Тарих факультеті


Мәселенің зерттелу деңгейі



бет2/6
Дата15.04.2023
өлшемі317 Kb.
#82726
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дип.-XIV-ғасырдың-екінші-жартсындағы-Моғолстанның-ішкі-сыртқы-са

Мәселенің зерттелу деңгейі. Жетісудың саяси және этникалық тарихының зерттелуі орыс және кеңес дәуірінің тарихшыларының еңбектерінде кездеседі. В.В. Бартольдтың «Очерк истории Семиречья» еңбегі осы күнге дейін Жетісудың ежелгі ғасырдан XVIII ғ, ортасына дейінгі саяси тарихы туралы толық мәлімет береді. «Моғолстан» атты тарауында атақты орыс шығыстанушысы мемлекеттің саяси тарихы туралы нақты және басты оқиғаларына қысқаша тоқталып өтеді. В.В. Бартольдтың басқа еңбектерінде де Оңтүстік – Шығыс Қазақстанның территориясындағы саяси тарихы кездеседі. /1/ Оңтүстік – Шығыс Қазақстанның тарихының кейбір оқиғалары С.К. Ибрагимовтың, Л.Б. Ерзаковичтің, Т.И. Султановтың және т.б. зерттеушілердің еңбегінде көрініс тапқан. /2/ Моғолстанның өзбек және қырғыз елімен қарым-қатынасы туралы П.П. Иванов, Б.А. Ахмедов, С.А. Азимжанова, К.И. Петров зерттеген. /3/
Этникалык құрамы туралы В.В. Востров, М.С. Муканов, В.П.Юдин және О.К.Караевтің еңбектерінде кездеседі. /4/
Қазақ зерттеушілерінен К.А. Пищулинаның еңбегін ерекше атап өту керек. Бұл зерттеуде «Юго –Восточный Казахстан в середине XIV-начале XVI веков» Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, қазақ хандығының құрылуына дейінгі кезеңді қамтиды. Яғни XIV ғ. Ортасымен XV ғ. басындағы Моғолстаннын саяси тарихы суреттеледі. Моғолстан мемлекетінің батысында Әмір Темір ұрпақтарымен, шығысында ойраттармен күресі туралы айтылады. Пищулина, Моғолстан мемлекетінің ішкі феодалдық тартысқа және сыртқы көрші елдердің қарсылығына қарамастан, қазақ хандығы құрылғанға дейін өз мемлекетін сақтап қалды деп көрсетеді. /5/
Н.А Аристов, А.П Чулошников, С.Асфендияров, М. Тынышпаев өз еңбектерінде Моғолстан хандығының тарихын арнайы зерттемесе де, оның тарихына қатысты тың материалдарды ғылыми айналымға еңгізді. С. Ибрагимов, А.А Семенов XIV-XVII ғасырлардағы казақстанның этникалық және әлеуметтік тарихын зерттеуде парсы, түтік деректерін жинақтау мен жариалауға зөор үлес қосып, саяси құрылымдардың өткенін зерделеді.
Аса ірі шығыстанушы ғалым- В.В.Бартольд шығыс жазба, нумизматика, эпиграфика, этнография, археология деректерінің негізінде 1988 жылы «Жетісу тарихының очеркін» жазды. Еңбекте Жетісу өлкесінің тарихы ежелгі дәуірден XVIII ғасырға дейінгі аралықты қамтылған. Зерттеудің ең ұтымды тұстарының бірі онда Шағатай ұлысының, Моғолстан хандығының тарихы баяндалған. В.В.Бартольдтың бұл еңбегі Жетісу өңірінің тарихын зерттеуге арналған тұңғыш бірегей тарихи шығарма болып табылады. /6/
В.П.Юдин өзінің мақаласында Моғолстанның этникалық құрамын және басқа елдермен қарым-қатынасын суреттейді. Ол Моғол этнонимы жайында дәйекті көзқарас танытқандардың бірі. Ғылымда тарихшы-зерттеуші В.П. Юдиннің пікіріне балама тұжырым әлі де болса айтылмай келеді. /7/
О.К.Караев та «Чагатайская область. Государство Хайду и Могулистана» еңберінде, Моғолстанның құрылуымен XV ғ. басына дейінгі тарихына тоқталып өтеді. /8/
О.Ф.Акимушкин Моғолстан мемлекетінің сыртқы саяси қатынастары туралы айтып өткен. Ол т.б. мақалаларында Моғолстан мемлекетінің территориясын көрсетеді. /9/
Кейнгі жылдары С.Жолдасбайұлы «Жетісу тарихы» еңбегінде көрсетеді. Н.А Атығаев өзінің диссертациясанда Моғолстанның қазақ хандығымен карым- қатынасын көрсетеді./10/
Т.О.Омарбеков та «Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас» деген еңбегінде Моғолстан мемлекеті туралы өзінің піқірін білдірген. А.В.Строева, А.М.Гуревич өз шығармаларында Моғолстанның тарихы және басқа елдермен қарым- қатынасын көрсетеді. /11/
К.А.Пищулина Моғолстан мемлекетінің тарихын арнайы зерттеп, өзінің монографиясын жариялады. Сонымен қатар Моғолстан тарихы орта ғасырлардағы Қырғызстан тарихына қатысты зерттеулерде қарастырылды. Бұл еңбектерде Моғолстан хандығының құрылуы, мемлекеттік – саяси құрылысы, этникалық топтар мен процестер, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, қоғамдық қатынастары, көрші елдермен байланыстары көрсетілген. К.А.Пищулина Жетісудағы тайпалардың тарихын зерттей отырып, Моғолстандағы ру-тайпалардың қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңіндегі аткарған ролін, этникалық процестердегі орнын айқындаған. Осындай тарихнамалық шолуды қорытындылай келе Моғолстан хандығының тарихы негізінен зерттелген деген тұжырым жасауға болада. Алайда хандықтағы ру-тайпалар, этникалық процестер, этносаяси карым-қатынастар толық зерделене қоймаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет