Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет298/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   548
 

АннотацияВ статье говорится о современных методах и методах преподавания казахского языка, 

применении новых технологий в образовании и их эффективности. Были показаны виды компьютерных 

технологий,  определены  их  эффективные  стороны.  На  уроке  изложена  необходимость  использования 

каких видов компьютерных программ. 



Ключевые  слова:  образование,  обучение,  методы,  методология,  новые  технологии,  электронное 

оборудование, учитель, ученик, учебник, казахский язык. 



 

Annotation: The article deals with modern methods and methods of teaching the Kazakh language, the use 

of new technologies in education and their effectiveness. The types of computer technologies were shown, their 

effective sides were determined. The lesson outlines the need to use what types of computer programs. 

Keywords:  education, training, methods, methodology, new technologies, electronic equipment, teacher, 

student, textbook, Kazakh language. 

 

ЖОО  білім  берудің  басты  мақсаты  –  әлеуметтік,  экономикалық,  қоғамдық  саяси  өмірге  белсенді 



араласуға дайын, жаңашылдыққа жаны құштар құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болса, оның 

бастапқы негізі мектепте қалыптасатыны баршаға мәлім. Осы мақсатқа жету үшін әр пәннің мұғалімдері 

әуелі  білім  мазмұнының  даму  үрдісінен  үнемі  хабардар  болып,  өзінің  педагогикалық  іс-әрекетінде 

заманауи  технологияларды  тиімді  пайдалана  білуі  қажет.  Бұл  –  оқу-тәрбие  ісін  дұрыс  ұйымдастыруға 

септігін тигізіп қана қоймай, білім беруші мен білім алушының уақытын үнемдеуге, әрбір жеке тұлғаның 

өз әлеуетін қажетті бағыт-бағдарға сәйкес тиімді пайдалануына жәрдемін тигізеді.  

Мектеп, мұғалім, оқушы, оқулық, оқытудың әдіс-тәсілдері – тұтас бір жүйені құрағанымен, мектеп-

тегі  мұғалімнің  орны  қашанда  маңызды.  Мәселен,  ұлт  зиялысы  Ахмет  Байтұрсынұлының:  «Мектептің 

жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі hәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген 

білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шығады. Солай болған соң, 

ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім керек, әуелі біз 

елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та 

оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» [1, 438], – деген 

ұлағатты ескертпесі ғасырға жуық уақыт бұрын айтылса да, бүгінгі қазақ мектебінің, жалпы жас ұрпаққа 

білім берудің темірқазығы ретінде қабылдауға болады. 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық 

және  жалпыадамзаттық  құндылықтар  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 

қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. 

Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты 

өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  жеке  басының  дамуы  үшін  жағдай  жасау  арқылы 

интеллектін  байыту.  Еңбек  рыногында  бәсекелесуге  қабілетті  жұмысшылар  мен  мамандар  даярлау, 

оларды  қайта  даярлау  және  біліктілігін  арттыру»  [2]  делінген.  Яғни  инновациялық  білім  беру  жүйесі 

арқылы интеллектуалдық ой-өрісі дамыған жас ұрпақ тәрбиелеуді одан әрі жетілдіру заман ағымына ілесу 

үшін қажет болып отыр. 




203 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  кезінде  өзінің  «Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел 

жаңару жолында» деген еңбегінде: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. 

Біздің  болашақтың  жоғары  технологиялық  және  ғылыми  қамтымды  өндірістері  үшін  қадрлар  қорын 

жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін 

осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі 

техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт» [3], – 

деп ел қоғамы алдына үлкен міндет жүктеді.  

Қазіргі  заман – ғылым мен технологияның өркендеген кезеңі. Алдыңғы қатарлы дамыған елдердің 

білім  беру  жүйесінің  әдіснамасы  озық  технологияларға,  электронды  құрылғыларға  негізделген.  Сол 

себептен  олардың дайындаған мамандары мен кәсіп иелері заманауи білім технологияларымен қарула-

нып, өз елінің дамып өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып жүр. Білікті маман-кадрларының арқасында 

сол елдер әлеуметтік-экономикалық зор табыстарға жетіп, әлемдік бәсекеде көш басында тұр.  

«Көптеген  әдебиеттерде  белгілі  бір  ғылымның  не  процестің  педогогикалық  негіздеріне  оқытуға 

қажетті білім жүйесі, оның сандық көлемі (сағаты), білімнің мазмұны мен сабақтың әдіс-тәсілдері жат-

қызылатыны  айтылып  жүр.  Ғылымның  дамуы  мен  оқыту  жүйесінде  бұл  айтылғандардың  атқаратын 

рөлінің маңызы зор. Білім жүйесі, көлемі, мазмұны әдістер процесінің ілгері басуына ықпал ететін нақты-

лы мәселелер болып келіп, істің мәнін анықтайды» [4,73]. Сондықтан да жас ұрпаққа сапалы білім беру 

білім жүйесіне және оның мазмұны мен көлеміне тікелей қатысты бола отырып, оқулық, оқу құралына, 

мұғалімге және оның әдістемесіне келіп тіреледі. 

Алайда  жаңарған  әлем  мен  қоғам  қажеттілігіне  байланысты  қазіргі  уақытта  еліміздің  түрлі  білім 

ошақтарындағы  оқу-әдістемелік  жұмыста  толғантатын  мәселелер  баршылық.  Cан  алуан  мамандар  мен 

түрлі кәсіп иелерінің білім сапасы, біліктілік деңгейі, кәсіби шеберлігі жөнінде ерекше көңіл бөлуді қажет 

ететін  маңызды  мәселелер  пайда  болды.  Ондай  мәселелерді  туындатып  отырған  жағдайлар  ретінде 

әлемнің жаһандану үдерісін, еліміздің бүгінгі саяси-идеялогиялық ұстанымы мен нарықтық-демократия-

лық даму бағытын, ішкі және сыртқы саясатын атауға болады. 

Білім  беру  саясаты  мен  оның  жүйесі  бойынша  дүниежүзінің  алдыңғы  қатарлы  дамыған  елдерінің, 

сондай-ақ қазіргі уақытта біздің елдің де ұстанып отырған білім саясаты және отандық білім беру сала-

ларына ендіріле бастаған жаңа технологиялар, ең алдымен, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру және 

өткізу  үшін  қажет.  Бұл  –  шәкірт  пен  ұстазға  қолайлы  жағдай  туғызудың  біріктірілген  педагогикалық 

қарым-қатынасы кезінде қолдануға болатын барлық жағдайы қарастырылған оқытудың жаңа амал-тәсілі 

бола отырып, оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытатын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілді-

ріп өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға бағытталған. Себебі, Елбасы атап көрсеткендей, еліміздің 

әрбір жас өркені ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан мамандығы бойынша өзіне 

және қоғамға пайдалы мақсатта еркін еңбек ете алатындай болуы қажет. 

Қазіргі  білім  беру  жағдайында  электронды  құрал-жабдықтарға  негізделген  ақпараттық-қатынастық 

технологияларды (АҚТ), сандық білім қорының біртұтас жиынтығын, интербелсенді тақта мен ғаламтор 

желісі сияқты т.б. мүмкіндіктерді пайдаланбай, солардың көмегіне сүйенбей сабақ жүргізу мүмкін емес. 

Сол себептен АҚТ-ны бүгінгі заманның орасан зор жетістігі ретінде қазақ тілі пәнінің сабақтарында да 

тиімді пайдалану – маңызды да өзекті ресурс болып табылады. Бұл технология  елімізде соңғы  онжыл-

дықта кең қолданыс тауып, өркен жаюда. 

Әлемдік және  отандық  іс-тәжірибе  көрсетіп  отырғандай, қазіргі заманның кез  келген пән мұғалімі 

(оқытушысы)  кем  дегенде  Microsoft  office  бағдарламаларын  пайдаланады.  Мәселен,  филолог-ұстаздар 

үшін Word бағдарламасы – әрбір сабаққа қажетті түрлі мәтіндік материалдар құрастыру үшін керек болса, 

Excel – 

кесте, сұлба, график, тест құру үшін, Power Paint – оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыс-

тарына,  яғни  сабаққа  қажетті  электронды  жалғама  (оқытудың  қосымша  материалдары)  әзірлеу  үшін 

қажет. Ал Publisher бағдарламасы – оқылатын сабақ тақырыптары бойынша буклет, реферат, көрсетілім 

(презентация),  жобалар  т.б.  дайындауға,  көрсетілім  мен  жобаларды  бағалап  қортындылауға,  қорғауға, 

Access бағдарламасы – мұғалім-оқытушыға өз оқушылары мен студенттері туралы сан алуан мәліметтер 

базасын  жасауға  ыңғайлы.  Сол  себептен  еліміздің  барлық  деңгейлік  білім  ошақтарына  еніп  жатқан 

ақпараттық және техникалық прогресс ұстаз-педагогтардан қарапайым емле мен айтылым (орфография 

мен  орфоэфия)  ереже-қағидаларынан бастап қазақ тілі пәнінің барлық мәселелерін сапалы оқыту үшін 

жаңа технологияларды мейлінше меңгеруді талап етеді.  

Электронды  құрылғыларға  негізделген  оқытудың  ақпартаттық-қатынастық  жаңа  әдіс-тәсілдері  мен 

тиімді  жолдарының  біраз  жылдық  іс-тәжірибесі  нәтижелерін  зерттеп-зерделесек,  еліміздің  оқу  орын-

дарындағы қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылып жүрген мынадай басым бағыттарды анықтауға болады: 

• 

оқытуды даралау және саралау; 



• 

оқытудың түрлі бағдарламаларында қиындық келтіретін тұстарды нақтылау;  

• 

әрбір тақырып бойынша қорытынды жасау, шығармашылық-зерттеушілік жұмыстың түрін таңдау; 




204 

• 

зерделенетін  материалдың  қолжетімділігін,  білімгерлердің  ғаламтор  қорларын  еркін  пайдалана 



алуын қамтамасыз ету; 

• 

ақпараттың кез  келген түрімен өз  бетімен жұмыс  істеу дағдыларын, тиімді  сандық білім  ресурс-



тарын жинақтау ептілігін (машығын) дамыту; 

• 

ақпараттық интербелсенді технологияларды қолданып, шығармашылық-зерттеушілік жұмыс орын-



дауда оқушылардың (студенттердің) таным белсенділігін арттыру. 

Біздің зерттеп-пайымдауымызша, соңғы он жылдықта қоғамдық-гуманитарлық, соның ішінде қазақ 

тілі пәнін оқытатын мектеп мұғалімдері мен ЖОО ұстаздары өздерінің әрбір сабақтары үшін электронды 

жалғама  (сабаққа  қажетті  қосымша  материалдар)  дайындауды  жақсы  дәстүрге  айналдырған.  Мұндай 

жалғамалар сабаққа қатысты көрнекі құралдар, жаңа тақырыпты түсіндіретін диактикалық материалдар, 

сабақ  жетімділігі  мен  ұғынықтылығына  сеп  болатын  сұлбалар  (схемалар)  мен  кестелер,  сабақ  жүргізу 

барысында  оқушыларды  немесе  студенттерді  бір  сәт  сергіту  мақсатында  қолданылатын  ақпараттық-

танымдық материалдар, бағалау-бақылау материалдары т.б. болып келетіні анықталды.  

Әр сабақтың осындай оқу материалдарын дайындауға, жасауға білімгерлер де тартылатыны әркімге 

болсын түсінікті. Өздерінің сапалы әрі кең көлемде білім алулары үшін бұндай жұмыстарды орындауға 

олар белсене қатысып, зор ынта көрсетеді. Алайда оларға сенім білдіргенмен, аса көп жүк арта берудің 

қажет  еместігі  де  байқалған. Мәселен,  олар көрсетілім материалдарын дайындағанда өте ашық, айқын, 

жарық түстерді,  суреттерді, анимацияны шамадан тыс қолданады. Бір қарағанда бұндай дүниелер  есте 

жақсы сақталатын сияқты болып көрінгенімен, сабақтың негізгі мақсатына, мазмұнына, ақпаратына кері 

әсерін  де  тигізеді.  Осындай  кемшіліктерді  болдырмау  үшін  жыл  басында  оқушылар  (студенттер)  үшін 

жақсы  дайындалған  үлгілерді  көрсетіп,  тиімді  көрсетілім  ойластырып  дайындаудың  шағын  шеберлік 

сабақтарын өткізген жөн сияқты.  

Жаңа технологиялар, электронды құрал-жабдықтар кең пайдаланылып, сабақтар жүргізілетін мектеп-

терден білім алып шыққан оқушылар, кейін ЖОО-да оқып жүрген кездерінде олармен (компьютер және 

т.б. электронды құрылғылармен) нәтижелі жұмыс атқарып жүр. Мәселен, филология факультетінің І курс 

студенттерінің  қазақ  тілі  пәні  бойынша  дайындаған  көрсетілімдері  түрлі  стильді  ұстанған,  түрлендіру, 

қажетті мәтінді барынша ықшам түрде пайдалану, көрнектілікті ұсыну талаптары сақталған әдемі дүние-

лер болып келетініні іс жүзінде аңғарылып жүр.  

Қазіргі  кезде  қазақ  тілі  сабақтарында  электронды  құрылғыларға  негізделген  жаңа  технологиялар 

бойынша  дайындалған  дүниелер  кең  қолданысқа  ене  бастады.  Соны  ескере  отырып,  айталық,  «Қазақ 

тілінің  дыбыстық  жүйесі»  деген  тақырыптағы  курста  студенттер  өздерінің  көрсетілімдер  жиынтығын 

әзірлейді. Алайда бір семестр (екі кредит) бойы аптасына 1-2 сағат көлемінде өтілуге есептелген бағдар-

ламада  ондай  көрсетілімдердің  барлығын  бірдей  терең  зерделеп,  толықтай  бағалау  мүмкін  емес.  Сол 

себепті студенттер тарапынан ұсынылатын материалдарды ескерусіз қалдырмай, оларды демеу мақсатын-

да әрі қандай да болсын бір сабақтың білім ресурсын байытатын материалдар есебінде оларды дайындау-

ға әрі сақтауға баса назар аудару қажет деп ойлайдамыз.  

Әдетте  біз  оқу-тәрбие  үдерісінде  қазақ  тілі  пәні  (курстары)  сабақтарының  тақырыптары  бойынша 

өтілген  материалдарды  бағалап  қорытындылайтын  кезде  өз  бетімен  орындалатын  жеке  жұмыс  ретінде 

студенттерге  MS  Publisher  бағдарламасын  пайдаланып,  буклет  немесе  реферат  дайындауды  ұсынамыз. 

Мұндай жұмыстарда тақырып қорытындысы тезис  не көрнекілік түрінде  беріліп қана қоймай, бақылау 

(ауызша, жазбаша, тестілік емтихан немесе сынақ) сұрақтары және олардың жауаптарымен де толықты-

рылады.  Міне,  осындай  буклеттер  мен  рефераттар  кейбір  сабақ  тақырыптарын  өз  бетімен  тереңірек 

игеруге, меңгеруге қажетті құрал болып та саналады. 

Қазіргі  уақытта  қазақ  тіл  пәнінің  ұстаздары  отандық  білім  беру  бағдарламаларында  нақтыланған 

оқыту  технологияларын  көбісін  басшылыққа  алып,  оларды  барынша  кеңінен  қолданып  жүр.  Сабақта 

пайдаланатын электронды сандық жүйе білім беру бағыттары бойынша сан алуан интербелсенді кесте-

лерді, сұлбаларды, қызықты мультимедиалық сабақтарды, жазбаша бақылау сұрақтары мен тест тапсыр-

маларын  қамтиды.  Алайда  аталған  ресурстарды  бір  пәннің,  атап  айтқанда  қазақ  тілі  пәнінің  барлық 

сабағында  бірдей  қолдану  мүмкіндігінің  шектеулі  екені  баршаға  аян.  Сондықтан  да  кейбір  файлдарды 

бізге ыңғайлы офис бағдарламаларына көшіру қиындығын да атап өткен жөн. Себебі филолог-ұстаздар 

қаншалықты  жоғары  деңгейде  компьютер  тілін  меңгердім  дегенімен,  арнайы  дайындықтан  өткен 

ақпараттану  (информатика)  пәнінің  мамандарындай  жұмыс  істей  алмайды.  Мәселен,  интербелсенді 

тақталар үшін неғұрлым тиімдісі – SMART Note book-типтегілері. 

SMART Note book-

типтегі  файл  мұғалім-оқытушыларға  сабаққа  қажетті  қосымша  материалдарды 

ойластыра  отырып,  көрнекі  құралдарды  дайындауға,  оларды  ұсыну  қалпын  өзгертуге,  интербелсенді 

тапсырмалар енгізуге мол мүмкіндік береді. Бұнымен қатар интербелсенді тапсырмаларды әр оқушы, егер 

электронды құрал-жабдықтарды, соның ішінде компьютер тілін жақсы біліп, бағдарлама әзірлеуді және 



205 

ақпараттандыруды жеткілікті мөлшерде меңгерген болса, мұғалім-оқытушы нұсқауы бойынша өз бетімен 

дайындай алады немесе аталған ресурстардың Flesh-файлдарын, оқыту дискілерін қолдана алады. 

Интербелсенді тақтаны пайдаланып сабақ жүргізу берілетін білімнің сапасын ғана арттырып қоймай, 

оқушының (студенттің) әр сабаққа деген қызығушылығын тудырып, олардың жалпы уақытын үнемдейді, 

ынта-ықыласын  (мотивациясын)  жақсартады,  әрбір  оқушыны  ұжымдық  жұмысқа  тартуға  көмектеседі, 

жеке  қабілетін  жетілдіреді  және  олардың  шығармашылық,  зерттеушілік  дағдыларын  дамытады.  Осы 

мүмкіндіктерді  ескерген  білікті  ұстаз  әрқашан  ақпараттық-қатынастық  технологияны  дұрыс  таңдап, 

белгілі бір сабағы үшін нақты педагогикалық мақсат-міндетті орындаудың оңтайлы әдісін таба біледі.  

Осындай  технологияның  оқу  үдерісіндегі  практикалық  маңыздылығымен  қатар  жанама  мынадай 

тиімді жақтары бар екенін де атап өткен жөн:  

• 

қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынас үдерісі табысты өтеді; 



• 

оқушылар немесе студенттер өз ой-пікірлерін қысылмай, емін-еркін жеткізіп айта алады; 

• 

берілген білімге, ақпарат-мәліметке қатысты қойылған сұрақтарға өз ойымен батыл жауап береді; 



• 

білім беру-білім алу үдерісі көтеріңкі көңіл-күй жағдайында іске асырылады.  

Оқушы-студенттер сабақ жүргізуге пайдаланылып отырған жаңа технологияларға өзінің де қатысы 

бар екенін сезініп, оны терең түйсініп, әріде жинақтаған тәжірибесін ғаламтор желісін пайдалана отырып, 

қашықтан білім алуда да ұтымды пайдалана алады. 

Қорыта айтқанда АҚТ отандық білім  беру жүйесінің сапалық деңгейінің артуына зор ықпал  етеді. 

Сол  себептен  отандық  білім  беру  әдіснамасын  электрондық-ақпараттық  технологиялар  мен  құрал-

жабдықтар арқылы жаңартып, халықаралық стандарт дәрежесіне көтеріп, білімгерлерді әлемдік бәсекеге 

қабілетті маман етіп даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет