Тақырып: Оқу әрекетіне басшылық. Оқытудың жаңа технологиялары Қарастырылатын сұрақтар



бет3/3
Дата28.10.2022
өлшемі36,8 Kb.
#45909
1   2   3
мақсаты аталған жүйелердің ұтымды қызметін қамтамасыз ету, балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жоғары нәтижелеріне аз уақыт және күш-қайрат шығынымен қол жеткізуден тұрады.
Қазіргі заманғы балабақшаны басқару – мақсаттар мен міндеттерді дұрыс қоя білудің, тәрбие жұмысында қол жеткізген деңгейді зерделеу мен терең талдаудың, озат тәжірибені анықтау және тарату мен тәрбиешілерді балалармен жұмысқа дайындауда педагогика ғылымдарының жетістектерін қолданудан тұратын ұтымды жоспарлау жүйесінің, балаларды сабақ үстінде және күнделікті өмірде оқыту мен тәрбиелеудің үйлесімді бірлігін жүзеге асыру, тиімді басқару және орындалуын жүйелі тексеру нәтижесінде қалыптасатын күрделі үдеріс.
Аталған міндеттерді шешуде балабақшаны басқаруды терең демократияландыру маңызды орын алады. Мектепке дейінгі мекемені басқаруда бір адамның басқаруы мен алқалылық ұдайы үндесіп отыратын факторлар болып табылады.
Өйткені мектепке дейінгі мекеменің тынысы мен қызметінің аса маңызды мәселелері алқалық деңгейде қарастырылады. Бір адамның басқаруы мен алқалылықтың өзарақатынасы мәселелерді педкеңесте, жұмысты ұжымдық талқылауда, өндірістік отырыстар мен ұжымның жалпы жиналысынан көрінеді.
Алқалылық – шешімдерді талқылау мен жасауда, бір адамның басқаруы – басшының өкімдерінде көрініс табады.
Айтарлықтай маңызды мәселелерді іріктеу және оларды педкеңесте, ұжымның жалпы жиналысында талқылауға дайындаудың жан-жақтылығы, ұжымда іскерлік ахуал орнату, ұжымдағы ынтымақ көбінде басшыға байланысты.
Әкімшілік басқару сатыларының үйлесімді қызметі, олардың алқалық басқару органдарымен өзарабайланысы мекеме қызметкерлерінің алдына қойылған мақсаттарға қолжеткізудің жоғары нәтижесін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық үдерісті басқару меңгерушіден терең ақыл-парасатты талап етеді; ол білімін, білігін және тәжірибесін кез келген өмірлік ситуацияларда қолдана білуі, педагогикалық құбылыстың мәніне жете білуі тиіс.
Меңгеруші үнемі өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуы керек. Төменде өзіме үнемі жол бастаушы ретінде ұстанатын, психологиядағы өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі басқарудың барынша кең тараған әдістерін әріптестеріме ұсыныс ретінде келтірсем:
- еске салу әдісі. Өзінің кемшілігін білетін басшы, ол туралы өзіне үнемі ескертіп отырады. Кейде жазбаша да болады. Мысалы, стол үстіне «Өзіңді өзің ұстай біл!», «Ызаланба!», «Ақылыңды ашуыңа жеңдірме!» деген ескертпелер жазылған қағазды қоюға болады.
- стоп-кран - «шұғыл тоқта» әдісі. Қатты қызып, мәселе ушыға бастағанда, басшы өзіне: «Жоқ, бұдан ары олай етуге болмайды! Өзіңді басқаша ұста, мұнан да нәзік тәсіл тап!» деп ескерте білу тиіс. Бұл тасқынды тоқтатып, өзіне, адамдарға, орын алған жағдайға басқаша қарауға мәжбүрлейді.
- өзін-өзі ұстау әдісі. Өткір, өзекті жағдайларда басшы өзін «арадағы араздықты одан ары өршіту» жақсылыққа апармайтынына сендіре бастайды. Өзін-өзі ұстау қиын, соққыға соққымен жауап бергің келеді, дегенмен ол өзін саналы түрде басады, жағдайдан басқа істерге көңіл бөлу, басқа жерде шерін тарқату және т. б. арқылы алшақтайды.
- әрекетке дейінгі түсініктеме әдісі. Түсініктеме екі жақтың өткірсезімтал қарым-қатынастардың себептерін түсінуге мүмкіндік береді.
Басқару үдерісіндегі маңызды орынды басқару шешімі алады. Басқарушылық шешім - әміршіл нысанда берілген іс-әрекет бағдарламасы болып табылады. Кез келген шешім басшы немесе ұжым қол жеткізуге ұмтылған мақсатты айқындайды. Шешім:
- істің қажетті және қолданыстағы жайы арасындағы айырмашылықпен сипатталатын проблемалық ситуация болғанда қабылданады;
- басқару шешімдері бір-бірімен мазмұны жағынан ерекшеленеді. Кез келген басқару шешімінде мәселенің шешілуі туралы сұраққа жауап болуы керек;
- басқару шешімі ғылыми негізделген, өкілетті, дер кезінде, мақсатты болуы және орындалу айқындығымен, нақтылығымен, реттілігімен, қысқалығымен, түсініктілігімен және нысанының қатаңдығымен ерекшеленуі тиіс;
- шешім шынайы ақпарат негізінде қабылданады. Нысанына қарамастан шешімнің мәтіні мәселенің мәнін аша білуі тиіс;
- мектепке дейінгі мекемені басқарудың тиімділігі қабылданатын шешімдердің сапасына ғана емес санына да байланысты. Бұйрықтарды кез келген мәселе бойынша шығару, оның маңыздылығын төмендетеді;
- меңгерушінің бұйрықтың орындалуына жауаптылардың арасындағы өзараәрекетті орната білгені, олардың әрқайсысының міндетін анықтай білгені жөн. Бір қызметкер шешімнің қабылдану қажеттігін бірден көрсе, екіншісі мүлдем шешім қабылдамайды, ал үшіншісі проблеманы мүлде көрмейді.
- міндетті ұғынудың тиімді тәсілінің бірі – оның тілдік берілімі, атқарушыға бере білу ұстанымында. Меңгерушінің бағынысындағы қызметкерге сөйлеу мәнері қабылданған шешімді орындауға деген ұмтылысты шектеуі немесе ынталандыруы мүмкін. Мәні – дұрыс сөйлеу білу білігі. Ол көбіне, басшының тәрбиелілігіне байланысты.
«Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда да, ауыр өнер, тек бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетіспейді. Басқа адамдардың тәжірбиесімен танысу керек» - деп ұлы ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, мен де жас басшы ретінде өз тәжірибеммен әріптестеріммен бөліскім келді. Тілге тиек болған ұстанымдар, тек мемлекеттік ғана емес, қоғамдық маңызы артып отырған жас, жаңа жеке меншік нысанындағы бала бақша басшыларына да қажетті деп ойлаймын.
Балалар - еліміздің бүгіні мен ертеңі. Отанымыздың басты байлығы, болашақ тірегі де осы - балалар. Балаға қамқор болып, тиісті жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру - біздің басты мақсатымыз.
Кішкентай бөбегіміздің алғашқы даму кезеңі, біліммен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақшадан басталады. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға деген көзқарасы, адамдармен қарым-қатынасы, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Кішкентай бүлдіршіндердің бала-бақшаға барамын деп, таңды асыға күтуін ұйымдастырсақ біз отанымыздың алдында педагогикалық парызымызды өтедік деуімізге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет