26
Миды қышқылдандырылған салқын суға 1-2 сағат миды судан шығармай
тұрып алып тастайтын қабықтың ісінуі үшін малындырады.
Қарынды салқын суға ауыстыра отырып мұқият түрде малып алады,
сосын бірнеше мәрте қайнаған сумен жібітеді және қайтадан салқын сумен
жуып-шаяды.
Тілді салқын сумен мұқият жуып-шайып, қылтасын кесіп тастайды.
Жүректі салқын суға 1-2 сағат бойына салып қойып, жақсылап жуып-
шаяды.
Басты салқын суға малып, пышақпен қабығын тазалап, артынша жұмсақ
етін терісімен бірге кесіп тастайды. Тіл және мимен бірге түскен бастардан
алдымен тілді кесіп тастап, сосын барып жұмсақ етін терісімен бірге кеседі,
қиғышпен маңдай сүйегін кесіп, миды шығарып алады.
Бұзау және шошқа бастарын жидітіп, тазалап, жуып-шаяды. Егер жүні
қалып қойған болса, онда оларды қосымша үйітеді. Одан кейін маңдайынан
мұрнына дейінгі жұмсақ етті тілік жасап, жұмсақ етті құлақтармен бірге
кесіп тастайды.
Желінді массасы 1,5-2 кг етіп бөліктерге кеседі және 3,5 сағат аралы-
ғында салқын суға малып алады.
Ірі қара малдың сирағынан тұяғын ажыратып алып тастап, сирақты
мұқият жуып-шайып, 2 бөлікке және әр бөлігін көлденеңінен шабады.
Шабылған сирақтарды салқын суға 2-3 сағаттай салып қояды. Егер сирақтар
жүнімен бірге түскен болса, оларды алдын ала үйітіп алады.
Бұзау және шошқа сирақтарын жидітіп, тазалап, тұяғын алып тастайды.
Одан кейін ұнмен сылап, үйітеді. Етті екі жағынан сүйегін бойлай кесіп,
буындарында тілік жасайды.
Өкпе-бауырды құрамдас бөліктеріне бөлшектейді: жүрек, өңеш және
кеңірдекті ен бойына тіктеп кеседі. Одан кейін барлық бөліктерін жақсылап
жуып-шаяды.
Етті сылып алу нәтижесінде алынған сүйектерді тазалап, түтік тәрізді
сүйектердің буын бастиегін арамен кесіп тастайды. Жайпақ сүйектер мен
буын бастүйектерін ұзындығы 6-7 см болатындай етіп, бөліктерге шабады.
Түтік тәріздес сүйектерді бөлшектемейді.
Достарыңызбен бөлісу: