Байланысты: Шөгінді таужыныстардың бітімдері мен құрылымдары
а – реликтілік, б - қабыршақтық.
ХИМИЯЛЫҚ ШӨГІНДІ ТАУЖЫНЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЬІ
Химиялық шөгінді таужыныстардың құрылымдары минералдар түйірлерінің пішіні, өлшемі бойынша сипатталады.
Идиоморфтық құрылым, мұнда таужыныстар дұрыс кристаллографиялық пішінді түйірлерден тұрады.Егер минерал түйірлері полигонды болса, онда құрылымды нақыштық дейді.
Гипидиоморфтық құрылым, онда таужыныстарды құратын минералдар идиоморфизмі əрқилы болып келеді
Аллотриоморфтық құрылым, онда минералдардың түйірлері пішінсіз келеді. Егер түйірлердің шеті кедір-бұдырлы келсе, құрылымды тісті деп атайды
Колломорфтық құрылым. Мұндай құрылым коллоидтан пайда болған таужыныстарға тəн. Олар өте ұсақ домалақ пішінді түйіршіктерден тұрады.