Тақырыбы: Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын салыстырмалы талдау


Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің түсінігі



бет2/10
Дата29.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#88392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚазҰУ Жерге орналастыру 3 курс Жалын тобы

1. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің түсінігі
Ауыл шаруашылығы қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер деп аталады. Aуыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдар, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер сондай-ақ басқа да алқаптар жатады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97-бабы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер ретінде бекітіп берген. Бұл жер санаттарының ішіндегі ең негізгі жер санаты болып табылады. Оның басты ерекшелігі болып жердің өндіріс шикізаттары мен адамдар мен жан-жануарларға қажетті азықтардың басты құралы болып табылатындығында. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер өздерінің асқан бір маңыздылығына орай ерекше қорғалуды қажет етеді. Осы аталған жерлердің құқықтық режимін қарастырмас бұрын, "жердің құқықтық режимі" дегеннің өзі не екендігін анықтап алу ете бір үлкен маңыздылыққа ие болып табылады. Қарастырылып жатырған проблеманы толықтай ашу үшін "құқықтық режим" түсінігінің мазмұнын ашу қажет.
Жердің негізгі жіктелуіне сәйкес ауыл шаруашылығы саласының барлық жерлері мынадай түрлерге бөлінеді:

  • егістік;

  • жайылымдар;

  • шалғындар;

  • көпжылдық дақылдардың екпелері ұйымдастырылған аумақтар;

  • жүзімдіктер;

  • шабындықтар;

  • бақтар және т. б.

Егiстiк - жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскелерi, сондай-ақ сүрi жер. Алдын ала егiлетiн дақылдардың егiстiгi орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлi жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ бақтардың егiске пайдаланылатын қатар аралығы егiстiкке жатпайды.


Тыңайған жер - бұрын егiстiк құрамында болған және күзден бастап бiр жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзiрленбеген жер учаскесi.
Көп жылдық екпелер - жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендiруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелерiне пайдаланылатын жер учаскелерi.
Табиғи шабындықтар – шөп шабу үшін жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi. Түбегейлi жақсартылған шабындықтар – шөп егу арқылы жаңа шалғын өсірілген шабындық учаскелерi.
Жайылым – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда, жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға рұқсат етіледі.
Түбегейлі жақсартылған жайылымдар – көпжылдық шөптердің шығымдылығы жоғары соттарын егу арқылы жаңа шалғын өсірілген жайылым учаскелері.
Суландырылған жайылымдар - тиiстi мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегендi құдықтар) бар жайылымдар.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер:
1. Меншік нысанына қарамастан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарына,ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, басқа д- тауарлық ауыл шаруашылығын жүргізу үшін;
2. Азаматтарға-шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін;
1. Ғылыми – зерттеу институттарына, оқу орындарына-зерттеу үшін,
оқу мақсаттары мен ауыл шаруашылығын жүргізу,
2. Ауыл шаруашылығы емес кәсіпорындар мен ұйымдарға, діни ұйымдарға қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін беріледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрамы жоғары жер заңнамасымен бекітіледі және ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығын оңтайландыру үшін учаскелердің мынадай сорттарын қамтиды:

  • ауыл шаруашылығы алқаптары;

  • коммуникациялық құрылымдар орналасқан аумақтар;

  • жабық су айдындарының аумақтары;

  • ішкі шаруашылық жолдары орналасқан учаскелер;

  • ағаш немесе бұта өсімдіктерінің екпелерін қамтитын аймақтар. Мұндай екпелер аумақтарды табиғи, техногендік, стихиялық және антропогендік факторлардың әсерінен қорғауға арналған;

  • аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кез келген түрін өндіруге, сақтауға және бастапқы өңдеуге арналған құрылыстар, ғимараттар, құрылыстар мен құрылыстар орналасқан учаскелер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет