Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Лекция 28. Бүйректер және басқа сыртқа шығару мүшелерінің қызметі



бет110/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Лекция 28. Бүйректер және басқа сыртқа шығару мүшелерінің қызметі


Лекция жоспары:
1.Зәр шығару және оның реттелуі.
2. Терінің құрылысы мен қызметі.
3. Терінің қызметі.


1. Зәр шығару және оның реттелуі
Зәр бүйректе үздіксіз түзіледі. Нағыз зәр жинағыш түтікшелерімен жылжып бүйрек астаушасына құйыладыда, ол жиырылғанда зәрағарға өтеді. Зәр ағардың толқынды жиырылуы нәтижесінде сикундына 2-3см жылдамдық пен жылжып, зәр қуыққа жиналады.
Қуық - зәр уақытша жиналатын қуыс мүше. Оның қабырғасының етті қабаты 3 бағытта орналасқан ет талшықтарынан тұрады. Оның ортанғы қабаты сақинаша, ал ішкі және сыртқы қабаттары бойлама еттерден құралады. Қуық бос болған кезде оның қабырғасының қалыңдылығы 1,5см, ал ол зәрге толып, керілген кезде - 2-3 мм-ге дейін жұқара созылады. Біріңғай салалы ет талшықтарының ерекше кернеуді өзгертпей жиырылатын қасиетімен байланысты зәр көп жиналып қуық қанша керілседе, оның ішіндегі қысым аса көп көтерілмейді.
Қуықтан зәр шығару түтігі басталар жерде сақинаша ет талшықтары ішкі қысқыш құрайдыда, ол зәр шығару өзегін жауып тұрады. Ал зәр шығару түтігінің ұзына бойында орналасқан көлденең жолақ ет талшықтары қуықтың сыртқы қышқышын құрайды.
Зәр шығару рефлекс түрінде атқарылатын үдеріс. Қуықта жиналған зәрдің қысымынан қуықтың кәлегейлі қабығы мен етті қабатында орналасқан рецепторлар тітіркенеді. Тітіркеніс орталыққа тепкіш жыныс нервтері арқылы жұлынның құйымшақ бөлігінде орналасқан зәр шығару орталығына беріледі. Орталықтан қозу импульсі орталықтан тепкіш симпатикалық және пара симпатикалық нервтермен қуық етіне, қуық қысқышына, зәр шығару өзегінің еттеріне бағытталады.
Зәр шығару орталығынан қуыққа импульс паросимпатикалық нервпен (жамбас нерві) бағытталса, қуық еттері жиырылып, қысқышпен зәр шығару өзектерінің еттері босаңсиды да, зәр шығарылады. Ал импулс қуыққа шажырқайлық түйіннен басталатын симпатикалық нерв (құрсақ нерві) арқылы бағытталса, қуық еттері босансып, қысқышпен зәр шығару өзегінің еттері жиырыладыда, зәрдің шығарылуы тоқтап, ол қуыққа жиналады.
Қалыпты жағдайда тәулігіне адам - 1-1,5 л, жылқы - 5-10л, ірі қара - 6-20л, қой - ешкі - 0,5л, шошқа - 2-5л, ит - 0,5-2л зәр шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет