Байланысты: КЕШЕН 107d6c74-9374-11e5-ae2b-f6d299da70eeОПИУД КАЗ ЛЕКЦИИ готовый
Темір жолды кесіп өтетін жерлер I - III санаттағы автомобиль жолдарының темір жолдармен қиылысуын әр түрлі деңгейде жобалау керек.
IV және V санаттағы автомобиль жолдарының темір жолдармен қиылысуы әр түрлі деңгейде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайында жобалануы тиіс:
- үш немесе одан көп басты темір жолдардың қиылысуы немесе қиылысу қозғалыстың тез жылдамдықтағы темір жол телімдерінде орналасқанда немесе қозғалыс қарқыны тәулігіне жүз пойыздан көп болғанда;
- қиылысатын темір жолдың ойыста орналасуы, сонымен қатар 6.5.3. т. Сәйкес көру нормалары қамтамасыз етілмеген жағдайларда;
- автомобиль жолында троллейбус қозғалысынемесе трамвай жолдары болғанда. Темір жолдарының үстінде жол өтпелерін жобалау кезінде, құрылыс габариттерін темір жолдарға жақын орналастыруды қамтамасыз ету бойынша талаптармен бірге:
пойыздардың қауіпсіз қозғалуна талап етілетін шарттар бойынша жолдар мен дабылдарды көруді қамтамасыз етуі тиіс;
темір жолдың жер төсемінің беріктігін ескере, су бұрғышты қарастыру
Дәріс№8 Көлік үрдісі, оның жүйектері және сипаттамалары туралы негізгі ұғымдар. Автотасымалдаудың түрлері мен классификациясы Автомобиль көлігін пайдалану бойынша инженерлерді дайындауда автотасымалдардың ролі. Жүк және жолаушы автокөліктік құралдарының классификациясы
Көліктік үрдіс жылжымалы құрам берумен байланысты барлық операцияларды қосып алады. Олар:
Жүк ағындарының маркетингі.
Жүк ағындары материалдарын зерттеу негізінде жасау, рациональды маршрутты сызба, жаңа ашылған және бар маршруттар бағытының өзгеруін алдын ала қарастыру.
Тип бойынша таңдау және тасымалдаудағы жылжымалы құрамның қажетті санын анықтау.
Автомобильді пайдалану аумағын және шынайы тасымал шарттарына байланысты автопоездардың, түрлерін және жүк қасиеттерін, жүк көлігінің пайдалану көрсеткіштерін анықтау.
Автокөлік қозғалысының жылдамдығын нормалау.
Жүргізушілер жұмысының рационалды режимін пайдалана отырып, автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жүйелерін таңдау.
Автомобиль көлігінің басқа көліктермен координациялық жұмысы.
Жылжымалы құрамның маршруттардағы қозғалысының қауіпсіздігін және жол шарттары мақсатында жасау тиімділігін талдау.
Автомобиль көлігімен жүкті қауіпсіз тасымалдау мен тиімділігін қамтамасыз ету.
Жылжымалы құрамды пайдаланудың тиімділігін арттыру есептері және тасымалдау шығынын азайтуда экономикалық – математикалық әдістерді қолдану.
Жылжымалы құрам жұмысымен оны пайдаланудағы оперативті бақылау.
Жүргізуші - көліктік операцияларды орындауға қатысатын негізгі қатысушы, сондықтан да оның жұмысын ұйымдастыру еңбек өнімділігінің деңгейіне қатысты.
Тасымалдау және қауіпсіздік сапасында жүргізуші жұмысы үздіксіз дене жұмысымен байланысты. Жолдың үнемі өзгеріп отыратын жағдайы жүргізушіден үлкен назар және жедел шешім қабылдауды талап етеді, сондықтан жүргізуші еңбегін ұйымдастыру, ұйымдастырылған еңбек режимі нормасын ұстануы қажет және жүргізушінің шаршауына жол бермеу керек.
Көлік үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін келесі талаптар ұсынылады:
Жүктерді тиеу және түсіруде автомобильдердің бос уақытының жоғары нормативті уақыт шығынын қысқтиеу; тиеу-түсіру жұмыстарын кеңейту және оларға кешенді механизация қолдану; автомобильдер жұмысы графигін қатаң сақтау және құру; автомобильдер маневріне алаңдар мен жол өткелдерін құру, көбіне бұл тіркемелі автомобильдерге, тіркемелі немесе жартылай тіркемелі тягачтарға; алдын ала жүктерді дайындау және т.б.
Рациональды жүктерді жинау, жылжымалы құрам сыйымдылығы мен рұқсатты максимальды жүк көтерімділігі.
Кузовта жүктерді дұрыс орналастыру және олардың жүру бөлігіне салмақты жүктілігінің тең өлшемді таралуы.
Жол бөліктерінде жол жамылғысы жағдайын есепке ала отырып автомобильдер қозғалысының режимін оңтайландыру.
Заңды тұрғыда жүргізушілердің жұмыс уақытын максимальды пайдалану.