Тақырыбы: Кіріспе. Зақымдану. Компенсаторлық-бейімделу реакциялары


Стромалық-қан тамырлық дистрофиялар



бет12/23
Дата10.05.2022
өлшемі44,83 Kb.
#33944
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Стромалық-қан тамырлық дистрофиялар.

Стромалық-қан тамырлық дистрофия ағзалар стромасы мен қан тамырларының кемерін түзуші дәнекер тінде зат алмасуының бұ-зылуымен сипатталады.

Зат алмасуының бұзылу түрлеріне қарап: белоктық, майлы және көмірсулық стромалық-қан тамырлық дистромалар деп бөлінеді.

Белоктық стромалы-қан тамырлық дистрофияларға: мукоидты ісіну, фибриноидты ісіну, гиалиноз және амилоидоз кіреді.

Мукоидтық ісіну деген түсінікті ғылымға акад. А.И.Струков (1961) кіргізген. Бұл процестің негізінде дәнекер тін құрылысының үстірт бұзылуы жатады. Коллоген талшқтары ісініп, түтеленіп, бір-бірінен алшақтайды, дәнекер тіннің негізі затында глюкоза-мин-гликандар жиналады.

Мукоидтық ісіну ревматизм тобына кіретін ауруларда көбіре кез-деседі. Бұл процесс дәнекер тіннің толық қайта қалпына келуімен аяқталады немесе ол фибриноидтық ісінуге өтеді. Пикрофуксин бояуымен бояғанда осы тін қып-қызыл боялудың орнына қызғылт-сары түске боялады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет