2 дәріс. Күштің нүктеге және өске қатысты моменті. Күштер жұбы. Күштер жүйесін берілген центрге келтіру
Дәрістің мазмұны: күштің нүктеге және өске қатысты моменті; күштер жұбы, күштер жұбының қасиеттері, күштер жүйесін центрге келтіру.
Дәрістің мақсаты:күштің нүктеге және өске қатысты моментінің қасиеттерін, күштер жұбының қасиеттерін, күштер жұптары жүйесін қарапайымдатуды және оның тепе-теңдік шарттарын, кез келген күштер жүйесін қарапайым түрге келтіруін зерттеу.
2.1 Күштің нүктеге қатысты және өске қатысты моменті күшінің О нүктесіне қатысты моменті деп (2.1 суретті қара) О нүктесінде түсетін және төмендегі формуламен анықталатын векторы аталады
(2.1)
мұндағы - О нүктесінен күші түсетін А нүктесіне жүргізілген радиус-вектор.
векторының модулі күштің F модулі мен О нүктесінен күштің әсер ету сызығына дейін ең қысқа қашықтығының, яғни күштің О нүктесіне қатысты иінінің көбейтіндісіне тең
=F∙h. (2.2)
моменті күшінің О нүктесіне қатысты айналдыру әсерін сипаттайды. радиус-векторын О нүктесінен күшінің ӘС-нда жатқан кез келген нүктесіне жүргізуге болады. Егер О нүктесі күштің әсер ету сызығында жатса, онда күштің О нүктесіне қатысты моменті нөлге тең болады (иіні нөлге тең).
күштер жүйесі үшін (2.3)
векторы күштер жүйесінің О нүктесіне қатысты бас моменті деп аталады.
Жазық күштер жүйесі үшін күштің нүктеге қатысты алгебралық моментін қолданған ыңғайлы, өйткені бұл жағдайда барлық күштердің векторлық моменттері бір- біріне параллель болады. Күштің нүктеге қатысты алгебралық моменті деп күш модулінің күш иініне көбейтіндісі аталады
. (2.4)
Күш денені сағат тілінің қозғалысына қарсы бағытта айналдыруға тырысса, алгебралық момент оң таңбамен, керісінше теріс таңбамен алынады.
күшінің өске қатысты моменті деп оның өсте жатқан кез келген нүктеге қатысты векторлық моментінің сол өске проекциясы аталады, яғни
. (2.5)
Басқаша: күшінің өске қатысты моменті - күштің өске перпендикуляр жазықтыққа түсірілген проекциясының (2.2 суретті қара) жазықтық пен өстің қиылысу нүктесіне қатысты алгебралық моменті . (2.6)
Күштің өске қатысты моменті күш пен өс бір жазықтықта орналасса нөлге тең. Күштің координат жүйесінің басына қатысты моменті (2.1) формуласына сай мына формуламен анықталады
.