Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері



Pdf көрінісі
бет37/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79
 
 
 


54 
4 Массивтер 
 
Бір типті берілгендерден құралып, барлық элементтеріне бір ортақ атау 
берілген жиынды массив (жиым) деп атаймыз. Массив құрылымдық типтер 
қатарына жатады. Массив элементтері номерленеді. Массивтің әрбір 
элементімен индексін көрсету арқылы жұмыс істеуге болады.
Бір индексті қажет ететін массивтерді бір өлшемді массивтер деп 
атаймыз. Бір өлшемді массивтерді вектор ретінде қарастыруға болады.
Массив сипаттамалары: 

Типі - массив элементтерінің жалпы типі; 

Көлемі - массив индекстерінің саны; 

Шектелімі - әрбір индекстердің шектеу бойынша сәйкестігі; 

Пішімі - көлем және шектеулер жиындары. 
Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атауынан 
кейін міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде 
бүтін сандар қолданылады. 
Массивтің әрбір элементіне оның адресі (индексі) арқылы қатынас 
жасауға болады. Си және С++ тілінде массив мәліметтердің стандартты типі 
болып табылмайды. Керісінше, оның өз типі бар: int, float, char, double және 
т.б. Массивтердің массивін, көрсеткіштерді және т.б. жасауға болады. 
Массивтердің 4 қасиеті бар: 
1)
Массивте элемент деп аталатын (символдар немесе цифрлар) жеке мәндер 
сақталады. 
2)
Массив элементтерінің барлығы бір типті болуы керек. 
3)
Массив элементтерінің барлығы жадыда тізбектей сақталады және бірінші 
элементтің адресінің нольдік ығысуы болады, яғни индекс ноль.
4)
Массив аты міндетті түрде тұрақты болуы қажет. 
Массив элементтерінің барлығының өлшемі алдын ала белгіленеді, яғни 
компьютер жадысында арнайы орын қалдырылуы керек.
Массивтерді үш тәсілдің бірімен инициалдауға болады: 

Келісім бойынша инициалдауға (бұл әдіс тек ауқымды және 
статикалық массивтер үшін қолданылады); 

Бастапқы тұрақты мәндерді көрсету арқылы; 

Программа орындалуы процесінде – мәліметтерді массивке жазу 
арқылы. 
 
Массивті анықтау үшін мәліметтер типін көрсетіп, содан соң массив аты 
жазылады және тік жақшаның ішіне массив өлшемін анықтайтын тұрақты 
жазылады.
Массивтерді сипаттау (хабарлау) мысалдары: 
int array[12]; 
char carray[10]; 


55 
float farray[20]; 
мұндағы array 12 бүтін сандардан тұратын массив, carray 10 символдардан 
тұратын массивті, немесе ұындығы 10 символдан аспайтын жолдарды (текст) 
сипатайды. Ал, farray 20 нақты (бөлшек) сандардан тұратын массив. 
Массив өлшемін const командасы арқылы қою: 
int array[iARRAY_MAX]; 
#define iARRAY_MAX 20 
#define fARRAY_MAX 15 
int iarray [iARRAY_MAX]; 
float farray[fARRAY_MAX]; 
Массивке тізбектей қатынас 
for
циклдық операторы көмегімен 
ұйымдастырылады.
#include 
#define іARRAY_MAX 20; 
int iarray [iARRAY_MAX]; 
main( ) { 
int i; 
for (i=0; i… 
… 

return(0); 

 
ANSI стандартына сәйкес, массив элементтерінің бастапқы мәндері 
көрсетілмесе, онда функция ішінде статикалық түрде жарияланған 
массивтер, келісім бойынша нольдермен толтырылады.
Мысалы: 
#include  
#define iGlOBAL_ARRAY_SIZE 10 
#define iSTATIC_ARRAY_SIZE 20 
int iglobal_array[iGlOBAL_ARRAY_SIZE]; //
ауқымды массив 
main() { 
static int istatic_array[iSTATIC_ARRAY_SIZE]; //
статикалық массив 
int i; 
for(i=0; i< iGlOBAL_ARRAY_SIZE; i++) 
printf(“iglobal_array[%d]: %d\n”, i, iglobal_array[i]); 
for(i=0; i< iSTATIC_ARRAY_SIZE; i++) 
printf(“istatic_array[%d]: %d\n”, i, istatic_array[i]); 
return(0); 


56 

Программаны орындағаннан кейін экранға массив элементтеріне 
меншіктелген нольдік мәндер шығарылады.
ANSI стандартына сәйкес ауқымды және локалды массивтер
элементтеріне бастапқы мәндер меншіктеуге болады. Төмендегі фрагментте 
төрт массив анықталған: 
1)
int array[3]={-1;0;-3} 
2)
static float fpercent [4]={1.141579,0.75,55E0,-0.33E1} 
3)
static int idecimal [3]={0,1,2,3,4,5,6,7,8,9} 
4)
-char c vowels[ ]={‘4’,’a’,’E’,’e’,’I’,’O’,’0’,’u’,’U’}. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет