Жастардың психологиялық проблемалар мазмұны бойынша жіктеліп, былайша топтастырылды:
Проблема ретінде қабылданып, танылатын кейбір тұлғалық ерекшеліктер: сенімсіздік; ұялшақтық; қорқақтық; жалқаулық; сенгіштік; күмәншілдік т.с.с.
Қарым-қатынасқа байланысты проблемалар: қарым-қатынас жасау дағдысының жеткіліксіз болуы; әрқашан адамдармен тіл табыса алмау; бастамашылдықтың жетіспеуі; тұйықтық т.с.с.
Оқу, еңбек іс-әрекетіне қатысты проблемалар: сәтсіздікке бой алдыру; іс-әрекеттеріне көңілдің толмауы; уақытты жеткізе алмау; өзара әрекеттестікті тиімді орната алмау; ерік-жігердің жетіспеуі т.с.с.
Тұрмыс жағдайына, тіршілік әрекетіне байланысты проблемалар: мекен-жайдағы жағдаймен қанағаттанбау; дем алуға уақыттың болмауы; күн тәртібін сақтай алмау т.с.с.
Материалдық жағдайлардан туындайтын проблемалар: қаржыны үнемдей алмау; материалдық жағынан тәуелсіздіктің болмауы; материалдық жағдайға байланысты дәрменсіздікті сезіну, кредит ала алмауға және алғандардың оны өтей алмауына байланысты психологиялық тығырықтар т.с.с.
Өзін-өзі танытуға, өзін-өзі актуалдандыруға орай проблемалар: өмірде өзіндік орын табудың қиыншылығы; болашақтың бұлыңғырлығы; өзіндік танымның жеткіліксіздігі; өзіндік бағаның дәлме-дәл болмауы т.с.с.
Жеке бастың проблемасы ретінде қабылданатын, түсінілетін әлеуметтік ортадағы мәселелері: отбасындағы жағдайдың ауырлығы; жақын адамның денсаулығындағы мәселелер; «қазіргі адамдардың өзгеруі» т.с.с.
Физикалық денсаулыққа байланысты және психологиялық денсаулыққа қатысты проблемалар: шаршау, қажу жәйті; денсаулықтың нашарлауы; қорқынышқа, стреске бой алдыру т.с.с.
Қорғаныс механизмінің орнығу проблемасы: зерттеуге қатысқан екі студент пен 5 жас маман өздерінде ешқандай проблема түбегейлі жоқ екендігін мәлімдеді. Бұл жағдай олардың саналы түрде аңғарылмаған, тереңде жатқан проблемаларының бар екендігін және осы орайдағы қорғаныс механизмдерінің ықпалын танытады.