Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Сыныптан тыс жұмыстың принциптері



Pdf көрінісі
бет129/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   191
4.2. Сыныптан тыс жұмыстың принциптері 
Сыныптан  тыс  жұмыстардың  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып, 
оған қойылатын талаптарды атап кетейік.
 
Сыныптан тыс жұмыс, оның бағыттарын, мазмұнын, формасын 
анықтау  кезінде  алғашқы  бастауларды  құрайтын  –  жалпы 
принциптердің негізінде жүргізіледі. 
Мақсатты  орнату  принципі    оқу-тәрбиелік  тапсырмаларды 
жоспарлауды,  қол  жеткізген  нәтижелерді  бағалауды  өткізілген 
жұмыстың жанжақты талдауды талап етеді. 
Сыныптан  тыс  жұмысты  ұйымдастырғанда  және  өткізгенде 
мақсаттың  болмауы  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  арақатынасты 
бұзатын  формализмді  туғызады,  ондай  жұмыстың  еш  тиімділігі 
болмайды  немесе  теріс  нәтиже  береді.  Бастар  алдында  күтілетін 
нәтижелерді  анықтап  алу  қажет.  Бұл  жалпы  әлеуметтік  тәжірибені 
меңгеру  және  құндылықтардың  позитивті  жүйесін  қалыптастыру 
мақсатына 
жетуге 
көмектесетін 
міндеттерді 
тұжырымдауға 
көмектеседі.  Ойластырылған  әр  шараның  тәрбиелік  міндеті  мен 
мақсатының айқын тұжырымдамасы болуы қажет. Сонымен қатар, әр 
жұмыстың маңыздылығы оқушыға анық болу керек.   


 
128 
Сыныптан  тыс  жұмыстың  өмірмен,  еңбекпен,  тәжірибиемен 
байланыс  принциптің  мәні  қоғамдық  өмірге  белсенді  қатысу 
арқасында,  әрбір  оқушыны  және  оқушы  қауымын  ұйымдастыру 
шындық ықпалымен жүргізуінде болады.  
Сондықтан  сыныптан  тыс  жұмыс  қоғамдық  пайдалы  бағытта 
болуы  керек.  Осы  информатика  кабинетіне  арналған  көрнекілік 
құралдар  мен  аспаптарды  жетілдіруде  және  құрастыруда,  бастауыш 
сынып  оқушыларымен  жұмысты  ұйымдастыруда,  информатиканы 
және  басқа  да  мектеп  пәндерін  оқытуға  арналған  педагогикалық 
бағдарламалық құралдарды жасауда көрініс табады. 
Оқу-тәрбиелік процестің тұтастық және бірлестік принципі – 
ең  алдымен  оқу  және  сыныптан  тыс  жұмыстың  үйлесімді  бірлесуін 
білдіреді.  Оқушының  жекеленген  ерекшелігін  ескере  отырып  
педагогикалық  үрдістің  осы  жақтарының  ажырамауы  –  оның 
тиімділігін  арттыруының  басты  шарты.  Осындай  байланыстардың 
мүмкіндіктері  сыныптан  тыс  әрекеттердің  мазмұнында  объективті 
қарастырылған.  
Оқу-тәрбиелік  процестің  тұтастық  және  бірлестік  принципі  – 
дидактикалық  принциптің  ғылымилығын,  оқыту  мүмкіншілігі  мен 
көрнекілігін,  теория  мен  тәжірибенің  байланысын  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  принцип  оқу-тәрбиелік  процестің  жас 
дәрежесінің  арасындағы  сабақтастықты  (бастауыш,  орта  және 
жоғарғы  сыныптар),  сонымен  қатар,  оқушылардың  дайындығы  мен 
алдыңғы даму деңгейін санауын талап етеді. 
Ұжымда  және  ұжым  арқылы  тәрбиелеу  принципі  –  тікелей 
оқыту  және  тәрбиелеу  мақсаттарынан  туындайды,  себебі  тұлға 
ұжымда  өзінің  қасиеттерінің  жан-жақты  даму  мүмкіндігін  алады. 
Сыныптан  тыс  жұмыс  әртүрлі  ұжымдық  қызметте  тұрақты  қатысуға 
арналған  үлкен  мүмкіндіктерді  ашады,  оны  ұжымның  қалыптасу 
заңдарын  және  оның  жеткен  даму  деңгейін  ескере  отырып 
ұйымдастыру керек. Ұжымның даму деңгейі мұғалім жағынан оларға 
жетекшілік  сипатын  айқындайды.  Ол  неғұрлым  жоғары  болса, 
соғұрлым  оқушының  өзіне-өзі  дербестік  беріледі,  соғұрлым  ұжымда 
оқушының өзін-өзі басқаруында айтарлықтай рөлі болады.  
Тәрбиелеу  үрдісінде  өз  әрекеттігін  және  белсенділігін  дамыту 
принципі  –  сыныптан  тыс  жұмыс  оқушылардан  белсенділікті  талап 
етеді  және  олардың  дербестігін  көрсету  үшін  жағдай  жасайды.  Олар 
өздеріне  өз  еркімен  сабақты  таңдайды,  оны  жоспарлауда, 
жоспарланғанды жүзеге асыру құралдарды және жолдарды анықтауға 
қатыса  алады.  Сондықтан  осы  әрекеттерді  жүзеге  асыру  үшін  бұл 
принцип  үлкен  мүмкіндіктерді  ашады.  Оқушылардың  даму  үрдісінің 


 
129 
барлық  сатыларында,  белсенділік  олардың  табиғи  үйлесімді 
қажеттілігі  екенін  естен  шығармау  керек.  Сондықтан  тәрбиелік 
жұмысты  сол  қажеттілікті  қанағатандыру  бағытында  құру  қажет. 
Оқушының барлық мүмкіндіктері қолданылса, тәрбие ойдағыдай бола 
алады. 
Оқушыларды өзіндік жұмыстарға дағдыландыру үшін сыныптан 
тыс сабақтардың мәні үлкен (стандартқа сай емес және қиын есептерді 
дербес  шығару,  мәліметті  және  баяндамаларды  дайындау  және  оқу, 
шығармашылық  жобаларды  дайындау  және  т.б.). Егер  сыныптан  тыс 
тапсырманы ойластыруды және жүзеге асырылуы оқушылар жағынан 
болса, онда олар өздерін еркін дербес сезінеді.  Осы жағдайда белгілі 
бір  «тәуекел»  деу  бар,  өйткені  оқушылар  осы  істі  жақсы  меңгере 
алмауы  да  мүмкін.  Сондықтан  сақтық  жасап,  оларға  әр  уақытта 
көмекке келуге дайын болу қажет. Есесіне, ең басты ұтыс – оқушылар 
дербестілік мектебінен өтеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет