Теориялық бөлім



бет10/17
Дата31.12.2021
өлшемі1,99 Mb.
#21184
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Шығыс номинал кернеу (қуат) - бұрмалану техникалық құжаттамада айтылған мәндерден аспаған кездегі ең жоғарғы шығыс кернеу (қуат).

Өзгеріссіз сигнал жиілігінде күшейткіштің шығыс кернеуінің кіріс кернеуіне тәуелділігі амплитудалық сипаттама деп аталады (1.4 сурет)



 

 

1.4 сурет - Амплитудалық сипаттама



 

Амплитудалық сипаттамада үш бөлім болады. Төменгі бөлікте онда бүгеліс болады, себебі күшейткіштің өзіндік шулары сигналдың амплитудасымен өлшенеді.

Ортаңғы бөлікте амплитудалық сипаттама сызықты. Бұл жұмыс бөлімі (АВ), онымен жұмыста сигнал формасының бұрмалануы болмайды, сызықты емес бұрмаланулар минималды болады.

Жоғарғы бөлікте транзистордың амплитудалық сипаттамасы бүгелісі болады. Егер кіріс сигналының амплитудасы күшейткіш жұмысы амплитудалық сипаттаманың бүгелген бөлімдерде болса, онда шығыс сигналда сызықты емес бұрмаланулар пайда болады. Сызықсыздық көп болған сайын, сигналдың синусоидалды кернеуі көбірек бұрмаланады, яғни күшейткіш шығысында сигналда болмаған жаңа тербелістер пайда болады. Сызықты емес бұрмалану дәрежесі сызықты емес бұрмалану коэффиценті шамасымен бағаланады:

 

 

мұндағы Р2 + Р3+ ... + Рn - амплитудалық сипаттамасының сызықты еместігінің нәтижесінде пайда болған жүктемедегі екінші, үшінші және с.с. гармоникаларда белгіленетін электр қуаттарының қосындысы.



Сызықты емес бұрмаланулар коэффициенті әдетте процентпен беріледі.

Көпкаскадты күшейткіш үшін бұрмаланудың жалпы шамасы мына формуламен анықталады:

 

 

мұндағы kсеб1, kсеб2,..., kсебn - күшейткіштің бірінші, екінші және с.с. каскадтарының сызықты емес бұрмалануларының коэффициенттері.



Фазалық бұрмаланулар күшейткіште реактивті элементтердің болуынан пайда болады. әр түрлі жиіліктер үшін реактивті элементтердегі фазалар ығысуы бірдей емес. Фазалық бұрмаланулар фаза ығысуының күшеюі кезінде кіріс және шығыс кернеулер арасында барлық жиілік үшін тұрақты болып қалатын немесе ол жиілікке пропорционал өзгеретін жағдайларда болмайды.

1.5 суретте фазалық өзгерістерсіз (1) және фазалық бұрмаланулармен (2) фазалық сипаттама келтірілген.



 

 

1.5 сурет - Фазалық сипаттама



 

Фазалық бұрмалануларға адам құлағы сезімсіз, сондықтан олардың қТЖ есептелінбейді.

Телевизионды сигналдар күшейткіштерінде және радиолокационды қабылдағыштарда фазалық бұрмаланулар қабылдағыштың электронды-сәулелік түтігінде көріністің қойылуын өзгертуі мүмкін.

Кіріс кедергі - электр сигналы үшін кіріс қысқыштарының арасындағы кедергі:

 

 

Күшейткіштің шығыс кедергісі:



 

 

Күшейткіштің кіріс кедергісін біле отырып, транзистордың кірісіне сигналдың қуатының максималды тасымалы және қозғышқа күшейткіштің шунтирленетін әсері қамтамасыз етілетін кездегі қозғыштың оптималды ішкі кедергісін оңай анықтауға болады.



Егер Rшығ белгілі болса, жүктемеде мүмін бұрмалануларда номинал қуат белгіленетін оптималды кедергіні анықтауға болады.

Күшейткіштердің бөлінуі.

Күшейткіштердің бөлінуін орындайды:



- міндеті бойынша;

- күшетілетін сигналдар сипатымен;

- күшейтілетін жиілік жолағында;

- қолданылатын белсенді элементтер түрі бойынша.

Міндеті бойынша ерекшеленеді:



- кернеуді күшейткіштер;

- токты күшейткіштер;

- қуатты күшейткіштер. қуатты күшейткіштерде берілген немесе максималды қуатты, ал кернеуді (токты) күшейткіштерде күшейтудің коэффицентерінің берілген мәндерін қамтамасыз ету қажет.

Күшейтілетін сигналдар сипаты бойынша ерекшеленеді:



- гармоникалық сигналдарды күшейткіштер. Бұл құрылғылар үзіліссіз гармоникалық немесе квазигармоникалық сигналдардың күшеюін қамтамасыз етеді.

- импульсті сигналдарды күшейткіштерных сигналов, олардың формасының мүмкін бұрмалуында. Онда кіріс сигналы шығыс сигналының формасына күшейткіштердің өту процесстері әсер етпейтіндей тез өзгеруі керек.

өткізу жолағының еніне және күшейтілетін жиіліктердің абсолютті мәніне қарай ерекшеленеді:

- тұрақты токтың электр сигналдарын күшейтетін тұрақты токты күшейткіштер (ТТК) және кейбір берілген жұмыс жиілігіне дейін айнымалы токтың барлық сигналы (1.6 сурет). Олар электр байланысы құрылғыларында, автоматикада және телемеханикада, есеп-шешуші және басқа құрылғыларда қолданылады;

 

 

1.6 сурет – ТТК жиілікті сипаттамасы.



 

- айнымалы токты күшейткіштер.

Айнымалы токты күшейткіштерді былай бөледі:



- төмен жиілікті күшейткіштер (ТЖК), ондаған герцтан ондаған немесе жүздеген килогерцқа дейінгі жиіліктер жолағын алатын дауысты жиіліктің электр сигналдарын күшейтеді (1.7 сурет). Олар музыка мен хабарламаның қатты қойылуы талап етілетін жерлерде кең тарады және киноқұрылу, радиохабарламалық қабылдағыштар, әр түрлі хабарламаны күшейту құрылымдарының және т.б. негізгі бөлігіне кіреді;

 

 

1.7 сурет – ТЖК жиілікті сипаттамасы.



 

- кеңжолақты күшейткіштер (fв>1 MГц), 50 Гц-тан 6 МГц-қа дейінгі жиіліктер жолағында жұмыс істейді, радиолокация, телекөріністе, автоматикада және есептеу техникасында қолданылады;

- сайлаушы күшейткіштер, жиіліктердің жіңішке диапазонды сигналдарын күшейтеді (1.8 сурет). Оларға жоғары және аралық жиілікті күшейткіштер (ЖЖК және АЖК) жатады. Олар барлық радиотасымалдағыштар мен радиоқабылдағыштарда қолданылады.

 

 

1.8 сурет – Сайлаушы күшейткіштердің жиілікті сипаттамасы.



 

Схемалы құрылу бойынша:



- біркаскадты (бір күшейткіш элементпен және оның жүктемесімен);

- көп каскадты , симметриялы және симметриясыз шығыспен және кіріспен және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет