Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-тарау. Дәрілік заттардың тағайындалуына және пайдалануына әсері



бет207/309
Дата07.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#106574
түріКодекс
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   309
4-тарау. Дәрілік заттардың тағайындалуына және пайдалануына әсері

14. Дәріханалық ұйым дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалануға байланысты және пациентке фармакотерапия сапасын қамтамасыз ету жүйесінде дәрігер және фармацевтің ынтымақтастығына бағытталған қызметті жүзеге асырады.


15. Дәрігер және фармацевтің ынтымақтастығы мынаған бағытталған:


1) рецептіні дұрыс рәсімдеу және мәліметтердің толық болуы;


2) бекітілген ережелерге сәйкес рецептілерді жазып беру;


3) фармацевт қол жеткізе алатын анықтамалық басылымдардың болуы;


4) пациенттерге қатысты деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.


16. Фармацевт дәрігерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың нарықта, осы дәріханалық ұйымда бар түр-түрінің, баға, қасиеттері және басқалары туралы ақпараттарын береді.


17. Дәрігер және фармацевтің ынтымақтастығы фармакотерапия сапасын жақсартуға, дәрігерлік және фармацевтикалық қателердің санын азайтуға, дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері туралы ақпаратты тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді.


18. Ынтымақтастықтың рұқсат етілген түрлері мыналар: науқастың келісімі бойынша дәрілік заттың аналогына ауыстыруын талқылау, мәжілістерге, конференцияларға қатысу болып табылады.


19. Дәріханалық ұйымдардың басшысы болып дәрілік заттардың жағымсыз әсерлеріне мониторинг ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты адам тағайындалуы керек.


20. Әрбір дәріханалық ұйымда дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін анықтағаннан кейін оларды фармацевтер немесе пациенттер толтыруға арналған хабарлама – карталары болады.


Хабарлама-карталарын пациенттердің өзі немесе дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері анықталғандығы туралы ақпарат алғаннан кейін фармацевт толтыруы керек.


21. Хабарлама-карталардағы дәрілік заттардың анықталған жағымсыз әсерлері туралы деректерін дәрілік заттардың анықталған жағымсыз әсерлерін тіркеу журналына дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері мониторингіне жауапты тұлға жазуы керек.


22. Фармакотерапияны жүзеге асырғанда жағымсыз реакцияларының пайда болуының барлық жағдайлары хабарлануы керек.


23. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерінің мониторингі дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері туралы мәліметтерді анықтауға, жинауға, бағалауға және талдауға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет