203
ұлттық педагогикалық университетінде студент жастарға терең білім берумен қатар, еліміздің әр
қиырындағы институттар мен университеттердің оқытушыларына, доценттеріне ғылыми жұмыстар
бойынша жетекшілік жасап, кеңес беріп келеді. Басқаша айтар болсақ, белгілі бір ұжым басшысы
ғана емес, сол ұжымдағы барлық қызметкерлердің, магистранттардың, ізденуші шәкірттердің білім,
білік деңгейлерінің үнемі көтеріліп отыруына мүмкіндік туғызып, еселі еңбек еткен ұлағатты ұстаз.
Бұл айтылғандар ғалымның өзара бірлігі күшті, рухани-адамгершілігі мол өнеге мектебін
қалыптастырудағы үлесін айқын танытып тұр.
Фаузия Шамсиқызы іскерлігінің арқасында университет жанынан кандидаттық пен докторлық
қорғайтын ғылыми кеңес ашты. Филология, педагогика ғылымдарының кандитаттық және докторлық
ғылыми дәрежесін беру жөніндегі сол диссертациялық кеңестің төрайымы болды. Сол кеңесті
бірнеше жылдар қатарынан өзінің дипломатиялық кеңдігімен өте жақсы, жайлы, еркін басқарып,
ғылым жолына көптеген мамандар даярлады. Тіпті, қорғау барысында ғылыми кеңес мүшелерінің
бірауыздан дауыс беруі қорғап тұрған адамның өзінен гөрі бұл кісінің ісі мен жүргізу саясатының
жайлылығынан ба деген ой туады... Мұны Фаузия Шамсиқызының бойындағы парасаттылық
қасиеттердің арқасы деп бағалауымызға толық болады. Қорғаймын деп, ісі түсіп барушыларды
қайдан болса да, таныс, таныс емесіне қарамай, бәрін жақсы, жылы жүзбен қабылдап, сөйлесіп,
қорғаушының бойына жігер құяды, ғылыми бағытын анықтауға көмектеседі. Бұған қалай риза
болмассың?! Кім болса да, бұл кісіге жақсылық пен амандық тілеп, ризашылық білдіріп жатады.
Ізденуші диссертациясын жақсы қорғап жатса, қорғаушының қуанышын бөлісе біледі. Фаузия
апайдың осы, тал бойына жарасқан салмақты мінезін, кісілік кішіпейілділігін, жан дүниесінің
сұлулығын бөліп айтқым келеді.
Апайымның бойындағы бір жақсы қасиет – адамдарға жақсылық жасап тұрғысы келіп тұрады.
Адам бойындағы небір мәселелерден қажеттілік туындаса, соны көре де, байқай да біледі. Адам
бойынан жақсылық іздері мен нысанын тауып, оны әрі дамытып, айта да алады, қолдай да біледі.
Ұстазымыз ізденушілермен, әріптестерімен өте мәдениетті, аса сыпайы араласады. Әдістеме
саласындағы жұмысты ұйымдастыру қабілеті, кісілермен қарым-қатынасы үлкендерге деген ілтипаты
ерекше. Үлкенді де, кішіні де, қатарластарын да ұйыта ұйымдастыра біледі.
Бүгінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика
ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корр. мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың
лауреаты, ҚР БжҒМ-нің «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, Педагогика
ғылымдары Халықаралық академиясының академигі, ҚР Президентіне үміткерлерден мемлекеттік
тілден емтихан алушы «Лингвистикалық комиссиясының» хатшысы (1999, 2005, 2011, 2015жж)
Фаузия апай Оразбаева – қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша жазылған қаншама
бағдарламалардың, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. 40 кандидаттық, 11
докторлық диссертациялар қорғатып, мамандар даярлауда, республикаға белгілі ғалым, ұстаз ретінде
ұшан-теңіз еңбек сіңіріп келеді. Осындай ұстаздан тәлім алған біз бақыттымыз. Апай - біздің
мақтанышымыз!
Достарыңызбен бөлісу: