Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


процесіндегі  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет20/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   191
процесіндегі  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  мен 
информатика  негіздерін  меңгеруді  бірнеше  кезеңге  бөлу  қажеттілігін 
туындатты.  
Сонымен  орта  мектепте  информатикадан  үздіксіз  білім  беру 
мақсатында  оны  оқыту  төменгі  сатыларға  түсірілді.  11  жылдық 
мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш 
кезеңді қамтиды: 
• Бірінші  кезең  (I-VІ)  –  пропедевтикалық.  Бұл  кезеңде 
оқушылар  компьютермен  алғаш  танысады,  ойын  бағдарламаларын 
және  қарапайым  компьютерлік  жаттықтырушыларды  математика, 
физикада    және  т.б.  сабақтарда  қолдануда  ақпараттық    мәдениеттің  
алғашқы әлементтері қалыптасады. 
• Екінші  кезең  (VІІ-ІХ)    –  негізгі  курс,  оқушылардың 
информатикадан  жалпы  білім  алуы  негізін  қамтамасыз  етеді.  Ол 
оқушылардың  есептерді  шешудегі  ақпараттық  технологияның  әдіс- 
тәсілдерін  меңгеруге,  кәсіптік,  оқу    әдістеріне    компьютерді  тиімді 
және саналы қолдануға дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 
• Үшінші кезең  (Х-ХІ) – оқушыларды информатика саласында  
қызығушылығына  байланысты  және    кәсіптік  дайындық  бағыттары 
көлем бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретінде білімнің жалғасуы.  
Оқушылардың  информатиканы  ертерек  үйренуіне  байланысты 
мектептегі  барлық  оқу  пәндерін  оқып-үйренуде  жаңа  ақпараттық 
технологияның  әдістері  мен  тәсілдерін  жүйелі  қолдану  мүмкіндігі 
жоғарылайды. 
Міне,  бұл  фактор  информатика  саласында  оқушыларға  білім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет