Тақырып-12. Маркетингті бақылау және жоспарлау маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары



бет26/29
Дата06.01.2022
өлшемі393,5 Kb.
#12031
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Іскерлік қатынастар. Халықаралық маркетинг келіссөздерден басталады, ал оған қатысушыларының тәртібі көбіне әр елдердегі мәдени ерекшеліктермен анықталады. Егер сіз сауда жасайтын елдің мәдениеті мен дәстүрін білмесеңіз, көп мүмкіндікті жоғалтасыз. Мысалы, американдықтар уақытты қадірлейтіндіктен, келіссөздер жүргізгенде негізгі мәселеге көшеді. Алайда көптеген азиялық елдердің бизнесмендері серіктеспен жеке қатынастарды құруға көп уақыт бөледі, сондықтан уақыттың негізгі бөлігін олар іскерлікке қатысы жоқ еркін тақырыптарға жұмсайды. Немістердің келіссөздеріне уақтылы келу керек болса, ағылшындықтармен болатын келіссөздерге 10 минут кешігу қалыптасқан. Тәжірибе көрсеткендей, жапондықтармен келіссөз жүргізу қиын. Олар келіссөз кезінде әрқашан жақсы көңіл-күйді білдіріп күліп отырса да не «ия», не «жоқ» деген сөзді атап айтпайды. Болгарлар Қарсы жауапқа басын изейді, ал келіскенді білдіру үшін басын шайқайды. Осындай әр елдегі кездесудің ерекшеліктері келіссөз жүргізуде қиындық туғызады.

Адамның іс-қимылының да үлкен маңызы бар. Американдықтар жапондықтар сияқты қарапайым болмайды. Жапондыққа, ең бастысы иілу арқылы құрмет белгісін көрсету керек болса, американдықтар бір мәрте тамақ ішуге шақырады, сондықтан қарныңыз ашса, қарсы болмаңыз, өйткені екінші рет олар шақырмайды. Американдықтар әрқашан да сөйлесіп отырған адамның көзіне жымиып қарайды.

Жапнодық компаниялар әдетте өзінің менеджерлерін басқа елдің мәдениеті мен іскерлік тәжірибесімен танысу үшін шетелге жібереді.

Халықаралық маркетингтің этикалық аспектілері кейбір индустриалды елдердің тұтынушыға зиян келтіретін тауарларды дамушы мемлекеттерге және нашар дамыған елдерге сатумен байланысты. 70-жылдың соңына компаниясының сапасы төмен балалар тағамын пайдалану нашар дамыған елдердегі сәбилердің өліміне әкелді. Осыдан кейін компанияға бүкіләлемдік бойкот жариялайды.

Азия елдеріндегі тұтынушылар қозғалысының белсенділері темекі маркетингінің әдісін сынға алады. Олар американдық копанияларға бала санасын арбап, шылым шегу американдық өмір салты ретінде көрсетіп, бала қиялының мүдделері үшін пайдаланады деп кінә тағады.

АҚШ-тың темекі шығаратын компаниялары өз елінің шылым тұтыну азаюына байланысты, шетелге сатуға мәжбүр болды. Осыған орай зиянды өнімді шылым шекпейтіндерге, әсіресе, аштық жайлаған елдерге темекі және де тағы да өміріне залал келтіретін тауарларды ұсыну этика, адамгершілік жағынвн дұрыс па? Халықаралық компанияларға жақсы жүруі үшін серіктес-сатып алушыларға сыйақы беруі тиісті ме? Осы және жоғарыда айтылғандар халықаралық маркетингтің этикалық мәселелері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет