Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет154/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   548
жоқта, жайра, жуасы, емде, сипатта  сияқты сөздер де бірдей түрлену парадигмасын құрайды.  

Таңдап  алынған  етістіктердің  негізгі  бөлігі  негізгі  етістер  (45%)  болса,  өзгелік  етіс  жұрнағы  бар 

сөздер  25%,  ырықсыз  етіс  -  9%,  өздік  етіс  -  14%,  ортақ  етіс  –  7%  құрайды.  Әр  сөз  формасынан  кейін 

жұрнақ  пен  жалғаулар  тілдің  заңдылығына  сәйкес  жалғанып,  олардың  өзгеруі  сөздің  қандай  әріпке  

аяқталуына  тікелей  байланысты.  Сөздің  түбіріне  жалғанаған  жұрнақтар  да  өзінен  кейін  жалғанатын 

жалғаудың  ықпалына  қарай  өзгеріске  ұшырап  отырады  (тәуелдік  жалғау  жалғанған  жағдайда).  Етіс 

жұрнақтарының семантикапық сипаты сөзжасам қосымшаларына жақын болғанымен (етістіктен етістік 

тудырғанымен),  өзі  жапғанған  етістік  түбірінің  мағынасын,  лексикалық  мәнін  өзгертпейді,  тек  сабақ-

тылық-салттылық мәнін ғана өзгертеді.Етіс жұрнақтары бірінің үстіне - бірі жалғанғанда, мына тәртіппен 

орналасады:  1)  өздік  етіс  +  езгелік  етіс:  ойла+н+дыр,  түй+ін+дір;  2)  өздік  етіс  +  ортақ  етіс:  бүл+ін, 

бүл+ін+іс; 3) ортақ етіс + өзгелік етіс: бөл+іс, бөл+іс+ кіз(-тір); 4) өзгелік етіс + өзгелік етіс: бақ+тыр+т, 

тура+т+қыз т.б. Профессор С. Исаев етіс қосымша-ларынформатудырушытұлға қатарына қосады. Ғалым 

«етістіктерде  етіс  жұрнаідары  жаңа  сөз  тудырмайды,  етістік  түбір  білдіретін  семантикасын  өзгертіп 

жібермей, лексикалық және жалпы грамматикалық мағынасы сақталып қалады, тек сабақтылық - салтты-

лық өзгеріп, сөйлемде субъект пен объект арасындағы қатынасы ауысуы мүмкін» - дейді» [5,51]. 

Осы  орайда  талдау  барысындасөздің  түбіріне  қосымшалардың  құрылымдық  қосылу    ережелерін 

зерттей отырып, етістік сөздердің аяқталуы мүмкін  ықтимал топтары әзірленді.  

1) дауысты дыбысқа аяқталатын жуан буынды сөз;  

2) дауысты дыбысқа аяқталатын жіңішке буынды сөз ;  

3) ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталатын жуын буынды сөз;  

4) ұяң  дауыссыз дыбысқа аяқталатын жіңішке буынды сөз;  

5) қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталатын жуан буынды сөз;  

6) қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған жіңішке буынды сөз;  

7) үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған жуан буынды сөз (л, р) ;  




96 

8) үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған жуан буынды сөз (м, н, ң);  

9) үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған жіңішке  буынды сөз (л, р) ; 

10) үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған жіңішке буынды сөз (м,н,ң); 

Осы  аталған  топтардың  арасында  бірдей  түрлену  парадигмасын  құрайтындары  да  бар.  Мысалы,  1 

мен7; 2 мен 9  есімшенің  -ған, -ген, -мақ, -мек жұрнақтары екі сөзге  де  жалғанса, -йтын, -етін, -р, -ер 

жұрнақтары әр түрлі жалғанады.  

 

сөйле-ген  



емдел-ген 

сөйле-мек  

емдел- мек  

сөйле- йтін  

емдел- етін  

сөйле-р  

емдел –ер  

 

Етістік сөздерді алдымен  тек етістікке тән грамматикалық жұрнақтармен түрлендіреміз.  



1. болымды\ болымсыз етістік +  шартты рай  

2. 


болымды\ болымсыз етістік +шартты рай + жіктік жалғауы  

3. 


болымды\ болымсыз етістік+  бұйрық рай  

4. 


болымды\ болымсыз етістік+  бұйрық рай + жіктік жалғауы  

5. болымды\ болымсыз етістік + көсемшенің –ып, іп, -п  

6. болымды\ болымсыз етістік + көсемшенің –а, -е, -й  

7. болымды\ болымсыз етістік + көсемшенің –ғалы, -гелі, қалы, келі  

8. болымды\ болымсыз етістік + есімшенің жұрнақтары  

9. болымды\ болымсыз етістік + есімшенің жұрнақтары +жіктік  жалғауы  ры қарай етістіктер зат есім 

сияқты түрленеді.  

1.  


болымды\ болымсыз етістік + есімшенің жұрнақтары + тәуелдік жалғау  

2. болымды\ болымсыз етістік + есімшенің жұрнақтары + тәуелдік жалғау +септік жалғау  

3. болымды\ болымсыз етістік + есімшенің жұрнақтары + көптік жалғау +  тәуелдік жалғау + септік 

жалғауы. 

Аталған ретпен жалғанған сөз формаларының барлығы тілде  бола бермейді. Мысалы,  зат есімнен 

жасалған туынды етістіктерге есімшенің –ар, -ер, -р формасы жалғанғанда сөздер етістіктен гөрі зат есім 

мағынасына қатты жақындайды. «Алтында+р» деген сөзде болжалдық мағына көрінбейді. Яғни есімше-

нің –йтын формасы осы сөздер білдіретін мағынаны бере алады. Есімшенің –ар жұрнағы тікелей түбір 

етістікке  жалғанса,  зат  есімдерше  түрленеді.  Осындай  жағдайда  қолмен  түзетулер  енгізіліп,  қайта 

стеммалар құрылады. 

Сонымен, етістік 

 



ең күрделі сөз табы ретінде субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғатта, қоғамда, 

жалпы  өмірде  ұшырасатын  жайлардың  және  адамның  ой-санасы  арқылы  туған  түрлі  амал-әрекет,  іс-

қимыл, жай-күй сияқты процестерді білдіретін сөз табы екендігі оның лексика-грамматикалық қасиеттері 

мен семантикалық ерекшеліктерінен, түбір тұлғасы мен грамматикалық формаларының қат-қабаттылы-

ғынан және олардың өзара арақатынасы мен грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, қолдану 

аясы  мен  сөйлемде  атқаратын  қызметінен  айқын  байқалады.  Осы  қасиеттеріне  байланысты  етістік 

категориялары,  бір  жағынан,  лексика-грамматикалық,  екінші  жағынан,  таза  грамматикапық,  үшінші 

жағынан,  өзара  жеке  грамматикалық  категория  жасауға  (шақ  категориясын)  негіз  болатын  формалары 

(есімше, көсемше) немесе бүтіндей басқа сөз табының грамматикалық сипатын ғана көрсететін айрықша 

түрі  (тұйық  етістік)  тұрғысында  қарастырылып,  әр  категориялары  бір-бірінен  грамматикалық  және 

семантикалық сипаттары жағынан ажыратылады да, олар тұлғалану және түрлену ерекшеліктеріне орай 

және білдіретін мағыналарына қарай түр-түрге бөлінеді. Осыдан келіп етістіктің әр категориясы өзіндік 

сипатқа ие болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет