Өнімнің бəсекеге қабілеттігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Республикамызда өндірілетін жəне шет елдерден əкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.
Өндірілетін өнімнің жəне көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін жəне өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға жəне ол өнімдердің сапасы ішкі жəне халықаралық бəсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.
ҚР-ның мемлекеттік сертификаттау жүйесі мынадай қағидаларды ұстанады:
• өнім туралы мəліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
• өндіруші мен тұтынушының тəуелсіздігі;
• сынақтың кəсіби түрде өтуі;
• шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
• өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі жəне сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
• сертификаттау туралы ақпараттың ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
• сертификаттау нысандарының ерекшелігін ескере отырып, өндіру жəне тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тəсілінің көптүрлілігі;
• сертификаттау жұмысында ISO/ХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
•ҚР қатынасатын көп жақты жəне екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредиттелген сынақ зертханаларының сертификатталатын жəне сəйкестік белгісін ҚР-да тану.
ҚР-ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мəліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп саналатын өнімнің үлесі 85%-ды құрайды.
Сондықтан өнімді сертификаттау қазіргі таңдағы өзекті мəселелердің біріне айналды. ISO Халықаралық Ұйымының сертификаттау саласындағы негізгі қызметі – ұйымдастырушылық-əдістемелігімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда бұл аумақта сапа жəне сертификаттау комитеті (ССК) жұмыс жасайды. Бұл ұйым халықаралық электр комитеті (ХЭК), халықаралық сауда орталығы (ХСО), БҰҰ, сауда жəне өркендеу конфедерациясы ұйымдарымен бірігіп жасаған “Сертификаттау принципі мен тəжірибесі” жасаған зерттеулері нəтижесінде құрылды.
ССК ұйымына 50 ел қатысады. Олардың қызметіне: əртүрлі елдерде өнімді бағалау жəне сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тəсілдерін зерттеу; өнімдерді, процестерді, қызметтерді сонымен қатар, сынақ лабораторияларының сертификаттау органдарының сапа жүйесін қамтамасыз етудегі сынақ басшылығын, инспекциялық бақылауды сертификаттауды дайындау; ұлттық, аймақтық сапа жүйесін қамтамасыз ету жəне халықаралық сынақ стандарттарын сынауды, бақылауды, сертификаттауды өзара тануда көмек көрсету. ISO сертификаттау саласында ХЭК пен бірге жұмыс жасауда негіз болатын ISO/ХЭК 28 нұсқауы “Үшінші жақпен өнімді сертификаттаудың жалпы типтік ережесі” ұлттық сертификаттау жүйесінің негізі ретінде пайдаланылады.
ҚР-да өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін Техникалық реттеу жəне метрология комитеті жұмыс істейді. Бұл орган мемлекеттік стандарттарға сəйкес талаптардың дұрыстығына бақылау жасайды. Осы органнан басқа өнімнің сапасын бақылауда сапаны мемлекеттік реттеу жəе бақылаудағы экология жөніндегі инспекция, халықаралық санитарлық-эпидемиологиялық шарттарды орындауы, өнеркəсіп комитеті жəне т.б. Бұл жоғарыда аталған органдарды сапаны реттеудегі мемлекеттік институттарға жатқызуға болады. Олар өз қызметтерін сапаны реттеу жөніндегі заңдық актілері негізінде жүргізеді. Оларға: “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау”, “Техникалық реттеу туралы”, “Өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы” заңдары жатады.
Стандарттау басқарудың нормативтік əдістерімен сипатталады. Ол нысандарға белгілі бір нормалар мен ережелер арқылы əсер етеді жəне нормативтік құжат түрінде жазылып, заңдық күшке ие құжат болып табылады.
ISO сериялы стандарттар өнімнің жасалу процесіндегі өнім сапасына əсер ететін заңдық базаларын, тұтынушылардың рөлін, талаптарының сақталуына кепілді береді.
Өнімдер, қызметтер мен процестерді ҚР-ның заңнамасына сəйкес стандарттаудың мақсаты келесідегідей: өнімдер мен қызметтерге нормалар белгілеу; қоршаған ортаны қорғау, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; өнімнің бəсекегеқабілеттілігін сыртқы жəне ішкі нарықта қамтамасыз ету; өлшем бірліктерді қамтамасыз ету; барлық ресурстарды сақтау жəне тиімді пайдалану; Еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету; сапа төңірегінде тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау. Сапаны қамтамасыз етуде жоғарыда аталған заңнамалардан басқа, Үкіметтің “Сапасыз тауарлардың ҚР территориясында кіруіне кедергі жасау” қаулысы да қызмет етеді. Бұл Үкімет қаулысы ҚР-на келетін сапасыз импорт тауарларының жойылуына, тұтынушыларды сапасыз тауарлардан сақтауға қол жеткізеді.
ҚР территориясына импорт тауарлары келесідегідей жағдайда енгізілмейді:
• егер өнім сертификатталатын өнімге жататын болса жəне ол өнім сертификатталмаған жағдайда;
• өнім қорабында мемлекеттік жəне орыс тілінде ақпарат берілмесе (тауар түрі, өндірілетін ел жəне өндіруші, өндірілген уақыты жəне жарамдылық мерзімі, сақтау белгілері жəне қолдану үлгісі, құрамы).
ҚР-да осы аккредиттеу жүйесін жетілдіру мақсатында халықаралық стандарттар мемлекеттік стандарттар ретінде қабылданды: ҚР СТ ISO 17025- 2001 “Сынақтау жəне зертханалық зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар”, ҚР СТ ISO/ХЭК 65-2001 “Өнімді сертификаттау органдарына қойылатын жалпы талаптар”.
Қазіргі таңда ҚР стандарттау жəне сертификаттау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыты болып, сертификаттау мен аккредиттеудің нормативтік базасын ISO, Халықаралық электротехникалық комиссия, Еуропалық стандарттарға EN45000 талаптарына сəйкес өзгерту болып отыр.
Бүкілəлемдік сауда ұйымына ену алдында өнімнің сапасын жақсартудың маңызы Қазіргі уақытта республикада негізгі ережелерді Дүниежүзілік сауда ұйымының халықаралық талаптарымен жəне қағидаттарымен сəйкестендірілген мемлекеттік стандарттау жəне сертификаттау жүйелерінің заңнамалық негізі құрылған.
Осы мақсатпен «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы əзірленді.
Республикада мемлекеттік стандарттау жəне сертификаттау жүйелерінің негізін құраушы стандарттарын халықаралық баламалармен үйлестіру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазіргі кезде Республикада 39 мыңнан астам саналатын нормативті құжаттардың атаулары, оның ішінде: 3700 стандарттау жөніндегі мемлекеттік 50 нормативті құжаттар (шамамен 700 мемлекеттік стандарт, 3000-нан астам техникалық шарттар, ережелермен ұсыныстар); 20000 мемлекетаралық стандарт, 15000-ға жуық шетелдік стандарттар жəне 4000 халықаралық стандарттар бар нормативті құжаттар қоры (Мемлекеттік стандарттар қоры) құрылды.
Алайда, бар қор Қазақстанда қолданыстағы нормативтік құжаттарды халықаралық, талаптармен үйлестіру жөнінде жұмыстар жүргізу үшін шетелдердің халықаралық, өңірлік жəне ұлттық стандарттарымен жеткілікті толықтырылмаған.
Алдағы кезеңде Мемлекеттік стандарттар қорын (бұдан əрі - МСҚ) кеңейту жəне жаңарту қажет. Экономиканың түрлі салаларында стандарттау жөнінде жұмыстар жүргізу мақсатында қызмет саласына мемлекеттік стандарттарды əзірлеу жөніндегі жұмыстар мен халықаралық стандарттауға қатысу кіретін 40 стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер құрылды.
Алайда, стандарттау жөніндегі балама техникалық комитеттерді басқа да қамтылған салаларда құру қажет.
МСҚ кеңейту жəне жаңарту жөніндегі, сондай-ақ ақпарат алмасу жөніндегі жұмыстарды толық көлемде жүргізу үшін МСҚ ақпараттық жүйесінің техникалық жабдықталуын жаңғырту жəне оны дамыту жөнінде жұмыстарды жалғастыру қажет.
Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттармен сəйкестікті бағалау рəсімдері туралы ДСҰ –на мүше мүдделі елдерді ақпараттандыру үшін Техникалық реттеу жəне метрология комитетіне бағынысты кəсіпорын негізінде аккридиттеу, стандарттау, метрология жəне сертификаттау мəселелері бойынша ДСҰ-мен өзара іс-əрекет жөніндегі ақпараттық орталық құрылады. Қазіргі уақытта ақпараттық орталық қажетті бағдарламалық өнімдермен, библиографиялық жəне толық мəтінді дерекқорымен толық жабдықталмаған. Мүдделі тұлғаларды нарық жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында республикада шығарылатын өнімді каталогтау жүйесі құрылды жəне жүргізіледі.
Қазіргі уақытта жүргізілуімен көкейкестілігі жалғастырылуы қажет өнімнің 3 электронды каталогы құрылған.
Республикада түрлі ведомстволармен əзірленген 25 сыныптауыш қолданыста, олардың 10-ы мемлекеттік мəртебеге ие. Техника-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтаудың бірыңғай жүйесін құру қажет.
Отандық өнімнің бəсекеге қабілеттілігі өндірісте сапа менеджменті жүйесінің болуына тікелей байланысты болады.
Республикада қазіргі уақытта ISO 9000 стандартына сəйкес сапа менеджменті жүйесін шамамен 116 кəсіпорын ғана сертификаттайды, олардың ішінде нақты секторды тек əрбір салада 3-4 тен ғана.
Сапа менеджмент жүйелерін енгізуде кəсіпорындардың қызығушылықтарының төмендігінің негізгі себептерінің бірі сапа саласында саясатты əлсіз насихаттау мен ғылыми-əдістемелік базаның болмауы болып табылады. Таяу жылдарда отандық өнімнің бəсекеге қабілеттігінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету үшін кəсіпорындарда сапа менеджменті жүйелерін жəне қоршаған ортаны қорғауды енгізумен сертификаттау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік қолдау қажет.
Қазіргі уақытта жалғастырылуы қажет өнеркəсіптің басым салалардағы кəсіпорындарда 9000 жəне 14000 сериялы ISO халықаралық стандарттарын 51 енгізу кезінде туындайтын мəселелерді талдау жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
Отандық кəсіпорындарды бəсекеге қабілетті өнім өндіруге ынталандыру мақсатында республикада «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» жəне «Қазақстанның ең үздік тауарлары» қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйақысына ізденуге конкурстар құрылды.
Қолда бар сертификаттау сынақтары бойынша республиканың сынақ қоры жеткіліксіз, себебі өнімнің барлық номенклатурасын қамтымайды жəне республикада тегіс таратылмаған.
Сынақ қорын жабдықтау үшін өнімнің, шикізаттың жəне материалдардың əлеуеті қауіпті түрлеріне сертификаттық сынақтар жүргізу жөніндегі аккредиттелген сынақ орталықтары (зертханалар) желісін құру жəне жетілдіру қажет. Бұдан басқа, республикада халықаралық деңгейде танылған жəне халықаралық сарапшылар тізілімдерінде тіркелген мамандар жоқ.
Халықаралық жəне өңірлік ұйымдарда мамандарды даярлауда жəне олардың біліктілігін арттыруды жүргізу қажет.
Осылайша қазіргі уақытта қолданыстағы ұлттық стандарттау жəне сертификаттау жүйелері халықаралық талаптарға, соның ішінде Саудада техникалық кедергілер мен санитарлық жəне фитосанитарлық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымы келісімдерінің талаптарына жəне ТМД елдерінің еркін сауда аймағындағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімдерге сəйкес келтірілмеген. Мəселелердің күшті жəне əлсіз жақтары берілген.