Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет26/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89
Номиналды ЖҰӨ
Нақты ЖҰӨ = ——————————

Баға индексі

Номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасын жалпы ұлттық өнімнің дефляторы деп атайды.


Номиналды ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторы = ——————————

Нақты ЖҰӨ
Тауар мен қызмет көрсетудегі орташа баға пайызының өзгеруін баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.
ЖҰӨ дефляторымен қатар тұтыну бағаларының индексі есептеледі, яғни тұтыну қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш анықталады:
Ра •Qқ
Тұтыну бағаларының индексі = —————— ,
Рб •Qқ
Мұнда Ра , Рб – ағымдағы және базистік жылдың бағалары.
Qқ – тұтыну қоржынына кіретін тауарлар саны.
ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну тауарлар бағасының индексі арасындағы айырмашылық:

  1. ЖҰӨ дефляторына мемлекетте өндірілген барлық тауарлардың бағалары кіреді.

  2. ЖҰӨ дефляторына осы елдің капиталы арқылы сыртта және ел шеңберінде өндірілген өнімнің көлемі кіреді.

  3. Тұтыну баға идексінің есебіне тек қана тауарлар мен қызметтердің белгіленген (шектелген) көлемі кіреді.

Халықаралық статистикада ЖҰӨ-ді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады.
Екі тәсіл де бірдей болып бағаланады:

  1. Шығындар бойынша: ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұнда: С- үй шауашылығының тауарлар, қызметтерге кеткен шығындары; G– мемлекеттің сатып алуы, І – жалпы инвестициялар, Х – таза экспорт, экспорт пен импорт айырмашылығы.

  1. Табыстар бойынша: ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы, R – ренталық төлемдер,
I – жинақ капиталының пайызы (%), P- фирма мен корпорацияның пайдасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет