балқан тауларының жартастарында түркі
халықтарының таңбасы қашалған. Ру-тайпалардың таңбаларын
жазуға қатыстыра зерттеуде көне түркілік әліпбидегі таңбалар-
дың ру-тайпа таңбаларына тым ұқсас екендігі анықталды. Ру-
тайпалар таңбаларының өте әріден, жазуға дейінгі дәуірден де
әрі болғандығын ескерсек, көне түркі әліпбиіне негіз болған да
осы ру-тайпалардың таңбалары екендігі расталады. Ру-таңба-
ларының көне түркі әліпбиіне ұқсастығы тамыры тереңде
жатқан зор тарихи танымды айғақтайды. Н.Аристов Орхон-
Енисей жазба ескерткіші нұсқасы түркі халықтарының таңба-
лары негізінде жасалғандығын, оның әліпбиіндегі 38 әріпінің
29-ы түркі тайпаларының
таңбасы екендігін айтып, ой салды.
Орыс тарихнамасының өкілдері біржақты саясаттан туын-
даған зерттеулер жүргізді. Қазақстанның экономикалық дамуын
сыңар жақты түсінген кейбір зерттеушілер, қазақ елін капита-
листік даму жолына түсіру керек, оған орыс елі көмектесуге тиіс
58
деп түсінді. Х.А.Сүтееваның еңбегінде шолу түрінде көрсе-
тілген И.И.Гейер мен В.И.Масальскидің пікірлерінен осындай
ойларды анықтауға болады. «Туркес-танский край» деген еңбе-
гінде В.И.Масальский «Бұл өлке ХХ ғасыр басында капи-
талистік даму жолына түсті, енді оны дамытуға орыс үкіметі
көмектесуі қажет» десе, И.И.Гейер өзінің «Туркестан» деген
еңбегінде «Бұл өлкенің экономикалық дамуының нашарлығы
және халық тұрмысының күйзелісте екендігі капитализмнің
дамуынан емес, керісінше оның дамуының жеткіліксіздігінен»
деп тапты. Қазақстанның ресейлік тарихнамасының бірінші ке-
зеңі мақсатты түрде екінші кезеңге ұласты Х.А.Сүтеева атап
көрсеткендей, ресейлік тарихнаманың екінші кезеңі Ресей им-
периясының ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақ жерлерін толық
жаулап алуы, ішкі отарға айналдырғаннан кейін, бұл жерді орыс
үкіметі пайдалы отарлау және оны ішкі зат қорымен тауар
шығаратын базарға айналдыру үшін мақсатты, толық, жан-
жақты зерттеулердің басталуымен ерекшеленеді. Қазақ жас-
тарына ру, тайпалардың шежірелерін білу олардың территория-
лық және мәдени кеңістіктерін жіті
зерттеу арқылы отаршылдық
саясаттан қазақ халқының қаншалықты жапа шеккендігін ұғы-
нуға, бабалар күрескен тәуелсіздіктің парқын түсінуге көмек-
тесуі тиіс. Ру-тайпа шежірелерінде қамтылған ата- тегіңді білу,
олардың ежелгі қоныстарын, дүниеде қандай мемлекеттер құ-
рып, адамзаттың тарихына қандай үлес қосқандығын зерделеу –
қазақ деген халықтың бағасын пайымдау үшін де қажет.
Достарыңызбен бөлісу: