«Арал тағдыры». Қ. Сайжанның күйі
М. Тақырыптың көкейкестілігіне байланысты сабақтың негізгі ойын жалғастыра отырып, 3-сыныптан таныс
Қ. Сайжанның «Арал тағдыры» күйін оқушылардың есіне түсіріп тыңдатады. Оның тақырыбы мен орындалуы талдаудың негізі болады. Оқушылар мына сұрақтарға жауап береді:
Күйдің орындалу нақышы қандай?
Композитор тыңдаушыға қандай ойды жеткізуге тырысқан?
Күйдің орындалуы адамның қандай сезімдерін тербетеді?
Күйдің мазмұнын сурет, шағын əңгіме немесе пантомима арқылы көрсетуге бола ма?
Арал теңізі туралы қандай пейзаж картиналарын, өлең- тақпақтар, термелер мен əндерді білесің?
М. Осы бағытта оқушылардан зерттеу жұмыстарды жүргізуді сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |