М. Оқушыларға аттарын атамай, екі шығарманың үнтаспаға жазылған үзінділерін мұқият тыңдауды жəне музыканың нақышына қарай өздерінше тақырыптарын қоюды ұсынады. Шығармалардың тақырыптарын мұғалім құпия сақтайды.
Тыңдауға берілетін музыка.Үнтаспа: «Рассвет на Москве-реке» («Мəскеу өзеніндегі таң») «Хованщина» операсына кіріспеден үзінді (музыкасын жазған: М. Мусоргский);
«Утро» («Таң») «Пер Гюнт» сюитасынан үзінді
(музыкасын жазған: Э. Григ).
(М/О) Музыка тыңдалып болған соң, оқушылар мына сұрақтарға жауап береді:
Көз алдарыңда қандай көріністер елестеді?
Шығармалардың басы қалай басталды (нəзік,
сəл-пəл қобалжыған үнмен, əлде қатты шыққан музыка басым болып тұр ма)?