Құндылықтарды қайта бағалау мен парадигмаларды ауыстыру кезінде саясат философияның нақты қашан пайда болғандығы туралы сұрақ туындайды. Осы сұраққа жауап іздеу барысында, көптеген зерттеушілер антикалық ойдың негізін қалаушы аталарына жүгінетін. Шынымен де, саяси әлемге көнелік қоғамдық ойдың Платон, Аристотель, Цицерон және т.б. сияқты өкілдері аса қызығушылық танытқан. Сол кезде, одан кейін де шешен атпен «Саясат», «Мемлекет», «Заңдар», «Республика», «Патша» атты кітаптар жарық көрген. Осыдан келіп шығып, көптеген қазіргі заманғы зерттеушілер саяси философияны антикалық дәуірге жатқызуға болатындығын айтады.
Қазіргі кездегі ірі саяси философ ретінде бұл тезисті негіздеген ғалым Л.Штраус болып табылады. Дәстүрге сүйене отырып, саяси философияның негізін қалаушы Сократ деді. Оның ойы бойынша, Платон мен Аристотельдің еңбектері саяси философияға қатысты бізге жеткен еңбектердің ішіндегі ең көнесі. Штраус схемасы бойынша, саяси ғылымды риторикамен теңестіруге қарсы шыға отырып, саяси философия классиктері ғылымды жеке пән дәрежесіне дейін көтеріп, осылайша, саяси ғылымның негізін қалаушыларға айналды.

Оның құрамына саяси онтология, аксиология, эпистемология, әдістеме кіреді. Екінші сипатында бұл саяси әлемнің дүниетанымдық, нормативті және құндылық негіздері, саяси, мемлекеттік, билік және т.б. идеялар қалыптасатын, адамдардың рухани қызметі саласы болып табылады. Саясат философиясы саяси әлем мен философияға қатысты мәселелерді талдай отырып, философия мен саяси ғылымның арақатнасын зерттейді. Бір жағынан саяси философия жалпы философияның бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде өзіндік феномен ретінде, ол жалпы философиядан шыққан.