Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



Pdf көрінісі
бет116/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

келесі 
принциптерге сәйкес ұйымдастыру керектігі анықталды: 

білім  берудің  іргелендірілуі  мен  стандарт  талабына  сай 
маман даярлау; 

оқу-тәрбие мен ғылыми - зерттеу процестерін үйлестіру, яғни 
оқу процесін ғылыми зерттеушілік жұмыстарға барынша жақындату; 

арнайы  пәндерді  мәселелік  жағдаймен,  компьютерлік 
технологиялар негізінде оқыту. 
Осыдан,  оқытушының  оқушылардың  өз  бетінше  орындалатын 
жұмыстарын 
ұйымдастыруға, 
дидактикалық 
тапсырмаларды 
орындауы  нәтижелі  болуы  үшін  соларды  басқаруға  компьютерді 
пайдалана отырып жүзеге асыруға болады.  
Сонымен  қатар,  информатика  пәнінен    өзіндік  жұмыстардың 
ұйымдастырылуы,  басқарылуы,  оның  компьютерлік  технология 
негізінде іске асырылуы өзіндік жұмысқа психологиялық кедергі бола 
алмайды.  Себебі  информатика  пәнін  оқытудағы  ерекшеліктің  бірі 
компьютерді әрдайым сабақта қолдану болып табылады.  
Өзіндік 
жұмысты 
компьютерлік 
технология 
негізінде 
ұйымдастыру  барысында  студенттердің  келесі  кәсіби  біліктері 
артады:  

өз білімін өздігінен үнемі жетілдіріп отыруға үйрену; 

зерттеу  жұмыстары  мен  оқыту  әдістемесінің  мазмұны, 
құрылымы туралы қажетті біліммен қарулану; 

әрбір  студенттің  зерттеу  жұмыстарына  деген  біліктілігі  мен 
оған дағдылану компоненттерінің қалыптасуы; 

алдыңғы айтылған ойлар негізінде зерттеу және практикалық 
жұмыстарға деген қызығушылықты жоғарылату; 

байыпты ойлау қабілетінің даму мүмкіндіктерін ашу. 
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда жұмыстың міндетін түсіндіру, 
орындар алдында бағыт – бағдар, түсінік – нұсқау беру, оқушылардың 
мақсатты  түрде  жұмыс  істеп,  оның  нәтижелі  жемісті  болуына  ықпал 
етеді.  Дұрыс  ұйымдастырылған  өзіндік  жұмыстардың  оқу  тәрбие 
процесіндегі мәні ерекше. Атап айтқанда: 

өзіндік  жұмыс  тапсырмалары  арқылы  оқушылардың 
информатика пәніне  деген қызығушылықтарын арттыру; 

оқушылардың  алған  білімдерінің,  дағдыларының  алдағы 
өмірлеріне қажеттілігі мен оны қолдана алуларына көздерін жеткізу; 


 
117 

оқушылар  істейтін  жұмыстардың  мақсатын  айқындап, 
жұмысты өз еркімен, ерік – жігерімен, қалауымен орындауы; 

оқушылар  істейтін  жұмысының  қорытындысын  шығарып, 
нәтижесін алады, ал бұл оқушы бойында жинақылық, белсенділік пен 
саналықты қажет етеді; 

мұғалімнің  нақты  тапсырмалар  беріп  жұмысты  орындаудың 
және  аяқтаудың  уақытын  белгілеуі  оқушыларға  өз  міндеттеріне 
жауапты  қарауға,  өз  уақытын  есептей  білуге,  жұмысын  жоспарлай 
білу дағдыларын дамытады. 
Өзіндік  жұмыстарға  оқушыларды  белсеңді  жұмылтыруға 
мұғалім меңгеруге тиісті үлкен шеберлік қажет. 
Карточкамен  жұмыс  жүргізу.  Карточка  көрнекіліктердің  бір 
түріне  жатады.  Онымен  жұмыс  істеген  өте  қолайлы.  Карточка 
негізінен  жеке  бір  оқушынының  білім  деңгейін  бақылауға  қолайлы, 
бірақ  оны  топпен  жұмыс  жасағанда,  нұсқамен  жұмыс  жасағанда  да 
қолдануға  болады.  Оқушы  карточкамен  жұмыс  орындағанда 
шығармашылық  жеке  тұлғасын  қалыптырады  және  ынтасын 
дамытады  және  алға  шығуға,  тапсырманы  дұрыс  орындауға 
талпынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет