Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Информатиканы оқыту құралдары



Pdf көрінісі
бет158/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   191
5.3. Информатиканы оқыту құралдары  
5.3.1. Информатиканы оқыту құралдарының құрамы  
Оқу  үрдісін  дұрыс  ұйымдастырудың  қажетті  компоненті  оқыту 
құралдары  болып  табылады.  Информатиканы  оқыту  кезінде  оқыту 
құралдарын  құрастыру  және  оларды  пайдалану  әдістемесі  мен 
теориясы бойынша білім айтарлықтай артады.  
Біріншіден,  оқулықтардың  көптеген  авторлары  информатиканы 
компьютерлік  техниканың  көмегімен  ақпаратты  түрлендірудің  және 
пайдаланудың түрлі аспектілерін зерттейтін ғылым деп  түсіндіреді. 
Екіншіден,  информатика  курсында  компьютер  оқу  әрекетінің 
құралы  және  зерттеу  объектісі  ғана  емес,  оқыту  құралы  ретінде  де 
қолданылады.  
Соңғы  кездері  оқыту  құралдары  түбегейлі  өзгеріп  кетті: 
олардың  құрамына  электронды  оқулықтар,  Интернет  құралдары, 
мультимедиа,  педагогикалық  бағдарламалық  құралдар  (ПБҚ)  және 
т.б.  енді.  Мульти-медиапроектормен  электронды  тақтаны  және 
Интернетке шығу тетігі бар компьютерді пайдаланып сабақ жүргізетін 
бүгінгі  мұғалім,  үйреншікті  «бор  технологиясын»  пайдаланатын 
әріптесінен басым түсетіні айдай анық.  
5.2-суретте 
ұсынылған  сызбада  информатиканы 
оқыту 
құралдары  мына  топтар  бойынша  жіктелген:  оқытудың  техникалық 
құралдары  (ОТҚ),  бағдарламалық  қамсыздандыру,  ақпараттық 
құралдар (баспа және электронды), материал құралдары [27]. 
Оқыту  құралдарын  пайдаланып  сабақ  өткізу  әдістемесі  
(Л.П. Прессман
1
): 
а) сабақ  мақсатын,  оның  мазмұнын,  материалды  оқыту 
логикасын сараптау;  
б) оқушылар меңгеруі тиіс басты элементтерді бөліп алу;  
в) оқу  материалын  құрылымдық-мағыналық  блоктарға  бөлу, 
бұрын  оқытылған  материалмен  байланысын  анықтау;  оқыту 
құралдарын пайдалануды қажет ететін топтарды анықтау;  
г) қажетті оқыту құралдарын таңдау және құру; 
д)  оқыту  құралдарының,  сондай-ақ  оларды  пайдалану  арқылы 
оқушылардың  танымдық  қызметін  ұйымдастыратын  әдістер  мен 
амалдардың рөлін және орнын анықтау. 
Біздің  ойымызша,  ұсынылған  алгоритм  сабақ  жоспарының 
құрамдас бөлігі болуы тиіс. 
                                                 
1
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет