Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Көліктердің орнын тап" дидактикалық ойыны



бет11/19
Дата15.12.2023
өлшемі31,43 Kb.
#139552
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
"Көліктердің орнын тап" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балалардың көліктердің қозғалыс ортасы жөніндегі білімдерін пысықтау. Көліктерді топтастыру дағдыларын жетілдіру. (сөйлеуді дамыту)


Ұлттық ойын. "Аударыспақ"
«Аударыспақ» ─ өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлттық спорт ойыны. «Аударыспақ» – қазақ халқының арасында кеңінен таралған ойын. Балалар екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай), ұзындығы 70-80 сантиметрдей ағаш аттарға мінеді. Бір-біріне қапталдас орналасқан ағаш аттардың ара қашықтығы екі жақтан созылған қол жететіндей болса жеткілікті. Оларға мінген шабандоз балалар бір- біріне қарама-қарсы отырып қол ұстасады. Төрешінің белгісімен бірін-бірі тартып, не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын ағаш аттан аударып түсуі шарт. Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды. Онда ойын шарты бұзылады. Ойын алаңының айналасына құм немесе жұмсақ кілем төселуі керек. Қай топ жеңсе сол топ жеңімпаз атанады.
(дене шынықтыру)



Санамақ.
Мақсат-міндеттері. Көркем сөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Бір дегенім - білім
Екі дегенім - елім.
Үш дегенім - үміт,
Төрт дегенім - түлік.
Бес дегенім - берік,
Алты дегенім - арық.
Жеті дегенім - желім,
Сегіз дегенім - сенім,
Тоғыз дегенім - той,
Он дегенім -ой,
Онға дейін санап қой!
(сөйлеуді дамыту)


Сюжетті-рөлдік ойын.
"Үй құрастыру".
Мақсат-міндеттері. Балалардың құрылыс нысандарын тұрғызуға қатысатын мамандар жайлы білімдерін кеңейту және бекіту; еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар.
Құрылыс материалдары, қағаз беттері, қара карындаштар, сызбалар, ойыншық жүк тасымалдаушылар, құрылысқа керек ойыншық саймандар (балға, бұрауыш, кемпірауыз және тағы басқа).
келісім.
Педагог құрылысқа қатысатын мамандар жайлы балалармен алдын ала әңгімелеседі. Балалар сәулетші, инженер-құрылысшы, тас қалаушы, жүк тиеуші, жүргізуші, сияқты мамандардың қызметтік міндеттерін анықтайды.
Балалар құрылысқа қатысатын мамандардың рөлін өзара бөлісіп алады; өздеріне қажет киімдер мен құрал-жабдықтарды алып, өз орындарына барады.
Педагог ойынды сәулетші бастайтынын айтады. Кейін балалар жүк тиеуші, жүргізуші, кірпіш қалаушы мен инженер-құрылысшының жұмыстарын орындайды.
Педагог диалог барысында ойыншылар арасындағы сөйлеу тізбегін, әдептілік ережелерінің сақталуын реттейді, бекіту сұрақтарын қояды.
Педагог балармен бірге қорытынды жасайды: салынған үйдің сапасы жақсы болу үшін, құрылыс мамандарының ақылдасуы; жұмысты жоспарға сәйкес орындауы; үй тұрғызуда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет