Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет90/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   277
 
ЖАНЫ ЖАЙСАҢ 
 
 
Жұмабаева Ә.Е. 
Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.д.  
 
Уайсова Г.И. 
Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.к.  


89 
 
Сәдуақас Г.Т. 
Абай атындағы ҚазҰПУ ассоциативті профессоры, п.ғ.к.  
 
Тіл – адамзаттың бір-бірімен сөйлесіп, түсінісуін қамтамасыз  ететін құрал  екенін ғалымдар  ертеден 
айтып келеді. Бұл туралы өткен ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы былай деп жазған болатын: «Тіл 
– 
адамның  адамдық  белгісінің  зоры,  жұмсайтын  қаруының  бірі.  Осы  дүниядағы  адамдар  тілінен 
айырылып, сөйлеуден қалса, қандай күйге түсер еді. Осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын 
күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы: 
жазумен  сөйлесу  ауызбен  сөйлесуден  артық  дәрежеге  жеткен  заман.  Алыстан  ауызбен  сөйлесуге 
болмайды: жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей 
білу  қандай  керек  болса,  жаза  білудің  керектігі  одан  да  артық.  Сөйлегенде  сөздің  жүйесін,  қисынын 
келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек» [1, 141-142]. 
Ғұлама ғалымның осы ойының өміршеңдігін көрсетіп, қазіргі заман талабына сай жалғастырған тілші-
әдістемші  ғалым  –  Оразбаева  Фаузия  Шамсиқызы.  Ол  тілдің  барлық  қызметін  толық  ашып  көрсететін 
жаңа терминдерді қолданысқа енгізді. Ғалымның «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі» атты еңбегі 
жарық көргенге дейін әдістемешілер тілді оқыту барысында оқушылардың сөйлеу әрекетін (айту, тыңдау 
оқу,  жазу)  қалыптастыру  қажеттігін  ескерткенмен,  оның  ішкі  мәніне  терең  бойламайтын.  Аталған 
еңбегінде автор осы сөйлеу (сөйлесім) әрекеті жайында түсінік беріп, оның тілдік қатынастағы қоғамдық-
әлеуметтік  мазмұнын  айқын  көрсете  отырып,  сөйлесімнің  мынадай  түрлерін  жеке-жеке  бөліп 
қарастырады:  оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым,  тілдесім.  Фаузия  Шамсиқызы  енгізген  бұл 
терминдер  бүгінгі  таңда  кеңінен  қолданылып  жүр,  тіпті  бұрыннан  бар  құбылыстай  сіңісіп  кетті  десек 
қателеспейміз.  Мұның  сыры  –  аталған  терминдердің  дұрыс  таңдалуында  және  олардың  әрқайсысы  өз 
мазмұнын дәл беретіндігінде. Содан да болар бүгінгі күні қолданысқа енгізіліп жатқан жаңартылған оқу 
бағдарламасында  мектеп  оқушыларының  сөйлесім  әрекетін  қалыптастыруға  баса  назар  аударылып, 
айтылым және тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді 
меңгертуге және оны күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік жасау қажеттігі көрсетілген. 
Әдістемеші ғалым сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне тән  ең басты көрсеткіш – түсіну  екендігін, 
«сөйлесім  әрекетіне  қатысты  айту  да,  оқу  да,  жазу  да,  есту  де,  тілдесу  де  белгілі  бір  хабарланған, 
баяндалған ойды түсінуге негізделетінін» ескертеді [2, 53]. 
Фаузия  Шамсиқызының  оқылым  және  оның  түрлері  туралы  пікірлері  де  оның  әдістемші  ғалым 
ретіндегі  көрегендігін  аңғартады.  Оқылымды  танымдық  оқылым,  зерделік  оқылым,  ізденімдік  оқылым 
және  көрсетімдік  оқылым  деп  жіктеуі  де  тегін  емес.  Бұлайша  бөлу  бүгінгі  күн  тұрғысынан  қойылып 
отырған талаптарға толық сай келеді, себебі оқушыларды ізденіске түсіру үшін оларға қажетті ақпаратты 
іздеп  табу  үшін  оқу;  оқығандарын  түсініп,  одан  керекті  мәліметті  алу  үшін  оқу,  оқығандарына  талдау 
жасау және басқа тапсырмалар ұсынылады.  
«Қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» атты еңбегінде сын есімдердің жасалу жолдары, тілдегі табу 
мен эвфемизм құбылысы арқылы жасалған синонимдер, қарапайым сөздер сөздер арқылы пайда болған 
синонимдер,  фразеологиялық  тіркестер  арқылы  жасалған  синонимдер  және  мағыналық  сын  есім 
синонимдер,  эксперссивтік-стилистикалық  сын  есім  синонимдер,  мағыналық-стилистикалық  сын  есім 
синонимдерге  тән  ерекшеліктердің  ішкі  мәндеріне  терең  талдау  жасалып,  сын  есім  синонимдер  жан-
жақты  толық  сипатталған.  Осы  еңбегінде  өзара  мағыналас  сөздердің  тілдегі  фунционалдық  стиль 
түрлеріне  қатысты  бола  отырып,  әр  алуан  үстеме  эмоционалды-экспрессивтік  реңкке  ие  болатынын 
дәлелді көрсеткен. 
Бұл  айтылғандар  ғалым  еңбектерінің  бір  қыры  ғана.  Қос  ғылымды:  қазақ  тілінің  теориясы  мен 
әдістемесін  қатар  зерттеп,  бірге  өрбітіп  келе  жатқан  ғалымның  орыс  тілді  аудиторияда  қазақ  тілін 
үйретуге байланысты жасатқан ғылыми зерттеу еңбектері өз алдына бөлек әңгіме, осы салада да апай көш 
басында тұрды десек қателеспейміз. Бұған ғалымның жетекшілігімен жазылған «Қазақ тілі фонетикасын 
қатысымдық  тұрғыда  оқыту  әдістемесі»,  «Қазақ  тілін  басқа  ұлт  өкілдеріне  оқылым  әрекеті  арқылы 
үйретудің әдістемесі», «Қазақ тілін шетелдік студенттерге жазылым әрекеті арқылы үйрету әдістемесі», 
«Қазақ  тілін  жағдаят  арқылы  ынталандыра  оқыту»,  «Өзге  тілді  мектептің  7-сыныбына  қазақ  тілі 
мәтіндерін компьютермен оқыту әдістемесі» және басқа тақырыптардағы зерттеу жұмыстары дәлел. 
«Белгілі  бір  халықтың  тілін  зерттеу  –  тіл  иесінің  қоғамдық-әлеуметтік  өмірін,  тіршілігінің  көзін, 
рухани  мәдениетін,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрпын  танып-білу;  ұлттық  психологияның,  ұлттық 
дүниетанымның әр түрлі қырын, сыр-сипатын зерделеу; сол арқылы халыққа, ұлтқа еңбек сіңіру» [3,8] 
деп түсінетін ғалым ана тіліміздің теориясына да, оны оқытып-үйрету әдістемесіне де сүбелі үлес қосты. 
Ғалымның  әрбір  еңбегінен  оның  тілге  деген,  соның  ішінде  өз  ана  тіліне  деген  шынайы  құрметі  мен 
сүйіспеншілігі айқын аңғарылады.  


90 
Фаузия  апайдың  өзгелерге  үлгі  болатын  ерекше  бір  қасиеті  –  өзінің  алдындағы  аға  ұрпаққа  деген 
айрықша құрметі. Оған біз танымал тілші ғалымдар мен әдістемешілер жайында жазған мақалаларынан, 
олардың мерейтойларында сөйлеген сөздерінен талай рет куә боп келеміз.  
«Ой өрнегі – сөз» деп бүкіл еңбегін сөздің құдіреті мен қасиетін танытуға арнаған ғалым бүгінде ел 
құрметіне бөленіп отыр. Ғалымдығы мен білікті маман екендігімен танымал болса, екінші жағынан саф 
таза  адами  болмысымен,  кез-келген  ортадағы  шынайы  қарым-қатынасымен,  өнерлілігімен  (ән  салуы, 
әдемі биі) ерекшеленеді. Сірә, «сегіз қырлы, бір сырлы» деп Фаузия апайдай адамды айтса керек. 
Ұлы Абай көрсеткен адами қасиеттер: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек – осының барлығын 
Фаузия  апамыздың  бойынан  көреміз.  Әріптестерімен,  шәкірттерімен  қарым-қатынасына, 
қарапайымдылығына тәнті болмау мүмкін емес. Адами болмысы кіршіксіз таза, шынайы, ой-өрісі биік, 
айналасындағыларға мейірім нұрын төгіп, үнемі қамқорлық жасап жүретін апайды ерекше құрметтейміз, 
өзімізге үлгі тұтамыз. Фаузия апайымыздан көп нәрсе үйреніп, бойымызға түйдік. 
Бір сөзбен айтқанда, Фаузия Шамсиқызы – ұлт пен тіл жанашыры, тілші-әдістемші ғалым, ұстаз, есімі 
үлкен әріппен жазылуға лайықты тұлға. 
Бүгінгі мерейтойында Фаузия апайымызға мықты денсаулық, қуанышқа толы ұзақ өмір, ана тіліміздің 
мәртебесі  мен  ғылым  жолындағы  еңбектеріңізге  толағай  табыстар  тілейміз.  Осы  өмірдің  барлық 
жақсылығын  Нұрлан  ағамыздың  жанында,  ұл-қыздарыңыз  бен  немерелеріңіздің  ортасында  бірге 
көруіңізге шын ниетімізбен тілектеспіз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет