Технология және биоресурстар факультеті



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата20.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Негіздік    денешік  кейбір  торшалардағы  ұзындығы  5  –  10  мкм,  жуандығы  200  нм 

кірпікшелердің  және  сперматозойд  құйрығы  талшығының  цитопазмалық  бөлігінде 

орналасып,  олардың  негізін  жасайды.    Ол  құрылысы  жағынан  центросома  центриоліне 

ұқсас, яғни 9 триплет микротүтікшелерден құралған.  

Біліктік жіп (аксонема)— 

жасушалар

 кірпікшелері мен талшықтарының негізін құрайтын 

жіпше құрылым. Оның пішіні  іші  қуыс түтікшеге үқсас. Біліктік жіптің қабырғасын екі-

екіден топтаса орналасқан 9 жұп (дублет) шеткі 

микротүтікшелер

 құрайды. Ал қуысында 

2  орталық  микротүтікшелер  орналасады.  Біліктік  жіптің  негізін  —  жасуша 

цитоплазмасында

  орналасқан  негіздік  денешік  құрайды.  Негіздік  денешіктің  құрылысы 

жасуша центриоліне үқсас. Біліктік жіп сыртынан жасуша плазмолеммасымен қапталған. 

Микрожіпшелер  –  жуандығы  10  нм  жіпшелер  шоғыры.  Олар  микротүтікшелермен  қатар 

торшадағы  тіректік  қызмет  атқаратын  белоктық  құрылым.  Әрбір  ұлпалардың 

микрожіпшелері  олардың  өздеріне  тән  белоктардан  түзілген.  Эпителиоциттер 

тонофибриллалары  –  кератин,  фибробластар  микрожіпшелері  –  виметин,  миоциттер  мен 

ет талшықтары миофибриллалары – десмин және скелетин белоктарынан құралған. 

Микрофиламенттер  –  шоғырлар  жуандығы  5  –  7  нм,  жиырылғыш  белоктар  актиннен, 

миозиннен,  трипомиозиннен  түзілген,  торшалар  цитоқаңқасын  жасап,  олардың  қимыл  – 

қозғалысын  қамтамасыз  ететін  жиырылғыш  аппарат.  Микрофиламенттер  торша 

цитоплазмасының  шеткі  жағында,  плазмолемманың  астында  орналасады.  Олар 

қозғалатын  торшаларда,  мысалы,  лейкоциттер  жалған  аяқтарында,  фибробластар 

өсінділерінде, ішек бүрлері торшаларында жақсы дамыған. 



3-сұрақ.  Тірі  жануарлар  организмінде  тіршілікті  анықтайтын  тірі  затты  протоплазма  – 

деп  атайды.  Протоплазма  –  сыртынан  биологиялық  жарғақпен  қапталған,  бір-бірімен 

тығыз  байланста  қызмет  атқаратын  екі  бөліктен:  цитоплазма  мен  ядродан  тұрады. 

Жануарлар  организмінде  протоплазманың  бірнеше  гистологиялық  құрылымдық  түрлері 

кездеседі.  Гистологиялық  құрылымдарға:  жасушалар  (жасушалар,  клеткалар), 

бейжасушалық  құрылымдар  (симпласт,  синцитий)  және  жасушааралық  зат  жатады. 



Симпласттар мен синцитийлер – жасушалардың туындылары, ал жасушааралық зат – 

жасушалар өнімдері. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1. «Жеке гистология» пәнінің мақсаты, зерттеу нысандары, бөлімдері. 



2.Протоплазма, оның түрлі гистологиялық құрылымдары. 

3.Биологиялық жарғақтар, олардың құрылысы және маңызы. 

4.Жасуша қабықшасының құрылысы. 

5.Жасуша  цитоплазмасының  (гиалоплазма,  органеллалар,  қосындылар)  құрылысы  және 

цитоплазма құрылымдарының маңызы. 

6.Жасуша ядросының құрылысы және маңызы. 

 

 

Ұсынылған әдебиеттер: 



1.

 

«Жануарлар  морфологиясы  және  латын  терминологиясы»  оқулығы,  2005,  5  –  8 



беттер ; 11 - 23 беттер; 25 – 36 беттер; 40 - 41 беттер; 48 – 71 беттер.  

 

 



 

№2 ДӘРІС. 

Дәрістің тақырыбы: Гистологиялық құрылымдарға 

 

Дәрістің  мақсаты:    «Цитология»  бөлімі  оқу  материалының  негізгі  бағыттарымен 

таныстырып,  өткен  оқу  материалын  студенттердің  өз  бетімен  оқып меңгеруі  бағытында, 

оларға тапсырма беру. 

Түйінді  сөздер:  жасуша  (клетка),  цитоплазма,  ядро,  органеллалар,  қосындылар, 

хромосомалар, митоз, амитоз. 



Иллюстрация  –  гистологиялық  құрылымдар,  жасушаның  ультрақұрылымы,  митоз 

(таблицалар немесе слайдтар).  



 

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 

1. Гистология құрылымдар: жасуша, бейжасушалық және жасушалық құрылымдар  

2. Жасуша протоплазмасының химиялық құрамы және физикалық қасиеттері  

3. Жасушаның құрылысы: жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро  

4

 

Интерфаза 



5

 

Митоз 



6

 

Амитоз 



 

Дәрістің мазмұны: 

 

1-сұрақ.  Тірі  жануарлар  организмінде  тіршілікті  анықтайтын  тірі  затты  протоплазма  – 

деп  атайды.  Протоплазма  –  сыртынан  биологиялық  жарғақпен  қапталған,  бір-бірімен 

тығыз  байланста  қызмет  атқаратын  екі  бөліктен:  цитоплазма  мен  ядродан  тұрады. 

Жануарлар  организмінде  протоплазманың  бірнеше  гистологиялық  құрылымдық  түрлері 

кездеседі.  Гистологиялық  құрылымдарға:  жасушалар  (жасушалар,  клеткалар), 

бейжасушалық  құрылымдар  (симпласт,  синцитий)  және  жасушааралық  зат  жатады. 

Симпласттар мен синцитийлер – жасушалардың туындылары, ал жасушааралық зат – 

жасушалар өнімдері. 



 2-сұрақ.  Торша  протоплазмасы  биологиялық  жарғақтармен  (мембраналарымен) 

шектелген  биополимерлердің  тәртіптелген  құрылымдық  жүйелері  –  цитоплазма  және 

ядродан  тұрады.  Торша  құрылысындағы  ең  көп  тараған  құрылым  –  биологиялық 

жарғақтар.  Олар  торша  мен  оны  қоршаған  орта  арасындағы  зат  алмасу  және 

энергетикалық  процестерге  белсенді  қатысып,  протоплазманың  құрам  тұрақтылығы  мен 

көбеюін  қамтамасыз  етеді.  Биологиялық  жарғақтардың  құрамында  протоплазмадағы 

торша органеллалары мен гиалоплазма және плазмолемма мен оны қоршаған сыртқы орта 

аралықтарында  үздіксіз  жүретін  химиялық  реакцияларды  жүргізуге  белсенді  қатысып, 



оларды  реттеп  отыратын  ферменттер  (энзимдер)  болады.  Құрылысының  әр  түрлілігіне 

қарамастан, биологиялық жарғақтардың орташа қалындығы 6-10 нм-ге тең. Биологиялық 

жарғақтарды  қослипидті  -  белокты  қабаттар  құрайды.  Олардың  химиялық  құрамының 

40%-ын  липидтер  (майлар),  60%-ын  белоктар  құрайды.  Липидтердің  құрамына 

фосфолипидтер, сфингомиелиндер және холестерин кіреді. Белоктың қабат құрамына үш 

түрлі:  шеткі,  интегральды  және  жартылай  интегральды  белоктар  енеді.  Шеткі  белоктар 

жарғақтың  сыртқы  бетінде,  ал  қалған  белоктар  қослипидті  қабаттардың  ішінде 

орналасады.  Кейбір  жарғақтар  құрамында  1%-ке  дейін  көмірсулар  (гиалурон,  сиал 

қышқылдар, т.б.) кездеседі. 

3-сұрақ.  Торша  плазмолеммасы  немесе  торша  плазмасының  қабықшасы  –  торшаны 

сыртынан  қаптап  оқшаулап,  оны  қоршаған  ортамен  байланыстырып  тұрады. 

Плазмолеманаң  сыртқы  бетінде  –  қалындығы  3-4нм  жарғақүсті  қабат  –  гликокаликс 

орналасады.  Оны  күрделі  көмірсулар  (полисахаридтер)  –  гликопротеидтер  мен 

гликолипидтер  құрайды.  Гликокаликсте  торша  сыртындағы  күрделі  молекулалы 

белоктарды,  майларды,  көмірсуларды  қорытып,  оларды  өздерінің  қарапайым 

мономерлеріне  айналдырытын  ферменттер  болады.  Ал  плозмалеманың  ішкі  цитоплазма 

жағындағы  бетінде  торша  қаңқасының  қызметін  атқаратын  және  заттарды  тасымалдауға 

қатысатын  белоктық  жарғақасты  қабат  кешені  –  микротүтікшелер  (20-22нм), 

микрожіпшелер  (10нм),  микрофиламенттер  (6-7нм)  орналасады.  Жарғақасты  қабаттың 

аталған  құрылымдары  актин,  миозин,  тубулин,  динеин  белоктарынан  құралған. 

Плазмолемма  рецепторлық  (сезім),  зат  алмасу  (эндоцитоз,  фагоцитоз,  пиноцитоз  және 

экзоцитоз), тосқауыл, қимыл, торшааралық байланыс қызметтерін атқарады.  

          Рецепторлық  қызмет.  Плазмолеммада  торшаға  әсер  ететін  әр  түрлі  физикалық 

және химиялық әсерлерді қабылдап сезетін, ұлпалық сәйкестілікті (биологиялық белсенді 

заттар  –  гормондар,  бөгде  белоктар,  түрлі  антигендер)  анықтайтын  арнайы  құрылымдар 

болады.  Оларды  рецепторлар  деп  атайды.  Рецепторлық  қызметтерді  гликокаликстің 

гликопротеидті  (көмірсу  -  белок)  және  гликолипидті  (көмірсу  –  май)  құрылымдары 

атқарады. 

          Зат алмасу қызметі. Торша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесі 

торша  плазмолеммасының  қатысумен  жүреді.  Бұл  процесті  плазмолемма  астында 

орналасқан  тасымалдаушы  белоктық  құрылымдар  –  микротүтікшелер,  микрожіпшелер, 

микрофиламенттер  іс  жүзіне  асырады.  Заттардың  сыртқы  ортадан  плазмолемма  арқылы 

торшаға  өтуін  –  эндоцитоз  дейді.  Эндоцитоздың  екі  түрі  ажыратылады.  Олар  пиноцитоз 

және  фагацитоз.  Плазмолемманың  сыртқы  бетіндегі  гликокаликсте  қорытылған  күрделі 

заттар  мономерлерінің  ерітінді  ретінде  торшаға  сіңірілуін  –  пиноцитоз,  ал  заттардың  ірі 

бөліктерінің  торша  плазмолеммасы  арқылы  қармалып,  цитоплазмада  ферменттерінің 

көмегімен  қорытылуын  –  фагоцитозтдеп  атайды.  Заттардың  торшаның  плазмолемма 

арқылы,  керісінше,  қоршаған  сыртқы  ортаға  шығарылу  процесін  –  экзоццитоз  дейді. 

Плазмолемма  мен  микротүтікшелердің  қатысумен  кейбір  торшаларда,  олардың 

плазмолемасы  мен  жарғақасты  микроқұрылымдарынан  тұратын  микробүрлер  мен 

кірпікшелер  дамиды.  Микробүрлер  негізінен  сору,  сіңіру  қызметтерін  атқаратын 

торшаларда, 

мысалы, 


ішек, 

бүйрек 


эпителиоциттерінде 

кездеседі. 

Ішек 

эпителиоциттеріндегі микробүрлер плазмолемманың сіңіру ауданын30 еседей ұлғайтады. 



Ал  кірпікшелер  –  тыныс  жолдары  мүшелері  мен  жұмыртқа  жолының  астарлайтын 

эпитиолициттерде болады.  

         Тосқауыл  қызметі.  Плазмолемма  қалыпты  жағдайда  торшаға  зат  алмасуға  керекті 

заттарды өткізіп, зиянды улы заттарды өткізбейді. 

         Қимыл  қызметі.    Жануарлар  организмінде  кейбір  торшалар,  мысалы,  лейкоциттер 

қаннан  ұлпаларға  жылжып  өтеді.  Бұлардың  қозғалуын  торша  қаңқасының  қызметін 

атқаратын жарғақасты қабаттағы микроқұрылымдық кешен іс жүзіне асырады. 

         Торшааралық байланыс қызметі. Торшалар бір – бірімен өзара плазмолемма арқылы 

байланысып,  организмдегі  әр  түрлі  гистологиялық  құрылымдар  түзеді.  Торшалардың 


деңгейдегі  орналасу  орны  мен  атқаратын  қызметтіне  сәйкес  торшааралық  байланыстың 

бірнеше  түрлері  кездеседі.  Олар:  қарапайым  жанасу,  саңлаулы  жанасу,  тығыз  жанасу, 

саусақша жанасу (құлып), синапстық байланыс.  

        Торша  цитоплазмасының  құрылысы.  Торша  цитоплазмасы  гиалоплазмадан  және 

оның құрамында тұрақты болатын органеллалары мен әр  түрлі  тұрақсыз құрылымдар  – 

қосындыларынан тұрады.  

        Гиалоплазма  –  цитоплазманың  қоймалжың  плазмасы  (матриксі).  Оның  құрамында 

торша  протоплазмасында  үздіксіз  жүріп  жатқан  зат  алмасу  процесіне  қажет  белоктар, 

нуклеин  қышқылдары,  полисахаридтер  және  әр  түрлі  күрделі  биополимерлер  – 

ферменттер,  нуклеотидтер,  амин  қышқылдары  және  еріген  ұсақ  молекулалы  заттар  мен 

қоректік  заттар  қоры  болады.  Гиалоплазма  құрамындағы  барлық  белоктардың  20-25% 

глобулярлы,  ал  қалған  пайызын  жіпше  (фибриллярлы)  белоктар  құрайды. 

Гиоплазплазмада  азоттық  негіздерінің,  амин  қышқылдарының,  липидтің,  қанттың,  т.б 

маңызды  күрделі  қосылыстарының,  липидтің,  қанттың,  т.б  маңызды  күрделі 

қосылыстарының  алмасуын  реттейтін  және  торшадағы  белоктардың  түзілу  процестері 

кезінде  амин  қышқылдары  мен  тасымалдағыш  РНҚ  (тРНҚ)  белсенділігін  арттыратын 

ферменттер  болады.  Торшаның  тіршілігіне  керекті  белоктардың  түзілу  процестері 

гиалоплазмадағы  рибосомалар  мен  полирибосомалардың  (полисомалардың)  қатысуымен 

іс жүзіне асады.  

          Органеллалар (торша мүшелері) – торша тіршілігінде маңызды қызметтер атқаратын 

цитоплазмадағы  тұрақты  құрылымдар.  Жануарлар  торшасындағы  органеллалар  жалпы 

және арнайы болып екі топқа бөлінеді.  

          Арнайы  органеллалар  тек  кейбір  жануарлар  торшаларына  тән  құрылым.  Арнайы 

органелларға:  ет  торшаларындағы  жиырылу  қызметін  іс  жүзіне  асыратын  белоктік 

жіпшелер  –  миофиибриаллалар,  жүйке  торшаларындағы  жүйкелік  толқындарды  өткізу 

қызметін  атқаратын  –  нейрофибриллалар,  эпителий  торшаларындағы  кератин  белогі 

жіпшелерінен  түзіліп,  тіректік  қызмет  атқаратын  –  тонофибриаллалар  жатады.  Арнайы 

органеллалерға кейбір торшалардағы микробүрлер мен кірпікшелер де жатады.  

         Жалпы органеллалар – жануарлар организмінің барлық торшаларында болатын және 

олар  үшін  маңызды  қызметтер  атқаратын  тұрақты  құрылымдар.  Жалпы  органеллелар 

құрылысына  байланысты:    жарғақты  (митохондриялар,  эндоплазмалық  тор,  Гольджи 

кешені,  лизосомалар,  пероксисомалар)  және  жарғақсыз  (рибосомалар,  микротүтікшелер, 

центросома  центриольдері,  негіздік  денешіктер,  біліктік  жіпшелер,  микрожіпшелер, 

микрофиламенттер)  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Жарғақты  органеллалар  торша 

гиалоплазмасынан  қосқабаттанған,  немесе  жалаңқабат  биологиялық  жарғақтармен 

оқшауланып бөлініп тұрады. Олардың әрқайсысының өздеріне тән құрылысы болады. 

Ядро  тұқым  қуалаушылық    ақпараттың  сақталуы  және  осыған  байланысты  клетка 

цитоплазмасындағы

 

белоктар



  мен 

ферменттердің

  түзілуін  қамтамасыз  етеді.  Ядро 

кариолеммадан

  (ядро  қабықшасы), 

хромосомалардан

,  ядрошықтан  және 

кариоплазмадан

 

(ядро сөлі, шырыны) құралады. 



Кариолемма — ядроны цитоплазмадан бөліп тұратын, оның сыртқы қабықшасы. Ол бір-

бірінен  аралығы  20-100  нм 

ядро

-  маңы  (перинуклеарлы)  саңылауымен  ажыратылған,  екі 



(сыртқы  және  ішкі)  жалаң  қабат  липопротеидті  жарғақтан  тұрады.  Диаметрі  80-90  нм 

кариолемма  тесіктері  түсында 

ядро

  қабықшасының  сыртқы  және  ішкі  жарғақтары  өзара 



қосылып  жалғасып  кетеді.  Ал  сыртқы  жарғақ  өз  кезегінде  цитоплазма 

эндоплазмалық 

торы

 жарғақтарына жалғасып, 



ядро

 мен 


цитоплазма

 арасындағы зат алмасуды қамтамасыз 

етеді.  Кариолемма  тістерінің  саны  мен  олардың  диаметрі  торшадағы 

зат  алмасу

 

белсенділігімен тікелей байланысты. 



Хромосомалар – генетикалық ақпаратты сақтап, олардың ұрпақтан ұрпаққа берілуін және 

цитоплазмадағы  торша  белогының  синтезделуін  қамтамасыз  ететін  ядро  бөлігі.  Олар 

дезоксерибонуклеопротеидтерден (ДНП) түзілген жіпше түріндегі күрделі кешен. ДНП  – 

ның  40  %  дезексерибонуклеин  қышқылдарынан  (ДНҚ),  60%  белоктардан  тұрады. 



Белоктардан 85%  негіздік (гистондар), 15 % - қышқылдық белоктар. Құрамында аздаған 

рибонуклеин қышқылдары (РНҚ) болады. Хромасомалар – торшаның бөлінуі кезінде ғана 

анық  көрінеді.  Ал,  интерфазалық  торша  (торшаның  бөлінбейтін  кезеңі)  ядросында 

хромасомалардың  тек  ширатылған  бөліктері  ғана  қаракөк  дәншелері  ретінде 

көрінеді.бұлар хромасомалардың қызметі жағынан енжар бөлігі. Олар гетерохроматин деп 

аталады.  Ал,  хромасомалардың  қызметі  белсенді  бөліктерін  –  эухроматин  дейді. 

Эухроматин  интерфазалық  торша  ядросында  тарқатылып  жатқандықтан,  препараттарда 

көрінбейді. 

Ядрошық  —  мөлшері  1—5  мкм  ,  пішіні  домалақ  келген  тығыз  денешік.  Оның  негізін 

жуандығы 60  – 80 нм жіпше торы құрайды. Жіпше торы аралықтарындағы ядрошықтың 

біркелкі  бөліп,  мөлшері  5  –  8  нм  ұсақ  түйіршіктерден  тұрады.Ядрошықта  рибосомалық 

РНҚ және рибосомалар түзіледі.  



Кариоплазма    - 

ядроның


  біркелкі  қоймалжың  сұйық  бөлігі.   

Ядро


  сөлінің  құрамында 

күрделі  протеиндер  —  нуклеопротеидтер,  гликопротеидтер,  ядро  тіршілігіне  қажет 

энергия

 

алмасуын  реттейтін  ферменттермен  қатар, 



нуклеин

 

қышқылдарының, 



протеиндердің және т.б. заттардың түзілуіне керекті әртүрлі қосылыстар болады.  

Тошалардың  бөліну  түрлері.  Күрделі  жануарлар  организмінің  бірторшалы  ұрық  – 

зиготадан дамып – өсуі – торшалардың көбею процесімен тікелей байланысты. Торшалар 

бөліну арқылы көбейеді. Торшалар бөлінуінің екі түрі болады. Олар: митоз және амитоз. 

Жануарлар  организмінде  дене  тошалары  негізінен  митозды  бөліну  арқылы  көбейеді. 

Бөліну  кезінде  торшаларда  жыныс  торшалары  арқылы  берілген  тұқым  қуалаушылық 

қасиеттер  сақтала  отырып,  организмдегіболашақ  ұлпалар  мен  мүшелердің  табиғатына 

сәйкес  түрлі  морфологиялық  айырмашылықтар  пайда  болады.  Нәтижесінде  әр  түрлі 

ұлпалар торшалары дамып жетіледі. Торшалардың бөліну кезеңінен бастап, келесі бөліну 

кезеңіне  дейінгі  тіршілік  мерзімін  –  торша  айналымы  (циклы)  деп  атайды.  Торша 

айналымы  –  митоздан  және  интерфазадан  (интеркинез)  тұрады,  яғни  бұл  кезеңде 

торшаның  бөліну,  бөлінуден  кейінгі  тіршілік  ету,  өсіп  жетілу  және  керекті  заттармен 

қорлану арқылы келесі бөлінуге дайындалу сатылары қамтылады. 

4-сұрақ.  Интерфаза  өз  кезегінде  түзілісалды,  (пресинтетикалық),  түзіліс  (синтетикалық)  

және  түзіліссоңы  (постсинтетикалық)  сатыларынан  құралады.  Түзілісалды  сатысында 

торша  көлемі  жағынан  ұлғайып  өседі,  ДНҚ  бастамалары  –  нуклеотидфосфокинездерді 

синтездеуге қажет ферменттер, РНҚ мен белоктар алмасуының ферменттері түзіліп, РНҚ 

мен белоктардың синтезделу белсенділігі артады. 

Түзіліс  сатысында  торша  ядросында  ДНҚ  –  ның  және  гистон  белоктарының  синтезделу 

белсенділігі  артып.  Олардың  мөлшері  2  еселенеді.  Нәтижесінде  әрбір  хромосоманың 

жанында жаңа хромосома түзіліп, хромосомалардың жалпы саны да 2 – есе көбейеді. Бұл 

процесті  редупликация дейді. ДНҚ  – ға сәйкес РНҚ  – ның синтезделу деңгейі  де  артып, 

оның  ең  жоғарғы  деңгейі  түзіліссоңы  сатысына  дәл  келеді.  Бұл  саты  5  –  7  сағатқа 

созылады. 

Түзіліссоңы  сатысында  торшаның  бөліну  процесін  қамтамасыз  ететін  ақпараттық  және 

рибосомалық  РНҚ  мен  белоктар,  ахроматин  ұршығы  жіпшелерін  түзуге  керек  тубулин 

белогы  синтезделіп,  центросома  центриольдері  екі  еселенеді.  Торша  митозды  бөлінуге 

дайындалады. 

5-сұрақ.  Митоз  -  сомалық  жасушалардың  бөлінуі.  Митоз  клетка  көбеюінің  көбірек 

кездесетін  әдісі.  Осы  әдіс  генетикалық  материалдың  жас  клеткаларға  тең  бөлінуін  және 

клетка  ұрпақтарындағы  хромосоманың  ұқсастығын  қамтамасыз  етеді.Митоз  процесі  4 

сатыдан өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. 

Профаза

  –  ядроның  бөлінуге  дайындалған  бірінші  сатысы.  Бұл  кезде  хромосома 



жіпшелерінің  өз  осінде  шиыршықталып  бұратылуының  салдарынан  хромосомалар 

қысқарып, жуандайды. Профаза кезінде хромосомалар кариолимфада кездейсоқ дерлерде 

орналасады, осы кезеңде ядрошықтар бұзылады. Ал профазаның аяқ кезінде ядро қабығы 


бұзылады  да  хромосомалар  цитоплазмамен  кариоплазманың  сұйық  заттарының 

қосындысы – миксоплазманың ортасында қалады. 

Метафаза

  фаза  сатысының  екі  кезеңі  бар: 

метакинез

  –  хромосомалар  клетканың  экватор 

аймағына  жиналып  шоғырланады,  клетка  бөлінуге  дайындалады; 

нағыз  метафаза

  – 

хромосома  жіпшелері  центромералармен  байланысады,  хромосомалар  хроматидтерге 



жіктеледі.  Клетка  цитоплазмасы  бұл  кезде  тұтқырлығын  жоғалтады.  Бұл  кзеңде  әрбір 

хромосоманың  центромерасы  дәл  экваторда,  ал  қалған  денесі  экватордан  тыс  жазықта 

болуы мүмкін. 

Анафаза


  –  хроматин  жіпшелерінің  болашақ  жас  клеткалардың  полюстеріне  қарай 

созылып,  ахроматин  ұршығын  құрау  кезеңі.  Ахроматин  ұршығының  белдеуінде 

хромосомалар  түрліше  орналасып,  ең  алдымен  аналық  жұлдызын  құрайды.  Сонан  кейін 

аналық  жұлдыздағы  қосарланып  орналасқан  гомологиялық  хромосомалардың  ұзынынан 

бөлінуі  нәтижесінде  пайда  болған  жас  хромосомалар  клетканың  полюстеріне  қарай 

ығысады  да,  екі  жас  хромосома  жұлдыздары  пайда  болады.  Осының  нәтижесінде  бір 

клетка  екіге  бөлініп,  жас  клеткалар  түзіледі.  Анафазада  хромосомалардың  клетка 

полюсіне ығысуы бірден басталып, өте тез арада бітеді. 

Телофаза

  митоздың  ақырғы  сатысы.  Телофаза  кезінде  хромосомалардың  қозғалуы 

аяқалады,  митоздық  аппарат  бұзылады,  ядрошықтар  пайда  болады.  Клетканың  қарама-

қарсы  полюсінде  жаңа  пайда  болған  хромосомалардың  сыртынан  ядролық  қабық  пайда 

болады.  Жаңа  ядролардың  қайта  құрылуымен  қатар  әдетте  клтека  денесі  бөлініп, 

цитотомия  не  цитокинез  өтеді  де,  екі  клетка  құрылады.  Телофаза  кейде  цитотомиямен 

аяқталмай екі ядролы клетка құрылады. 

Митоздың    негізгі  мақсаты

    -  хромосома  санының  екі  еселенуі  және  олардың  жас 

клеткаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір клетка жаңа екі клеткаға бөлінуге даярлана 

бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына 

бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады. 

Эндомитоз  түрлі  себептерге  байланысты  торшалар  митозды  бөлінуінің  бұзылуы 

нәтижесінде,  аналық  торшалардың  жекелеген  жас  торшаларға,  бөлінбей,  торша 

ядросындағы ДНҚ – ның бірнеше есе көбеюі. Бұндай торшаларды полиплойдты торшалар 

деп  атайды.  Эндомитоз  жануарлар  организмінде  бауыр  гепатоциттерінде,  қуық 

эпителиоциттерінде, сілекей бездері гландулоциттерінде кездеседі. 

6-сұрақ.  Амитоз  (

гр.


  а  —  жоқ)  -  бөліну  кезінде  жасуша  ядросында  күрделі  өзгерістер 

жүрмейтін  жасуша  бөлінуінің  сирек  кездесетін  түрі.  Амитоздық  бөліну  кезінде  жасуша 

хромосомалары

  көрінбейді  және  беліну  ұршығы  түзілмейді.  Алдымен  ядро,  соңынан 

цитоплазма

 бөлініп, бір аналық клеткадан бірнеше жас клеткалар пайда болады. Адам мен 

жануарлар  организмдерінде  амитоздың  үш:  генеративті,  дегенеративті  және  реактивті 

түрлері кездеседі.  

Генеративті  амитоз  нәтижесінде  пайда  болған  жас  жасушалар,  қалыпты  жағдайда, 

бөлінуден кейін одан әрі қарай 

митоз

 арқылы белініп көбейе береді.  



Реактивті  амитоз  —  адам  мен  жануарлар  организмдеріне  кездейсоқ  факторлардың  эсер 

етуі  нәтижесінде,  мысалы,  жарақаттану  ошақтарында  байқалады.  Жарақаттанған  ұлпа 

жасушалары  жедел  реактивті  амитоз  арқылы  бөлініп,  жазылғаннан  кейін,  ұлпа 

жасушалары одан әрі 

митоз

 арқылы бөліне береді.  



Дегенеративті  амитоз  ұлпа  жасушаларында  тіршілік  тоқтап,  оларда  ыдырау  процесі 

басталған кезінде байқалады. 



Бақылау сұрақтары: 

1.

 



Протоплазма, оның түрлі гистологиялық құрылымдары. 

2.

 



Биологиялық жарғақтар, олардың құрылысы және маңызы. 

3.

 



Жасуша қабықшасының құрылысы. 

4.

 



.Жасуша  цитоплазмасының  (гиалоплазма,  органеллалар,  қосындылар)  құрылысы 

және цитоплазма құрылымдарының маңызы. 

5.

 

.Жасуша ядросының құрылысы және маңызы. 



6.

 

Протоплазманың анқытамасы, оның құрылысы. 



7.

 

Жануарлар организміндегі гистологиялвқ құрылымдар, олардың құрылысы. 



8.

 

Жануарлар  организміндегі  торшалардың  түрлері,  олардың  құрылымдық  және 



қызметтік ерекшеліктері. 

9.

 



Торша теориясының негізгі қағидалары. 

10.


 

Жануарлар торшасының жалпы құрылысы. 

11.

 

Биологиялық жарғақтардың жалпы құрылысы және қызметі. 



12.

 

Торша цитоплазмасының құрылысы. 



13.

 

Органеллалар, түрлері, құрылысы, қызметі. 



14.

 

Қосындылардың түрлері, олардың маңызы. 



15.

 

Ядроның құрылысы және маңызы. 



16.

 

Торшалардың бөліну түрлері. 



17.

 

Торша айналымы, оның құрылымы. 



18.

 

Интерфаза, оның сатылары. 



19.

 

Митоз, оның кезеңдері. Митоздың маңызы. Эндомитоз. 



20.

 

Амитоз, оның түрлері. 



Ұсынылған әдебиеттер: 

1.

 



«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 5 

– 8 беттер ; 11 - 23 беттер; 25 – 36 беттер; 40 - 41 беттер; 48 – 71 беттер.  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет