Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселелерімен шұғылданушы педагог – ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерінде табиғат тәбие құралы ретінде орын алады. Тәлімгердің «балабақшадағы тәрбие бағдарламасына» сай қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары «Біздің кітап» (1 – 11) деген атпен хрестоматиялық құрал болып, біріншісі 1974 жылы, екіншісі 1976 жылы, кейін өңделіп 1984жылы жарыққа шықты. «Біздің кітапқа» еңген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық.
«Біздің кітапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгі түн», «Жыздың күні» т.б. балалардың жыл мезгілі жайында алған білімдерін бекіту мақсатында қолдану тиімді, қазақ жазушыларының бір топ өлең – тақпақтары еңген.