ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Хост желісінің деңгейі
Пән: Java бағдарламалау тілі
Орындаған: Аманжол Жұлдыз
Тексерген: Айтуғанова Жамиля.
Топ: ИС 20-13
Алматы, 2023ж
Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.
Желінің өте көп қолданылуынан өндірушілер желілік компоненттерді және желілерге бағытталған программалық жабдықтамаларды ұсынады. Өндірушілер желілік есептермен өнімдерді өндіруінде өздерінің спецификацияларын қолданады. Бұл спецификациялар бір-біріне тәуелді болмауы мүмкін. Күнделікті өмірде біз қарым-қатынас ережелерін сақтаймыз. Мысалы телефонда сөйлесуде, бір уақытта сәйкесінше бір адам ғана сөйлейді. Егер екі адам бір уақытта сөйлессе бір-бірінің не туралы сөйлегендерін ұқпас еді. Бұл мысалда желіде лайықты қатынас болу үшін келісілген және қабылданған ережелер жиынтығы қажет. Ережелер немесе келісімдердің стандартты жиыны протокол деп аталынады. Протоколдарды өндірушілер немесе желілік стандарттар бойынша ұжымдар өндіре алады. Протокол ұсынылған, өндірілген және тексерілгеннен кейін, ол стандарттау ұжымынан қолдау табуы қажет.
Протокол деңгейі немесе эталондық модель протоколдарды жасауда өндірушілер орындайтын нұсқаулар жиынтығы. Сондай-ақ модемдер бір компьютерден басқаларына мәліметтер беруінде қажетті қызметтерді анықтайды. Сонымен қатар эталондық моделдер күрделі желілік функцияларды түсінуге көмектеседі. Біздің қарастырғалы отырған сондай моделдердің бірі OSI және оның TCP/IP сәйкестігі. Бұл моделдің жұмыс жасау ережелері мен ақпаратты бір-біріне ауыстыру деңгейлерін ашып, салыстырамыз. Жүйелердің байланысуын деңгейлерге бөліп және әр деңгейдің сауалдарын жеке қарастырады. OSI — моделі операциялық жүйе, жүйедегі программалар, жүйенің аппараттық құрылғыларын іске асыратын қызметтерді қарастырады. Тұтынушылардың қолданбалары арасында байланыс қарастырылмайды. Тұтынушы қолданбалары OSI деңгейлеріне сұрау жолдап байланысуы мүмкін немесе жасаған программалары арқылы OSI-дің бірнеше деңгей жұмыстарын өзі іске асыруы мүмкін. OSI моделінде әр деңгейдің деректерін протоколды деректер блогы деп те атайды. Белгілі деңгейлердің деректер блогын белгілеуде кадр (frame), пакет (packet), дейтеграмма (datagram), сегмент (segment) деген аттарда қолданады.
OSI моделінің жеті деңгейіне тоқталып, жұмыс жасау ережелерін қарастырайық.
Қосымша деңгей бұл ең жоғарғы деңгей. Қосымша деңгей қолданушымен желі арасында өзара интерфейсті қамтамасыз етеді: деректерді базаға жалғау, электронды почтамен жұмыс істеу, файл орындарын ауыстыру, қолданушы мен желі арасындағы көптеген программалық қамтымаларды, соңғы қолданушыға дейінгі байланысу буындарын қолдайды. Осылайша, желілік қосымша протоколдар әрқашанда осы деңгейде болады. Әр түрлі компьютерлерде орналасқан қолданбалар қатынасын бір компьютерде істегендей қамтуға мүмкіндік береді. Программист желіге жасаған қолданбалары осы деңгеймен байланысады. Ол қажет болса тапсырманы төмен стекпен жібереді. Тұтынушы қолданбасы OSI — моделін қолданғанда бірінші қосымша деңгейіне сұрау жібереді, мысалы файлдар қызметіне. Осы сұрауға байланысты қосымша деңгейі хабарлама (message) құрастырады. Хабарлама екі бөліктен тұрады: бас тақырыбы мен деректер жиыны. Бас тақырыбында хабарламаны алатын машина — адресатқа арналған қызмет ақпараты сақталады. Ақпарат мазмұны файлдың орналасқан жері мен онымен істелетін жұмыс болуы мүмкін. Хабарламаның деректер бөлігі бос немесе алыста орналасқан файлға жазуға ұсынылған деректер болады. Қосымша деңгейі хабарламаны құрастырып болған соң оны ұсынылатын деңгейге жібереді.
Ұсынылатын деңгей хабарламаны алған соң, оның бас тақырыбын оқып, қажет болған шараларды орындап, бас тақырыбына алушы компьютердің түсінісу деңгейіне арналған өзінің қосымша қызмет ақпаратын қосып төменгі сеанс деңгейіне жібереді. Нәтижесінде бұл деңгей деректердің арасында әртүрлі программалық және ақпараттық жоспарда деректі беруде қолданылатын түрлі форматтарды қамтамасыз етуге қызмет атқарады. Мыс: бір түйінде символды беруге бір байт, басқа түйінде екі байт қолданылса, Ұсынылатын деңгей екі түйін арасында болған деректердің алмасуында мәнді қызмет атқарады. Қажет жағдайда Ұсынылатын деңгей деректер пакетін қысады және кері айналдыруы мүмкін. Нәтижесінде компьютердің қайта жүктелуі желілік траффикті төмендетеді. Ұсынылатын деңгей деректерді кодтауда және қайтадан кодтауда қажетті қызмет атқарады және деректерді беру уақытында оның қорғалуын қамтамасыз етеді. Бүл деңгейде желі редиректоры жұмыс істейді. Редиректор арқылы клиент серверде орналасқан файлдарды көре алады, алыстағы қосылған принтер жұмысын қасында орналасқандай қолданады.
Сеанстық деңгейде екі байланысатын түйіндердің бірігуі қойылады, басқарылады және синхронизацияланады. Екі түйін өзара байланыс сеансын қойғаннан кейін бір-бірімен ақпарат алмаса алады. Бұл екі түйіннің өзара логикалық байланысы. Сеанстық деңгейде деректер жиынын бағыттауды басқаруға болады. Бағытталған деректер жиынына сәйкес, сеанс мынадай түрде болады:
Симплексті: тек бір түйін бір ғана уақытта мәліметті беруді жүргізуі мүмкін.
Жартыдуплексті: Бір түйін деректі береді, осы уақытта басқа түйін қабылдауы мүмкін. Бірақта екі түйінде берілуді бір уақытта жүргізе алмайды.
Дуплексті: Екі түйінде бір уақытта деректі береде, қабылдайда алады.
Транспорттық деңгейде берілетін деректер сегменттерге бөлінеді және барлығы қайтадан жинақталады. Егер жоғарғы деңгей деректердің үлкен пакетін генеирлесе, ал Транспорттық деңгей пакеттерді кішкене сегменттерге бөледі және соңынан төмен деңгей түрінде қабылданады. Басқа жағдайда төмен деңгей Транспорттық деңгейге кішкене сегменттерді береді. Мұнда бұл сегменттер үлкен пакетке жинақталады, бірігеді. Дегенмен Транспорттық деңгей сегменттеу мен деректерді жинақтаумен айналыссада, ол сегменттердің дұрыс берілуін, яғни әр деректер жиынының дұрыс қойылуын тексереді. Транспорттық деңгейде қателікті бақылау қызметі қамтылған. Егер пакет берілуде жоғалса, онда Транспорттық деңгей оны анықтап интервал арқылы береді. Транспорттық деңгейде сегменттерді деректерді беруді бақылау соммасы қосылады. Бақылау соммасы сегменттің деректі беруде бүліну фактасын айқындауда қолданылады. Егер сегмент бүлінсе Транспорттық деңгей сәйкес сегментті қайтадан береді. Транспорттық деңгей мына функцияларға жауап береді:
Сегментте деректерді ұйымдастыру немесе үлкен сегменттерді әлде қайда кішкенеге бөлу.
Сегменттерді адрестеуге жеткізу.
Қателіктер бақылауын қамтамасыз ету.
Желілік деңгейде әр желі түйінінің бірегей адрестелуі қамтамасыз етіледі. Түйіннің бірегей адрестелуінің байланыс каналы деңгейінің адрестеуінен айырмашылығы біріншісінің бір локалді желілер байланысында қолданылуы. Бірақта, егер А желілік түйініне В желілік түйіні байланысуы қажет болса, онда бұл каналдық байланыс деңгейінің адресациясын қолдануда мүмкін емес. Әртүрлі желілер байланысында желілік деңгей адрестеуінің арнайы схемасы қолданылады және логикалық адрестеу деп аталады. Екі бөлек желідегі екі түйінді байланыстыруда осы желілік деңгейде қамтылған бұл түйіндердің логикалық адрестеулері қажет. Желілік деңгей барлық желінің мүмкін маршруттарына жетуін және түйіннің желіге жетуіне дұрыс жолды анықтауға жауап береді. Бұл процесс маршруттау деп аталады.
Желілік деңгей мына функцияларға жауап береді:
Желі түйінінің уникалды желілік адресімен қамтамасыз етеді.
Деректерді желімен беруі.
Желілік траффикті басқару.
Маршрутты талдау және тандау
Арна деңгейі желінің кез-келген түйінінің иденфикациялық бірегей қамтамасыздандырылуы. Сондықтан мұнда желілік адрес қолданылады, яғни бұл мақсатта әр түйіннің әр желілік картасының аппараты кодталады. Бұл деңгей деректі берудегі қателікке жауап бергенімен, оны жөндеуге жауап бермейді.Арна деңгейі байланысы екі түрге бөлінеді:
Деректі беру ортасын рұқсатпен басқару: бұл ішкі деңгей желі түйіндерінің өзара бірігуіне көмектеседі және ол түйіннің физикалық адресі – Mac address туралы анықтама береді.
Логикалық бірігу арқылы басқару – LLC : бұл ішкі деңгей желінің екі түйінінің өзара қатынасын логикалық байланыс арқылы ұйымдастырады және басқарады. Желінің ішкі қателіктерімен ағымдарына бақылау жасайды.
Арна деңгейі деректерді берудің келесі аспекттеріне жауапты:
Желінің әр түйінінің бірегей идендификациясын қамтамасыздандыру.
Физикалық деңгейден кадрлар деп аталатын топтарға өрнектелетін деректер биттері.
Деректі беру жолында пайда болатын қателерді анықтау.
Деректер пакеттерінің ағымдарын – кадрлармен басқару.
Физикалық деңгей деректерді канал-байланыс құрылғылары бойынша беруге жауапты. Байланыс құралдары сигнал түріндегі деректерді берудің физикалық жолдары болып табылады. Физикалық деңгей деректерді беру кезінде оны бит жиынтығына өрнектейді және осы биттер жиынтығын байланыс каналдарына орнатады, бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді. Ол ақпараттық мәнін тексермейді, тек (0,1) сигналдарын физикалық және электр сипаттарын анықтайды, желінің байланыс контактарының қызметін, деректерді синхронизациалау амалын, желі адаптердің ақпаратты тасымалдау мүмкіндігін периодты түрде бақылайды. Сонымен қатар бұл деңгей физикалық құрылымның –желілік топологиясын орнатуына жауапты. Физикалық деңгей ақпарат тасымалдаушымен байланыста болса да тасымалдауыш түрі берілмейді/анықталмайды. Физикалық деңгей компьютермен желі тасымалдауышпен байланыс жасайтын элементтерге жауапты:
Бірнеше нүктелі, екі нүктелі және желінің байланыс типтері.
Желінің физикалық топологиясы.
Аналогты және сан сигналдарды тасымалдау амалдары.
Жіберуші мен қабылдаушының ақпаратты жазу мен оқу кезінде биттерді синхронизациалау.
Бірнеше арналарды бір арнаға біріктіруі, яғни мультиплексия.
Кабельде сигнал шағылысып, сигналмен пакеттерді бұрмалауға әкелетін жағдайларды болдырмауды, желі жолдарына түсетін тапсырмаларды үйлестіру.
Егер екі бірдей деңгей бір-бірімен байланысқысы келсе, Қосымша деңгейде қабылдаушы жағына дерек өрнектеледі. Бірақта екі Қосымша деңгей тіке байланыса алмайды. Нәтижесінде дерек Ұсынылатын деңгейге келеді, ал бұл деңгей дерекке өзінің жеке бөлігін қосады және әрі қарай дерек Сеанстық деңгейге беріледі. Сеанстық деңгей өзінің кезегінде жеке бөлік қосады және дерек әрі қарай Транспорттық деңгейге келеді. Осылайша әр деңгей өзінің кезегінде бөлік енгізіп, өзінен кейінгі деңгейге деректі беріп отырады. Бұл деректің битке конвертирленуі және Физикалық деңгейдің байл ортасына жетуі.
Достарыңызбен бөлісу: |