Тарих, саясаттану


Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының есігі



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата17.02.2022
өлшемі1,57 Mb.
#25765
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының есігі  

Кесенедегі XIV ғасырдан сақталып келе жатқан екі есіктің бірі қабірхана есігі. Есіктің 

өлшемі – 2,5x1,4 метр, ал сыртқы жақтаушаларын қоса есептегендегі тұтас өлшемі 3,5x1,65 

метрді  құрайды  [9,  12-б.].  Бұл  есік  орта  ғасырлық  оюлы  есіктердің  тамаша  үлгісі  болып 

табылады.  Есік  екі  жақты  ашылады.  Екі  есіктің  өрнектері  бірдей  ұсақ  сүйектермен,  бағалы 

ағаш  бөліктерімен  әшекейленген.  Есіктің  сыртқы  бетінде  ойма  және  көмкеру  әдістері 

қолданылған.  Ал,  ішкі  беті  ұсақ  сүйек  және  ағаш  түрлерімен  көмкеріліп,  негізінен  біртегіс 

жасалған.  Есіктің  жоғарғы  және  екі  жақтауының  ергенектері  ауданы  16х46  см 

қаңылтырлармен  қапталған.  Қапталған  қаңылтыр  беті  алтынмен  апталған  сулс  үлгісіндегі 

жазулар  түскен  геометриялық  медальондармен  әшекейленген.  Б. Тұяқбаева  «Қаңылтыр 

пластиналардың санымен жақтаушаларға 23 хадис жазылғанын анықтауға болады»,  [10,  34-

б.]  –  дейді.  Бұл  күндері  жақтауша  көрінісі  біршама  қарауытып,  жазулар  бұрынғыдай  анық 

оқылмаса да ғасырлар қойнауынан жеткен көне дүние еріксіз көз тартады (1, 2-суреттер).  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет