Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет16/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
механизм, байланыс, қатынас, жағдай, хабар ретінде қарастырылғанын 


26 
кӛрсетті. Әрине бұл анықтамалар бір-біріне қайшы келмейді, керісініше бірін - 
бірі толықтыра түседі.
Кесте 2 - Коммуникация ұғымына отандық және шетелдік ғалымдардың берген 
анықтамалары 
 
Автор 
Анықтама 
Дж.Г.Мид. 
тұлға ішкі метафизикалық қабілеті арқылы ӛз 
бойында басқа біреудің сезімдерін ашу болып 
табылатын коммуникация – символикалық 
интеракционализм (персонализм-дербестік) 
Д.Уотсон 
бихевиоризм (коммуникацияның негізі жүйе 
ретінде тіл емес, тікелей кез-келген адамды 
тәрбиелеуге 
болатын 
сӛйлеу 
сигналдары 
(дыбыстары); бұл әдістің ӛкілі); 
Каган М.С. 
«коммуникацияны» таза бір бағытты 
ақпараттық 
үдеріс, 
ал 
«қарым-қатынасты» 
теңбелсенді субъектілердің симметриялық ӛзара 
байланысы 
Горелов И.Н., 
Житников В.Р. 
коммуникацияға - қарым-қатынас
Оразбаева Ф.Ш. 
«коммуникация» сӛзінің негізгі мазмұны 
«жалпы қарым-қатынас», «араласу», «хабарласу», 
«байланыс» деген сияқты мағыналарды білдіре 
келіп, адамдардың тіл арқылы сӛйлесу үдерісін, 
тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні 
мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы 
қарым-қатынасты, ӛзара түсінушілік болып 
табылады 
Панферов В.Н. 
қарым-қатынасты адамдардың бір-бірімен 
ақпараттық-коммуникативтік және психология-
лық ӛзара әрекеттесуі арқылы бірлескен ӛмірінің 
әлеуметтік реттелу механизмі
Ожегов С.И. 
«коммуникация» - хабар, қарым-қатынас
Дж.Мид,
Хабермас Ю. 
бір тұлғаның екінші бір тұлғаға әсер етуі 
тәсілі ретінде қарастырады 
Панфилова А.П. 
коммуникацияны бес түрге бӛліп қарастырды 
(танымдық, 
сендірушілік, 
мәнерлілік, 
суггестивтік, рәсімдік) 
Пидкасистый П.И. 
коммуникация адамдар арасындағы байланыстың 
бір түрі. 
Біз де осы анықтамаларға сүйене отырып зерттеу пәнімізге қарай 
коммуникация ұғымын нақтылаймыз: біздің анықтауымызша коммуникация - 


27 
субъектілердің тілдесуі арқылы жүзеге асатын қарым-қатынас, өзара 
субъектілік түсінушілік.  
Қазіргі кезде коммуникация түсінігі кең кӛлемде түрлі қырынан 
зерттелуде: коммуникативтік құзыреттілік, коммуникативтік әлеует, комму-
никативтік мәдениет және т.б. біздің зерттеуіміз үшін коммуникативтік 
креативтілік түсінігі маңызды. 
Зерттеу тақырыбымызға байланысты коммуникативтік креативтілік 
түсінігінің мәнін ашу үшін алдымен креативтілік ұғымын қарастырамыз. 
Ғылым салаларында креативтілік мәселесінің біршама тарихы қалыптас-
қан. Аталған мәселе бойынша зерттеу жұмыстарының басым кӛпшілігі 
шетелдік ғалымдар тарапынан жүргізілген (Т.Амабайль, Ф.Барон, Дж.Гилфорд, 
Е.Торренс, Э.Боно және т.б.) [124- 126].
Шетелдік психологияда «креативтілік» индивидтің жаңа түсініктерді құру 
және жаңа дағдыларды қалыптастыру қасиеті кӛрініс табатын қабілетті 
белгілеу үшін пайдаланылады. 
Креативтілік сапасында жаңа идеяларды табу, проблемалық жағдайларды 
шешу қабілеті түсіндіріледі. Бірқатар зерттеушілер креативтілікті тұлғалық 
сипаттармен байланыстырады (А.Маслоу, К.Роджерс) [127, 128], ал кейбір 
зерттеушілер 
оны 
интеллектуалдық 
функция 
ретінде 
қарастырса
(Д.Б.Богоявленская, Дж.Гильфорд) [57, б. 15], үшіншілері - креативтіліктің 
шығармашылық үдерісі мен байланысын (А.Н.Лук) [129] қарастырады. 
Психология ғылымында креативтілік шығармашылық мүмкіндіктер, адами 
индивидуымның әлеуметтік шығармашылық белсенділік кӛрсету қабілеті 
шартындағы кейбір ерекше қасиеттері ретінде қарастырылады. 
«Креатив» түсiнiгiн алғаш рет 1922 жылы Д.Симпсон адамның 
стереотиптiк ойлау тәсiлдерiнен бас тартуы ретiнде қарастырып, пайдалан-ған. 
Креативтiк түсiнiгi «шығармашылық қабiлеттер» түсiнiгiнiң баламасы бола 
отырып, шығармашылықпен, қандай да бiр жаңаны туындататын, ой-лаудың 
дәстүрлi сұлбасынан ауытқуды бiлдiредi [130].
Креативтiлiктi қабiлеттердiң арнайы түрi ретiнде қарастыру ӛткен 
ғасырдың 50-шi жылдары басталды және ол белгiлi америкалық психологтар 
Л.Терстоун мен Дж. Гилфорд есiмдерiмен байланысты. Дж. Гилфорд 
креативтiлiктi мiнез кластарын, жүйелерiн, түрлендiрулердi, нәтижелерiн тану 
қабiлетiне, тұлғааралық қарым-қатынастағы күрделi жағдайлардың логикалық 
дамуын түсiнуге, адамдардың мiнездерiнiң iшкi мотивтерiн түсiнуге қатысты 
әлеуметтiк интеллектiң факторы ретiнде қарастырады [15, б. 75].
Басқаша айтқанда креативтiлiк әлеуметтiк интеллектiң деңгейiн кӛтередi, 
сонымен бiрге, тұлғаның адаптивтiк мүмкiндiктерiн жоғарылатады. 
Креативтiлiк екi бағытта қарастырылады. Алғашқысы, креативтiлiк пен 
интеллектiң ӛзара қалай байланысатындығын айқындайды және креативтiлiк-ке 
қатысты танымды үдерiстердi зерттеуге бағдарланады. Екiншiсi – тұлға-ның 
психологиялық ерекшелiктерiнiң креативтiлiктiң басым аспектiлi бола алады ма 
соны зерттейдi. Бұл бағыт тұлғалық және мотивациялық сипаттарға кӛңiл 
бӛлуге тиесiлi.


28 
Д. Ж. Гилфордтың креативтiлiк тұжырымдамасына сәйкес, креативтiлiк 
әмбебап танымдық шығармашылық қабiлет, интеллектке тәуелсiз жеке фактор 
болып табылады. Креативтiк ойлау шығармашылық жетiстiктердiң негiзi. 
Зерттеушi креативтiлiктiң алты параметрiн анықтап кӛрсетедi:
1) проблеманы табу және қоюға қабiлеттiлiк;
2) жаңа идеяларды табу;
3) түрлi идеяларды ӛндiру қабiлеттiлiгi - иiлгiштiк;
4) түпнұсқалылық – стандартты емес идеяларға қабiлеттiлiк; 
5) қабылдағыштық қалыпты емес тетiктерге анықталмағандыққа 
қайшылықтарға сезiмталдық, сонымен қатар бiр идеядан екiншiсiне жылдам 
ӛтуге даярлық;
6) проблемаларды шешуге, яғни анализ бен синтезге қабiлеттiлiк.
Креативтілікті зерттеу екі бағытта жүреді. Бірінші бағыт - креативтілік 
интеллектпен байланысты ма және танымдық үрдістермен алмастырыла ма 
деген сұраққа жауап іздесе, екінші бағыт - жеке тұлға психологиялық 
ерекшеліктерімен қоса креативтілік аспектісі бола ма және жекелік
мотивациялық 
белгілерімен 
беріледі 
ме 
деген 
сұрақтармен 
айна- 
лысады [131]. 
Сондай-ақ, креативтiлiктiң құраушылары сапасында болжамдаумен 
ойлаудың ассоциативтiлiгiне қабiлеттiлiктi атауға болады. Оның мәнi 
организмнiң болашақ жағдайға дайындалу мүмкiндiгiмен анықталады. Бұл 
байқампаздықпен байланысты интегративтi креативтiк қасиет. 
Креативтiлiктiң құрылымдық компоненттерi кешендi түрде мiнез-
құлықтың шығармашылық стилистикасын анықтап, iс-әрекеттiң тәсiлдерiмен 
нәтижелерiнiң ӛнiмдiлiгiн жаңашылдығын, бiрегейлiгiн және тұлғаның 
күнделiктi ӛмiрдегi түрлi салалардағы шығармашылық түрленуiн қамтамасыз 
етедi. Креативтiлiктiң қалыптасу процесi келесi кезеңдердi қамтиды:
- мотивациялық импульс - имитация (креативтiк мiнез-құлық эталонда-ры, 
шығармашылық iс-әрекет тәсiлдерiн меңгеру трансформация тәжiрибенi жеке 
ерекшелiктерге, мүмкiндiктер мен қажеттiлiктерге сәйкес түрлендiру); 
- креативтiлiктiң психологиялық құрылымының және шығармашылық
iс-әрекеттi жетiлдiрудiң үйлесiмдiлiгi. 
Г.М.Марданова тұлғаның креативтiк әлеуетін адамның ойлау iс-әрекетiнiң 
жоғары формасын кӛрсетедi деп тұжырымдайды. Жоғары креативтiк әлеуетке 
ие 
адам 
ӛзгелерден: 
шығармашылығымен, 
интеллек-туальдық 
бастамашылдығымен, белсендiлiгiмен ерекшеленедi, шаблондық ойлау 
шекарасынан шыға алатын шығармашыл ойлауға бейiм, пайда болған қарама-
қайшылықтарды шеше алады; ӛз iс-әрекетiнiң нәтижелерiн құрауға қабiлеттi, 
проблеманы шешудiң тың тәсiлдерiн тұжырымдап, iске асыра алады, креативтi 
тұлғаға зерттеушiлiк iзденiс тән.
Креативтiлiктiң критерийi нәтиженiң сапасы емес, шығармашылық ӛнiм-
дiлiктi белсендiретiн сипаттамалар мен үдерiстер.
Креативтi ойлауды дамыту – яғни ойлау операцияларын қалыптас-тыру 
және жетiлдiру: талдау, топтау салыстыру және толықтыру, топтастыру, 
жоспарлау, дерексiздендiру және ойлаудың сапалары сыншылдық, тереңдiк, 


29 
ептiлiк, кеңдiк, шапшаңдық, вариативтiлiгiн, сондай-ақ қиялды дамыту және 
әртүрлi мазмұндағы бiлiмдi игеру [132]. 
Аталған зерттеулерде маманның креативтiлікке, оның даму шарттарына 
дайындық мазмұнын анықтайтын үлкен сапалар спектрлерi анықталды. Кәсiби 
креативтiлiктiң дайындық мәселелерiн талқылауда, барлық авторлар, 
креативтiлікті кәсiбилiктiң ең жоғары шегi деген бiрегей пiкiрдi ұстанады.
С.Медниктiң пiкiрiнше, вербальдi және бейвербальдi креативтiлiктердi 
ажырату қажет. Вербальдi креативтiлiк сӛздiк формада ӛрнектеледi, мысалы, 
проблемалық жағдайларда тиiмдi пiкiр бiлдiруде, бейвербальдi креативтiлiк – 
кӛркем бейнелер түрiнде шығармашылық қабiлеттердi таныту және т.б. 
Шетелдiк зерттеушiлердiң креативтiлiктi анықтау тәсiлдерiн талдай келе 
аталған мәселеде қалыптасқан тұжырымның жоқ екендiгi айқындалды. 
Дегенмен, талдау нәтижелерi бойынша зерттеушiлер тарапынан берiлген 
анықтамаларды тӛрт аспектте жiктеуге болатындығы айқындалды: креативтiк 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет