Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет514/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   510   511   512   513   514   515   516   517   ...   548
Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз  

• 

Біз  өз  жұмысымызда  Елбасы  ұсынған  Бес  институционалды  реформа  мен  Ұлт 

Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек.   

• 

Еліміздің  қоғамдық-саяси  өмірін  жаңғыртпай,  табысты  экономикалық 



реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз. 

• 

Елімізді  өңірдегі  көшбасшы  ретінде  танытып,  Орталық  Азиядағы  беделімізді 



арттыру – стратегиялық міндет. 

• 

Мемлекет  басшысы  ретінде  тағы  да  мәлімдеймін:  жеріміз  шетелдіктерге 



сатылмайды. Оған  жол берілмейді. 

Мәтін  авторы  біз,  еліміз,  жеріміз,  біздің  қағидатымыз,  беделіміз  деген  сөздер  мен  сөз 

тіркестері  арқылы  оқырман  қауымын  өзімсініп,  айтылғандардың  барлығының  халыққа  ортақ 

екендігін көрсетуге тырысқан. 

Абырой-беделді алға тарту тактикасы – қазақ халқы бұрыннан қолданатын тиiмдi әдiс. 

«Өнер  алды  қызыл  тiл»  деп  шешендiктiң  мәнi  мен  мағынасын  ертеден  терең  түсiнген 

халықтың  бiрi  –  қазақ  халқы  өз  ойын  ашық  жеткiзiп,  тыңдаушысына  әсер  ету  үшiн  ұлы, 

ойшыл, бiлiмдар адамдардың, ғалымдардың, ел сыйлаған қариялардың, шешендердiң сөздерiн 

алға тартып, олардың абырой-беделiне арқа сүйей отырып, түпкi мақсатына қол жеткiзген.  

Мысалы: Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде  «



Бірлік – ақылға бірлік» дегенін білесіздер.  

Елбасымыздың  «Ел  бірлігі  –  ең  асыл  қасиет»  деген  қанатты  сөзі  –  біздің  айнымас 

қағидамыз. 

Тілдің лексикалық қазынасындағы сөздердің мағынасын, прагматикалық мақсатын айқындап 

әрі қолданысқа дұрыс енгізу мәселесі стилистика ғылымымен тығыз байланыста болады.  

Безендіруші  стилистика  сөз  образына  арналады.  "Образдылық",  "бейнелілік",  "көркемдік"  - 

өте  күрделі  стилистикалық  категория.  "Образ"  терминінің  астарында  семантикалық  ерекшелік  пен 

прагматикалық мақсат, стилистикалық әсер қатар үйлесіп айтылады. Сөздің образдылыққа енуі өзінің 

тура мағынасынан ауыспалы мағыналарға ойысуы, сөздің образды мағынаға ие болуы өзінің алғашқы 

номинативті  мағынасының  қызметін  жоғалтып,  ерекше  бояуға  енуі  болып  табылады,  ал 

экспрессивтілік  бояу  стилистикалық  әсер  береді,  автордың  сөзі  прагматикалық  мақсатын  айқын 

танытып отырады. Ал эпитетті сөздер автордың айтайын деген идеясын бейнелілік дәрежеде көтеру 

мақсатын  білдіріп  қана  қоймайды,  суреттеп  отырған  оқиға  құбылыстың  жағымды  жақтарын, 

автордың  көзқарасын,  қоғамға  көзқарасын  әртүрлі  мақсатта  қолданылады.  Мысалы,  мақалада 

қолданылған  эпитеттер:  сындарлы  өтініш-тілектерін,  тұрақты  диалог,  қазіргі  геосаяси  ахуал, 

бейбіт  акциялар,  белсенді  азаматтық  қоғам,  қайғылы  оқиғалар,  ұлттық  компания,  жаңа  жоба 

және т.б. 

Мәтінде  прагматикалық  функция  атқаратын  тілдік  құралдардың  бірі  -  бағалауыш  лексика. 

Бағалауыш  лексика  қазақ  тіліндегі  мол  лексикалық  қордың  қолданбалылық  қасиетін  ашады. 

Бағалауыш  сөздерде  субъектінің  объектіге  деген  эмотивтік  қатынасы  анық  байқалады.  Бағалаушы 

субъект үш түрлі қызмет атқарады: 

1) бағалап отырған затты тану 

2) өз тарапынан баға бере алуы 

3) прагматикалық әрекетпен байланысты эмотивтік қызмет [4, 85]. 



Азаматтардың  барлық  сындарлы  өтініш-тілектерін  жедел  әрі  тиімді  қарастыратын 

«

Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. 

Осы  мақсатпен  біз  белгілі  қоғам  өкілдерін  қамтитын  Ұлттық  қоғамдық  сенім  кеңесін 

құрдық. Бұл кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейді. 

Мемлекет  басшысы  ретінде  тағы  да  мәлімдеймін:  жеріміз  шетелдіктерге  сатылмайды. 

Оған  жол берілмейді. 

Жолдауда  перформативті  етістікті  сөйлемдердің  кездесуі  оның  прагматикалық  сипатын 

айқындауға  мүмкіндік  береді.  Мысалы:  Мен  бәріңізді  мерейлі  мекенімізді  өркендетуге  үлес  қосуға 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   510   511   512   513   514   515   516   517   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет