Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-параграф. Зерттеуге арналған үй-жайлар



бет6/309
Дата07.09.2023
өлшемі0,97 Mb.
#106574
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   309
3-параграф. Зерттеуге арналған үй-жайлар

28. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізуге арналған үй-жайлар жүргізілетін зерттеулердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жобаланады, салынады және пайдалануға беріледі. Сынақ зертханасының құрылымының әрбір зерттеуді тиісінше жүргізу үшін түрлі қызмет түрлерін бөлудің талапқа сай дәрежесін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.


29. Тест-жүйелерге арналған үй-жай:


1) сынақ зертханасының тест-жүйелерді оқшауландыру үшін жеткілікті үй-жайлары мен аумақтары болуы тиіс, онда биологиялық қауіптілігі белгілі немесе күдікті заттар немесе микроорганизмдер қатыстырылған;


2) тест-жүйелердің зақымдалуының қолайсыз деңгейін болдырмау үшін ауруларды диагностикалауға, зерттеуге және бақылауға сәйкес келетін үй-жайлары мен аумақтары болады;


3) жұқтырудан, ластанудан немесе зақымдалудан тиісті қорғанысты қамтамасыз ететін зерттеуде пайдаланылатын шикізат пен жабдықты сақтайтын жеке үй-жайлары немесе аумақтары болады.


30. Зерттелетін заттарға (дәрілік заттарға) және салыстыру үлгілеріне (бақылау үлгілеріне) зерттеу жүргізуге арналған үй-жайлар:


1) ластануды немесе араласып кетуді болдырмас үшін зерттелетін заттарды (дәрілік заттарды) және салыстыру үлгілерін (бақылау үлгілерін) сақтау және алу үшін жеке үй-жайлар мен аумақтар бар;


2) сыналатын заттарды сақтайтын үй-жайлар немесе аумақтар құрамының, концентрациясының сақталуын, тазалықты, тұрақтылықты және қауіпті заттарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ететін сынақ жүйелері орналастырылатын бөлмелер немесе аумақтардан бөлек орналасқан.


31. Мұрағаттауға арналған үй-жайлар зерттеу хаттамаларын, жоспарын, бағдарламасын, бастапқы деректерді, қорытынды есептерді, сыналатын заттардың сынамалары мен үлгілерін қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету үшін жабдықталған. Мұрағаттың орналасуы және жұмыс режимі оның ішіндегісін бүлінуден қорғаумен қамтамасыз етеді.


32. Қалдықтарды алыстату және жою зерттеудің жүргізілуіне қауіп төндірмейтіндей және олардың нәтижелері бұрмаланбайтындай жағдайда орындалады. Бұл үшін қалдықтарды жинауға, сақтауға және шығаруға тиісті жағдай жасау қажет, сондай-ақ олардың белсенділігін жою және кейінгі тасымалдану шараларын қамтамасыз ету қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет