Тақырыбы: Педагогикалық әдеп және шеберлік



бет11/12
Дата12.05.2023
өлшемі213,5 Kb.
#92652
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
курстык жумы Педагогикалык адеп

ҚОРЫТЫНДЫ
Мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам, оның қызметі адамды қалыптастыруға, солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері заманына сай өзгеріп, өскелең ұрпақты соған сай лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық модельдеудің оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игерген. Психологиялық- педагогикалық жағдайды диагностиканың дұрыс шеше білетін талаптар қойылуда. Бүгінгі мұғалімнің еңбегін қиындататын екі фактор бар:
1.міндетті орта білім беру жағдайда ақпараттық ағымдардың көптеген оқулықтардың сапалық тұрақтылығына мұғалім білім көздерінің белгілі бір бағытын жоғалтып алды. Сонымен қатар, бұрын алған білімдердің ескіруіне қосымша адамдардың білім қажетті білім алуды алдынғы қатарға шығарып отыр.
2.Мұғалімнің саяси-идеялық және адамгершілік ұстанымы, оның тәрбие жұмысында айқын көрінуі тиіс. Өйткені бұл жерде мұғалімнің іс-әрекеттік ерекшелігіне жауап бере алатын кәсіби сапалық өте үлкен маңызға ие. Қазіргі теориялық зерттеулерден туындайтын мұндай қажеттіліктерді мұғалім меңгеру шарт. Яғни мектеп оқушысы қарым-қатынас объектісінен іс-әрекет субъектісіне айналу қажет.
Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңінде барлық
әлеуметтік-экономикалық түбірмен өзгеруі білім саласының қайта құруына қажеттілік туғызды. Бұл орайда жүргізіліп жатқан реформалар бұрынғы қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін ары қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды. Алайда егемендіктің алғашқы жылдары бұрынғы жүйенің тамаша жетістігі болып саналатын міндетті өзгеріске ұшырап батысқа көшуге талпыныс жасалды. Ендігі жерде білім беру саласында әлемнің алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемелекеттің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжірибеге арнайы талдау жасау қажет.
Халқымыз қадым заманнан ұзтазды ерекше құрметтеген десек, Ыбырай Алтынсарин, Спандияр Көбеев, кезінде жаппай сауаттандыру жұмыстарының басы – қасында жүрген Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынұлы сынды зиялыларымыздың ұзтаздық абыройлары асқақ, беделі жоғары екендігін білеміз. Кеңестік дәуір деген атпен тарихта қалған өткен кезеңде де ұстаз мамандығына деген қызығушылық басым болды. Мектеп қабырғасында жүргенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Кім болам?» атты шығарма жаздырды. Ол кезде 9 сыныпта оқитынмын, рйланбастан «ұстаз боламын» деп жазғаным әлі есімде.
Қазіргі кезде мұғалім мәртебесі жайлы жиі әңгіме қозғалып жүр. Бедел сатып алатын дүние – мүлік емес, ол мұғалімнің біліміне байланысты. Өз пәнін жетік білетін ұстаз сыныптағы оқушының бар ынта – ықыласын өзіне аударып, сабақты қызықты өткізеді. өтілетін тақырыпты толық меңгермеген мұғалім алдындағы шәкірттеріне не берсін? өкінішті болса да айтайын, ондай әріптестеріміз әлі де арамызда кездеседі. әрине, оған себеп те көп.
Ащы болса да шындық қазір мұғалім мамандығына баратындар оны табыс табудың көзі деп түсінеді. өйткені, қалада, ауылда болсын мұғалімге жұмыс табылады. Осылайша мәртебелі мамандығымыз «екі қолға бір жұмыс» демекші, болсын болмасын нан табатын кәсіпке айналып шыға келді. Сайып келгенде, орын алған осындай жайлар мектептегі білім сапасына, мұғалім беделіне кері әсерін тигізуде.
Ендеше мұғалімнің қоғамдағы орнын, беделін көтеруді жан – жақты ойластырып, мұғалімнің мәртебесі немесе мұғалімнің қоғамдағы орны туралы заң қабылдануы қажет деген ойдамын. Жаңа білім және ғылым министірі Жансейіт Түймебаевтің дәрігерлер адам денсаулығын қорғау жолында ант қабылдайды, мұғалімдер шәкірт тәрбиелеу мен оқытуды өздеріне неге осындай талап қоймсақа деген пікіріне толық қосыламын.
Мұғалім – үнемі ізденісте, қоғам дамуымен бір жүретін тұлға. өйткені, қазіргі жас ұрпақ сауатты, компьютердің құлағында ойнап, баспасөзді өалт жібермесе, көгілдір экраннан әлемдегі жаңалықты бойына сіңіреді. Нендей сұрақ пен сауал болмасын мұғалім дайын болуы керек. Бұл пәнге қатысты емес, баланың ой - өрісін дамыту мәселесіне қатысты ойым.
Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, бәсекелестікке қабілетті болуы үшін – ең алдымен жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие, ғылым жаңалықтарынан сусындату міндеті тұр. Ал оның қайнар көзі ұзтаз еңбегінен басталады. Жоғарыда айтқандарыма қосарым, мұғалімдердің дені - өз жұмыстарынан нәр алып, жаны жадырап жүргендері шамалы. Көп жылы еңбегі бар ұстаздар да, «біріне тартса, біріне жетпейтін» тірлік кешіп келеді. Осы орайда, өткен жылдан бастап облыс әкімі Серік Үмбетов көп жылдардан бері есімізден шығып, ұмыт болған коммуналдық қызметке деген төлемдерімізді қайтарды.
Елбасымыз Н. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде: «Білім беру мен ғылымның дамуы – бұл саяси әрі жалпыұлттық міндет» деп алдымызға айқын мақсат қойды. Бұл мұғалім беделін көтерудегі оң қадам. Ал бедел өздігінен келмейтінін біліп, оны осы жолда өзіміз көп ізденіп, бала жүрегіне жол тауып, кәсіби шеберлік шыңынан көрінуге ұмтылғанымыз абзал. Ширек ғасырдан астам қоғамдағы басты буын – оқушыларды оқытумен бірге тәрбиелеуде тәжірибе жинақтағандай. Сөз соңында айтарым, білім ұзтаз бен шәкірттен шәкірттен өз жұмысына селқос қарауды, немқұрайдылықпен жайбасарлықты көтермейтін, керісінше тек ілгерушілікті, талапты, қайрат – жігер, биік талғамды қажет ететін сала. Осы ізгіліктер ұзтаздардан табылса, қалған өмірде кездесетін ұсақ –түйекті жеңетінімізге сенімдімін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет