10
Жалпы тілдік қатынастың негізгі мазмұны мен мәні болып табылатын –
ХАБАР. Барлық қарым-қатынас белгілі
бір ақпарат, дерек, хабар арқылы іс жүзіне асады.
Тілдік қатынастың хабар арқылы жүзеге асуын кейбір ғалымдар (Е.Н.Пассов) үш кезеңге бөліп, біз тілдік қатынас
ең бастысы адамзаттың ойлау мен санасына қатысты болғаңдықтан, ең алдымен сыртқы объективтік шындықты
қабылдаудан, жеткізілетін хабарды пайымдаудан туады деп тұжырымдай келіп, оны бес кезеңге бөліп қарастырады:
хабардың пайда болуы, яғни сыртқа шығуы, хабардың жеткізілуі, хабардың қабылдануы; хабардың жауабы, яғни
жеткізілген хабарға жауап қайтарылуы.
Қалай болған күнде де тілдік қатынастың адамның ойына, сезіміне қатысты хабар арқылы іске асатын күрделі
процесс екенін Қ.Жұбанов нақтылы тұжырыммен айтқан: мен не сөйлесем де, басқа біреуге өзімнің ойымнан хабар
беру үшін сөйлеген болам” дей келіп, тілші-ғалым тілдік қатынас үшін хабардың негізгі шешуші фактор екенін дәл
таныған.
Екіншіден, ғалым тілдік қатынастың негізін оймен байланыстыра келіп, пікірлесудің бір адамның екінші адамға
ойын жеткізуге байланысты жүзеге асатынын айтады. Бұл ретте тілшінің басты көңіл аударатын мәселесі – ой.
Қ.Жұбанов “сөйлегендегі мақсат – біреудің екінші біреуге өзінің ойын білдіруі” деп атап өте келіп, әсіресе,
сөйлеу процесіне ерекше мән береді. Мәселен, “Қазақ тілінің грамматикасы” шеңберінде “Сөздің жалпы
құрылысын” айта келіп, “Сөз бен ой”, “Сөйлеу” туралы өз көзқарасы мен тұжырымын айтады.
Тілші-ғалым ойдың сөйлеу процесіне, тілдесуге қатысын, оның өзіне тән ерекшелігін айқындауға тырысады.
Ф.Ш. Оразбаева былай дейді: «
Тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас
жасауы. Бұл жерде
сөйлеу тілі деген тіркесті ерекше бөліп айтуға тура келеді, өйткені ол ауызекі сөйлеу деген
мағынаны емес, жалпы адамзаттың пікірлесу құралы, адамның тілі деген ұғымды жеткізуге тиіс – дейді. Сонымен
бірге,
тілдік катынас – сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас
дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамдық-әлеуметтік; азаматтардың жиынтығы
арқылы белгілі бір хабардың нәтижесінде адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы».
Ф.Ш. Оразбаеваның тұжырымдауынша: «Тілдік катынасты іске асыратын қатысымдық тұлғалар
(коммуникативные единицы) – сөз, тұрақты тіркестер, сөйлем, мәтін болып табылса, Қ.Жұбанов бұлардың бәріне
ұйытқы болатын сөзге ерекше назар аударып, сөзді жеке бөліп алып, оны әр қырымен қарастырады: сөз бөлшектері;
сөз бөлшектерінің құралуы; сөз бұйымы мен материалы; сөз материалының сыр-сипаты мен сөз бұйымдарының
жасалу жолы» – дейді.
Тілші сөздің осындай белгілерін ажыратып, оны сипаттап алған соң, “Сөз деген не?” деп сұрақ қойып алады да,
оған өзі жауап беріп, сөзге анықтама береді. Мысалы: “Жеке сөз – заттың өзінің, я заттың бір белгісінің аты”, “Сөз
деген – зат біткеннің бәрінің аты емес, әр елдің өзінің білген затының, білген құбылысының ғана аты”.
Демек, сөз – тіл байлығымыздың ең басты тұлғасы бола келіп, сол тілдік қазынамызды көрсететін де, дәлелтейтін
де материал болып табылады. Жыл өткен сайын, қоғамдық, әлеуметтік өзгерістер болған сайын адам жаңа нәрсені,
соны сапа-белгілерді танып-білген сайын, жаңа тың ұғымдар пайда болып, жаңа сөздер қосылып отырады. Соның
нәтижесінде сөздік қор да байып, дамудың үстінде болады. Сөздік корға, сөз байлығына катысты осындай
ерекшеліктерді біз қазіргі кезде де басымыздан кешіріп отырғанымыз көпшілікке аян. Қоғамдағы, өмірдегі, тұрмыс-
тіршіліктегі кейіннен пайда болтан әртүрлі құбылыстар мен нәрселер жаңа ұғымдар мен жаңа сөздерді тудырды.
Осы тұрғыдан келгенде Қ.Жұбанов былай дейді: “Ел-елдің білмеген заты да, білмеген құбылысы да толып жатыр.
Танымаған кісінің атын білмейтініміз сияқты, білмеген нәрсенің аты да тілімізде болмайды. Мәселен, шөптер мен
жәндіктердің көбінің тілімізде аты жоқ. Өйткені олармен көп аса кездеспегенбіз.
Адам өзінің тіршілік барысында кездесіп, пайдасын я зиянын көрген нәрселерді ғана елеген, соларды ғана білген.
...Сонымен, білінген нәрселерге қойылған атты сөз дейміз” [5, 9-б]. Сөздің адамзаттың таным процесімен, ұғыммен
байланысын айта келіп, ғалым Қ.Жұбанов ой мен сөзден ара қатынасын ажыратуға тырысады: “Ой деген адамның
өзі жайлы, болмаса төңірегіндегілер жайлы білгені. Сөз деген сол білген нәрселерінің аты”, – деп тұжырымдайды.
Адамның ойын жеткізуге қызмет ететін, тілдік қарым-қатынасқа қажетті ең маңызды тұлға, ол – сөйлем.
Қ.Жұбанов сөзден ерекшеліктерін қоса сөйлемді де арнайы зерттейді. Бұл ретте автордың “сөйлемнің сазы” деп
бөліп алып, қазақ тіліндегі сөйлемдердің айтылу мәнеріне ерекше мән беруі тілді меңгеруде сөйлемнің қатысымдық
тұлға ретінде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын дәлелдесе керек.
Жалпы, Қ.Жұбанов еңбектерінде кездесетін “сөйлем сазы”, “сөз қиыны”, “сөздің бұрма күйі”, “жетек
сөз” бен “жетекші сөз”, “сөз тұрпаты жүйесі” т.б. тіркестермен арнаулы сөздер – лингвистикалық
ұғымдарға енгізіп, қайта жаңғыртуды қажет ететін тұлғалар. Өйткені оларда, біріншіден, таза қазақи ой,
тіліміздің әдемі-шешендік табиғаты, ұлттық мазмұны сақталса, екіншіден, бұл сөздср – әдеби норма
тұрғысынан да өз орны мен мәнері, мән-мағынасы бар сөздер.
Сонымен қатар оларды тілдік ғылыми айналымға қосу арқылы біз өз міндеттеріміз бен парызымыздың
кейбір өтеулерін қайтарамыз.
Мақала соңында
Достарыңызбен бөлісу: