Сұрақ 10: ЖҮГІРУШІЛЕР
Бұл мақалада автор не айтқысы келді?
А) Көптеген аяқ киімдердің сапасы әлдеқайда жақсарды
В) Егер жасыңыз 12-ге толмаса футбол ойнамау керек
С) Жастар көбінесе дене жарақаттарынан қиналады
D) Жас спортшыларға жақсы спорт аяқ киімін кию өте маңызды
Сұрақ 11: ЖҮГІРУШІЛЕР
Мақалада: «Жақсы спорт аяқ киімі төрт белгілерге сәйкес келу керек» делінген.
Қандай төрт белгілер жайлы сөз қозғалды?
1 Егер спорт аяқ киімі өте қатты болатын болса,
2 егер тым жылжымалы болса ,
3
4
Тапсырма
ГРАФФИТИ
Мен ашудан жарылайын деп отырмын, граффитиді өшіру үшін мектептің қабырғасын төртінші рет тазалап, қайтадан бояп жатыр. Шығармашылық – бұл керемет, бірақ қоғамға зиян əкелмейтін өз өнерлерін көрсету əдістерін неге таппайды?
Не үшін рұқсат етілмеген қабырғаларға сурет салып жас ұрпақтың абыройын құрту керек? Кəсіпқой - суретшілер өздерінің қолөнерлерін көшелерге іліп қоймайды ғой, солай емес пе? Оның орнына олар қаржы табады да, ресми көрмелерде атақ-абыройды жаулап алады.
Менің түсінігім бойынша, ғимараттар, дуалдар, бақ орындықтары өздері-ақ өнер туындылары. Бұл үшін қолданылатын əдіс озон қабатын бұзатынын айтпағанда, бұл сəулет өнерін көркем суретпен құртудың өзі аянышты. Мен түсіне алмай келемін, неге осы жалған атақты суретшілер, олар өздері ойлағандай «суретөнерлерін» қайта-қайта көзбе-көз алып тастағанда соншама ашуланады. Хельга.
Адамдардың талғамдары əр түрлі. Қоғам ақпаратпен жəне жарнамалармен əбден қаныққан. Сауда компанияларының белгілері, дүкендердің аттары. Көшенің екі жағынан да ілінген үлкен плакаттар. Осының бəрі қанағаттандырадыма? Негізінен, иə. Ал граффити қанағаттандырады ма? Кейбіреулері иə десе, кейбіреулері – жоқ дейді.
Бұл граффити үшін кім төлейді? Ал соңында жарнама үшін кім төлейді? Дұрыс. Тұтынушы.
Ал жарнамалық қалқан қоятындар сіздерден рұқсат сұрады ма? Жоқ. Сонда рұқсатты қабырғаға сурет салатындар сұрау керек пе? Бұл жай ғана қарым-қатынас нұсқасы емес пе, мысалы, сендердің өз есімдерің, партия атаулары немесе көшелердегі үлкен өнер шығармашылықтары?
Осыдан біраз жыл бұрын дүкендерде пайда болған жолақ, тор киімдерді естеріңе түсіріңдерші. Шаңғы костюмдары туралы да. Үлгілері мен түстері бетон қабырғаларда салынған суреттерден көшіріліп алынған. Бұл үлгілер мен түстер бүгінде қоғамда қолданылатыны, таңқалдыратыны аса қызық, ал сонымен қоймай осы стильдегі граффити сұмдық болып есептеледі.
Иə, өнер үшін қиын уақыттар тууда. Маржан.
Бұл екі хат та Интернетпен келді жəне екеуі де «граффити» жайлы. Граффити –
бұл арнайы рұқсатсыз орындалған, қабырғалардағы немесе басқа жерлердегі суреттер мен жазулар. Хаттарды төменде берілген сұрақтарға жауап беру үшін қолданыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |