Тақырыбы: Мектептегі инновациялық процестерді басқару


Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. Модификациялық инновация



бет4/5
Дата14.03.2022
өлшемі48,89 Kb.
#27948
1   2   3   4   5
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. Модификациялық инновация

  • педагогикадағы əдіс-тəсілдерді жетілдіру. Мысалы, А.С.Макаренконың қиын балаларды тəрбиелеу əдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды [3]. Комбинаторлық инновация — белгілі əдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту əдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі. Инновациялық іс-əрекет — қоғамның əлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер əкелетін іс-əрекет. Əрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-əрекетін саналы түрде өзгертеді. Инновациялық процестің кезеңдері:

  • иновацияның себептері;

  • жаңалықты жобалау;

  • жаңалықты жүзеге асыру.

Инновациялық іс-əрекетке орта да əсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дəлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн.

Педагогикалық инновациялардың жаңаруы білімнің қалыптасуындағы процесс ретінде анықталады. Ол материал идея, əрекет, форма, əдіс, концепция, қайта құру бағдарламасы ретінде пайдаланылады. Жəне де материалды қолдану жолдары, қазіргі замандық шарттардағы енгізулер үшін таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Алайда педагогикалық инновацияларды жаңалықтардың оқу-тəрбие процесіне ену ретінде қарастыруға болады. Бұл жаңалықтың енгізілуі немесе жақсарту мақсатындағы өзгерісте болуы мүмкін. Мұндағы жаңалықтың енгізілуі мүлдем жаңа нəрсе болуы шарт емес, бірақ бұл қазіргі заман жағдайындағы жақсы нəрсе болуы тиіс, яғни қазіргі заманға сай алдыңғы қатарлы жаңалық болуы керек. Мысалы, Н.Г.Осухова мен В.А.Рахматшаеваның [4] пікірлері бойынша, «инновация» термині тек жаңа нəрсе ғана емес, сонымен қатар көкейкесті ұғымы енгізілу керек. Бұл өзгерістердің белсенді, əрі жағымды сипатын ғана емес, олардың əлеуметтік қажеттілігін де білдіреді.

Белгілі И.М.Паталиник [5]: «Инновация — оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа əдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі», — деген, ал Н.Ф.Талызина [5]: «Иновациялық технологияларды қолданудың негізгі міндеті — сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді əдістерді таңдай білу» деген анықтама береді.

Ал М.С.Бургин [6] педагогикалық инновациялардың мынадай бес түрін көрсетеді: жаңа, локальдi мүлдем жаңа, шартты жаңа, нормативті жаңа жəне субъективті жаңа түрі. Бұл ғалым жаңалықтың мынадай келесі сипаттарын көрсетеді: нəрсенің басқада қайталануы, нəрсенің мəнсіз өзгерістерімен қайталануы, нəрсенің нақтылануы мен жаңа элементтерімен толықтырылуы жəне жаңа сапалы объектінің пайда болуы.



К.Ангеловски [7] өз зерттеулерін француз, америка ғалымдарының еңбектеріне сүйеніп жүргізеді. Біз автордың бұл көзқарастарын жақтаймыз. Мысалы, автор өз еңбегінде француз ғалымы Э.Брансуик [7] еңбегін талдап, оның инновацияны мынадай үш түрге бөліп қарастырғанын көрсетеді:

  1. Жаңалық ретінде, білім беру жүйесіндегі толығымен жаңа, бұрын мүлде белгісіз болған идеялармен іс-əрекеттер болады.

  2. Ең көп кездесетін бейімделуден өткен, кеңейтілген жəне қайта өңделген, белгілі ортада, белгілі кезеңде өте қажетті идеялармен іс-əрекеттер.

  3. Педагогикалық жаңалықтар мынадай жағдайда дүниеге келеді: мақсатты қайта қоюға байланысты бұрын болған істер қайта жаңарады. Өйткені жаңа жағдайлар бұлардың нəтижесін жəне белгілі жағымды идеялардың нəтижелеріне келу болады.

Сонымен, жаңа жағдайда пайда болатын педагогикалық инновациялар мақсаттардың қайталануына қарамастан, ертеректегі кейбір оларға кепілдік беретін əрекеттерді тудырады.

А.О.Мұхаметжанова [8] берген мақаласында: «Жоғары оқу орнынан бастауыш сынып мұғалімі рухани дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, кəсіби дағдыларды, педагогикалық дарындылықты бойына сіңірген жəне жаңашылдыққа құштарлығы басым маман болып шығуы тиіс; əлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу мақсаты қойылып отырған қазіргі кезде білім беруші, пəнді оқытушы бастауыш сынып мұғалімінің орнына жаңа педагогикалық технологияларды, оқытудың ақпараттық құралдарын, тəрбиенің жаңа нысандарын, зерттеушілік жəне ізденушілік қызмет дағдыларын меңгерген кəсіби білікті педагог келуге тиісті», — деп атап өткен. Автор болашақ мұғалімдерді педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау жолдарын, əдістемесін көрсетіп, педагогикалық инновацияны игеру жолдарын былайша талдаған.

I-үлгі:


  1. Педагогикалық инновациямен танысу.

  2. Ауыл мектептерінде пайдаланылатын педагогикалық инновацияны талдау.

  1. Педагогикалық инновацияның шешілу жолының анализі.

  2. Педагогикалық инновацияны игеру жолын таңдау, ұйымдастыру.

  3. Шешімнің салдарын болжау.

  4. Сынақ (қабылданбауы мүмкін). II-үлгі:

  5. Педагогикалық инновациямен танысу (алғашқы ақпарат).

  6. Педагогикалық инновацияға қызығушылықтың пайда болуы. Қосымша əдебиеттерді, жаңа технологияларды, жаңа əдіс-тəсілдерді, жаңа идеяны іздестіру.

  7. Ауыл мектептерінде пайдаланылған педагогикалық инновацияны бағалау жəне шешімін шығарып көру.

  8. Сынақ (қабылданбауы мүмкін).

Автордың берген талдауымен келісіп, мынадай ой түюге болады. Жалпы болжам бойынша, бұл өзгерістер қазіргі замандық жағдайлардағы жаңалық болуы тиіс. Бірақ ол əрқашанда толығымен жаңа идеялар немесе формалар бола бермейді. Кейбір мақсаттық түрде бағытталған өзгерістер жөнінде инновациялар деп айта алмаймыз. Егерде олар бір кездері бір жерде пайда болып, бірақ дəл қазіргі сəтте берілген ортада олар ерекше мəнге ие болып, оқу-тəрбие процесіндегі субъектілердің тұлғалық дамуын қалыптастыра алады.

Ғалым Ш.Т.Таубаева [9]: «Югославия ғалымдарының келтірген үлгілерінен жаңалықты оқыту формасына, əдістемесіне, білім беру құралдарына, оқыту мазмұнына, алған білімді бағалауына, білім беру мақсаты мен міндетіне, тəрбие жүйесіне, мұғалім мен оқушы қатынасына байланысты жіктеуге болатындығын айқын көруге болады», — деп көрсетеді.

Ғылыми шығармашылық ізденістің тек басында не аяғында немесе ол тұтас педагогикалық процеске толығымен енеді. Сондықтан педагогикалық инновация үздіксіз ғылыми-зерттеу қызметін талап етеді.

Мұғалімнің инновациялық іс-əрекетке даярлығын қалыптастырудағы инновациялық білім мазмұны жаңа білімді меңгерудің, оқытуды ұйымдастырудың əр түрлі формалары мен əдістері арқылы жүзеге асырылады.

Мұғалімдерге педагогикалық инновациялық білім берудің формаларына: арнайы инновациялық курстар, семинар-конференциялар, педагогикалық тренингтер, инновациялық педагогикалық оқулар мен форумдар, ғылыми жобаны қорғауға арналған əр түрлі байқаулар мен жарыстар жəне т.б. жатады. Инновациялық білім беру əдістеріне: əңгімелесу, пікірлесу, талқылау, жаттығу, сұрақ-жауап, миға шабуыл жəне т.б. эвристикалық əдістер жатады. Инновациялық білім беру құралдары: аудио-, бейнеқұралдар, компьютер, интерактиві тақта, Интернет, компьютерлік-мультимедиалық құралдар, электрондық оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешен, медиатека, инновациялық ақпараттық қор, инновациялық веб-сайт жəне т.б.

Озат тəжірибені зерттеу жəне оны тұтас педагогикалық процеске енгізу қажырлы еңбекті, терең сауаттылықты, өз пəніне еркін иелік етуді, теория мен практиканың дамуында үнемі жаңалықты біліп отыруды талап етеді. Мұғалім озат педагогикалық идеяларды жəне жаңашыл мұғалімдердің тəжірибесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етіп, жетілдіріп дамытады.

Осы айтылғандарды қорыта келе, біз алдыңғы қатарлы тəжірибе педагогикалық қызметте бағдарланған, тиімді тəжірибесі деген ойға келдік. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибе оқу- тəрбие процесіндегі кейбір ескірген дəстүрді ұйымдастыру түрлеріне сын көзбен қарап, тəжірибе қажеттілігіне сəйкес жаңа мəселелер тудырып, үйреншікті тəжірибенің шеңберін кеңейтіп, тереңдетіп отырады. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибе — бұл прогрессивті тəжірибе. Яғни, оның болашағы зор.

Педагогикалық жаңалықты практикаға енгізу қызметін басқару бұл жұмысқа автордың қатысуын жоққа шығармайды, қайта оның дербес шығармашылық мүмкіндіктеріне ынталандырып, қабілетін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Осылайша жоғары оқу орындарына жағдайында педагогикалық инновацияны жасаушылар мен насихаттаушылардың күші біріктіріледі. Нақты практикада инновациялық процестердің сипаты алынған нəтиженің мазмұнымен, енгізілуге тиісті жаңалықтың күрделілік деңгейімен, сол сияқты практиктердің инновациялық қызметіне дайындығының деңгейімен ерекшеленеді.

Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тəжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: жаңашылдық, тиімділік, жоғары нəтижелік, бұқаралық тəжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі.

Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тəжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық процеске араласқысы келетін оқытушы қолға алған жаңалығының мəнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы қажет. Біреулер үшін жаңалық болып табылатын құбылыс екіншілер үшін олай болмауы мүмкін. Осыған байланысты оқытушыларды инновациялық процеске тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшелігін, дербестік-психологиялық мінездемелері ескерілуі тиіс. Жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, локальді-абсолютті, шартты, субъективті, танымалдық деңгейі жəне қолдану аймағы бойынша. Критерийлер жүйесіндегі оптималдық нəтижеге қол жеткізу оқытушы мен студенттің жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тəсілінің тиімділігін айқындайды. Əр түрлі оқытушылар əр түрлі еңбек жағдайымен бөлек студенттер ортасында бірдей жоғары нəтижеге қол жеткізеді. Оқу процесіне педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін жəне аз уақыт жұмсап жоғары нəтижеге қол жеткізу оның тиімділігін білдіреді. Нəтижелік инновацияның критерийі ретінде оқытушы қызметіндегі оң нəтижелердің барынша тұрақтылығын білдіреді. Өлшемдегі технологиялық, нəтижені бақылау мен белгілеудегі, түсіну мен баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаңа əдістің маңыздылығын, оқыту мен тəрбиелеудің тəсілдерін бағалаудың басты құралына айналдырады. Инновациялық бұқаралық тəжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критерийі ретінде қарастырылады. Шындығында, құнды педагогикалық идея немесе технология шартты ерекшеліктерімен, күрделі техникалық жарақтандырылуымен немесе мұғалім қызметінің ерекшеліктерімен тар шеңберге тығылып, қолдану мүмкіндігі шектеулі болса, онда біз педагогикалық жаңашылдық туралы айта алмас едік. Инновацияны бұқаралық педагогикалық тəжірибеде қолданудың бастапқы кезеңі жекелеген оқытушылар мен тəрбиешілердің қызметіне негізделгенімен олар сыннан өтіп, объективті баға алған соң ғана жалпыға бірдей қолдануға енгізуге ұсынылуы мүмкін. Жоғарыда аталған критерийлерді білу жəне педагогикалық инновацияны бағалауда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа негіз қалайды.

Арнайы əдебиеттерді жəне мектеп қызметінің тəжірибесін талдағанда оқу орнының жұмысында педагогикалық жаңалықты практикада қолдануға белсенділіктің төмен екендігін аңғарамыз. Ал осындай педагогикалық инновациялардың іске асырылмай қалуының ең кем дегенде екі себебін атауға болады. Бірінші себеп, инновацияның қажетті сараптама мен сыннан өте бермейтіндігі. Екінші себеп, педагогикалық жаңалықты көбіне ешқандай алдын ала ұйымдық, техникалық, ең бастысы тұлғалық, психологиялық қатынастар тұрғысында дайындықсыз енгізіледі. Педагогикалық инновацияның мазмұны мен критерийлерін тап басып тану, оларды қолданудың əдіс-тəсілін меңгеру жеке оқытушының бірге оқу орнының жетекшісіне де оны енгізуді объективті бағалау мен болжамдауға мүмкіндік береді.

Жоо-да жоғарының нұсқауымен енгізілген инновациялық жаңалықтар қысқа мерзімде ұмытылып кетеді немесе бұйрықпен тоқтатылады. Осы сияқты жағдайлардың негізгі себептерінің бірі — жоғары оқу орындарында инновациялық ортаның белгілі бір ұйымдық, əдістемелік, психологиялық сипаттағы оқу процесінде инновацияны енгізуді қамтамасыз ететін кешенді шаралардың болмауы. Бұндай инновациялық ортаның болмауы мұғалімдердің əдістемелік тұрғыдан дайындықсыздығын, оларда педагогикалық жаңа енгізілімнің мəні туралы мағлұматтың аздығынан байқалады.



Психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдауда педагогикалық инновация бүгінгі күнде бірліктегі түсініктің болмауы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Бұл термин əр түрлі мəндерде қолданылады. Біз педагогикалық инновацияларды əр түрлі бастамалар мен жаңалықтардың негізінде пайда болатын көкейкесті мəнді жəне жүйелік ұйымдастырушы жаңалықтары деп түсінеміз. Бұл білім эволюциясы үшін болашағы мол жəне оның дамуына, мультимəдениеттік кеңістіктің кеңінен дамуына жағымды əсерін тигізеді деп айта аламыз.

Бүгінде педагогикалық ой-пікірдің даму қарқынына орай адамға қажетті білім деңгейінің де артқаны анық. Сондықтан ең маңыздысы оқушылардың өздігінен дамуын, шығармашылық деңгейінің артуын, тұлғалық сапаларынының қалыптасуын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан педагогикалық инновацияны сұрыптап, таңдап алу жəне оның мəнін терең түсініп, оқу процесінде пайдаланған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет