Гормон – жоғары биологиялық активті зат, эндокриндік бездер арқылы синтезделіп, ағзаның ішкі ортасына бөлінеді, заттар алмасуына реттеуші әсер беретін заттар.
Эндокриндік без – негізгі қызметі гормондарды ішке секреттеу болып табылатын, бөліп шығаратын түтікшесі болмайтын, анатомиялық құрылым. Оларға жатқызылады: - гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, бүйрек үсті безі (милық, қыртыстық бөлігі), қалқанша маңы безі, жыныс бездері.
жай протеиндер: инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин;
күрделі протеин (гликопротеидтер): тиреотропин, фоллитропин, лютропин
стероидтық гормондар: олар кортикостероидтар (альдостерон, кортизол, кортикостерон) және жыныс гормондары – андрогендер (тестостерон), және эстрогендер мен прогестерон.