Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы


Күрделі атаулардың тəуелдік жалғауы арқылы берілуі



Pdf көрінісі
бет46/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   162
Күрделі атаулардың тəуелдік жалғауы арқылы берілуі
Қазақ тілінде күрделі жалқы есімдер, яғни бір географиялық обьект, қала, көше, 
мекеме атауы өздері анықтайтын сөзге ілік септігінің жалғауы арқылы тіркеседі 
(жалғау көбіне жасырын тұрады), анықталатын сөз тəуелдік формасында тұрады. 
Мысалы: Қазақстан Республикасы, Қазақ(тың) ұлттық университеті, Абай көшесі, 
"Парасат" журналы.
Мұндай атауларға септік жалғауларының тəуелдік жалғауларының ІІІ жағынан 
кейін қойылатын нұсқалары жалғанады. Мысалы:
Атау с. Қазақстан Республикасы
Ілік с. Қазақстан Республикасының 
Барыс с. Қазақстан Республикасына
Табыс с. Қазақстан Республикасын
Жатыс с. Қазақстан Республикасында
Шығыс с. Қазақстан Республикасынан
Көмектес с. Қазақстан Республикасымен
♦ Көп нүктенің орнына қажетті күрделі атауды қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте соответствующее наименование. 
Ол – Алматы қаласы Түрксіб ауданы ... төрағасы.
А) «Қазақ тілі» қоғамы 
В) «Қазақ тілі» қоғамын
С) «Қазақ тілі» қоғамымен
D) «Қазақ тілі» қоғамының
1) «Қазақ тілі» қоғамы тіркесі төрағасы сөзімен тіркесе алмайды, бұл сөз ілік 
септігіндегі сөзді керек етеді;
2) төрағасы сөзі өзінен бұрын ілік септігіндегі сөзді керек етеді, сондықтан «Қазақ 
тілі» қоғамын тіркесі сөйлемді толықтыра алмайды;
3) төрағасы сөзі ілік септігіндегі сөзді керек ететіндіктен, «Қазақ тілі» қоғамымен 
тіркесімен тіркесе алмайды;
4) «Қазақ тілі» қоғамының тіркесі ілік септігінде тұр, сондықтан төрағасы сөзімен 
байланыса алады.
♦ Дұрыс жазылмаған атауды белгілеңіз.
Отметьте вариант с неверным написанием. 
А) Болжау институты 
В) «Егемен Қазақстан» газет
С) Халықаралық келісім басқармасы
D) «Ғажайып əлем» телебағдарламасы
1) болжау институты тіркесі ережеге сай мекеме атауы ретінде тəуелдік жалғауымен 
берілген;
2) «Егемен Қазақстан» газет тіркесіндегі газет сөзінде тəуелдік жалғауы түсірілген;
3) халықаралық келісім басқармасы тіркесінде басқарма атауы толық, тəуелдік 
жалғауы арқылы берілген;
4) «Ғажайып əлем» телебағдарламасы тіркесінде мекеме атауы тəуелдік 
жалғауымен ережеге сай берілген.


67


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет