(Пайғамбарымыздың бір күні) атты еңбекті бағдаршам ретінде
алдық.
Одан соң кезек күттірместен Ислам ғұламаларының
еңбектеріне бет бұрдық. Шейх Әбдул-Фәттәх Әбу Ғуддә осы
тақырыпты қамтитын «
Қимәтуз-зәмән индәл-уләмә
» (Ілім
иелері үшін уақыттың құндылығы) деп аталатын өте пайдалы
еңбекті дүниеге әкелді. Онда шейх ғұламалардың уақытты
тиімді пайдалануға қатысты айтқан сөздері мен олардың
өмірінен мысалдар келтіреді. Осы кітапты пайдалана отырып,
тек ғалымның уақыт тақырыбындағы пікірлерін ғана емес,
ертеде өткен Ислам ғұламаларының өмірлерінде уақыттың
орны мен олардың өздерінің ізін жалғастырушыларға уақыт
құндылығын жеткізген өсиеттерін де назарға алып, оқырман
қауымға ұсындық.
Келесі кезекте араб және түрік тілді мұсылман ғалымдардың
жазған еңбектерін кәдемізге жараттық. Олардың арасында
арнайы уақыт тақырыбында қалам қозғағандары да бар.
Сонымен қатар уақыт құндылығын тереңінен түсіндіру
барысында атап өткіміз келген тақырыптарды табуға да
мүмкіндік берген еңбектер баршылық. Олардың ішінде ең көп
пайдаланылғаны – Ибраһим Жананның «
Islam’da Zaman
Tanzimi
» (Исламда уақытты жоспарлау) кітабы. Кейінгі кезекте
Экрем Сагыроглуның «
Zaman Bilinci
» (Уақыт түсінігі), Өзжан
Хыдырдың «
Достарыңызбен бөлісу: