Тамшылары



Pdf көрінісі
бет67/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84
Байланысты:
Тағылым тамшылары 2

 Қайсысы шейіт?
Әмір Темір Халеп қаласын басып алған кезде 
көптеген мұсылмандардың қаны судай ақты. Соғыстан 
кейін діндарларды шақыртып алған ол:
– Соғыс кезінде сіз бен бізден көп адам өлді. 
Айтыңдаршы, кәне, осылардың қайсысы шейіт болды? 
– деп сұрады. 
Сонда Ибнушахнә орнынан тұрып:
– Сізден яки бізден өлуінің ешқандай мәні жоқ. 
Кім Аллаһ тағаланың ұлы есімін асқақтату ниетімен 
30
Ахбару Мекке (Мекке, 1994), 1/136-154; Әйюб Сабри Паша: 
Мирату-л- Харамайн, 1-2/443-458; Әл- Камил фи-т- Тарих, 
1/442-47.


163
Әулие-абыздар 
соғысқан болса, сол ғана шейіт болды, – деп жауап 
берген екен.
Қашанда қай істе болмасын түпкі ниет аса 
маңызды. Шейіттіктің де ниетке байланысты екені 
сөзсіз. 
Күндік өмірің болса...
Мекке...
Жол шетінде қарт кісі мен жас жігіт шүйіркелесіп 
өзара әңгімелесіп отыр. Алдарынан жақсы киінген бір 
кісі шықты. Әлгі кісі келген бойы жас жігітке бір кесе 
алтын ұсынды. 
Жігіт:
– Рақмет, – деді, – маған оның қажеті жоқ! 
– Сонда да, ал, – деді әлгі кісі, – қаласаң 
өзіңе жаратарсың, қаламасаң кедей-кепшіктерге 
үлестірерсің? 
Жігіт көп сөз таластырып жатпастан ала салды. 
Бір кесе алтынды тұтастай сол күні-ақ өзі білетін мұң-
мұқтаж кісілердің бәріне таратып берді. 
Қарт кісі ертесі күні кешегі қасында отырып 
әңгімелескен жас жігіттің біреуге қыжалатын айтып 
көмек сұрап тұрғанын көріп:
– Балам-ау, өзіңнің де ақшаң жоқ екен. Кешегі 
қолыңа тиген алтыннан өзіңе де алып қалсаң болмас 
па еді? – дегенде, жас жігіт жұлып алғандай:
– Мен таң атса болды кешке дейін өмірімнің жетер-
жетпесіне ешқашан сеніммен қарап көрген емеспін, – 
деген еді. 


164
Тағылым тамшылары
Тақуалық қашанда өлімге даяр жүру. «Күндік 
несібе Құдайдан» деген сөз де осындай тақуа кісілердің 
айтқаны болса керек.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет