Тіл біліміне кіріспе



бет5/45
Дата16.10.2022
өлшемі0,75 Mb.
#43424
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Жармакин-О.-Тіл-біліміне-кіріспе

2. 2. Тілдің дамуы
Тіл — қоғамдық құбылыс. Сондықтан оның тарихы мен дамуы коғамның тарихы мен дамуына байланысты болады.
Қоғам пайда болғаннан бері тіл қоғамга қатынас кұралы ретінде қызмет етіп, оның дамуымен бірге дамып келеді. Қоғам және оның дамуы тілдің дамуына әсер етпей тұра алмайды. Солай бола тұрса да, тілдің дамуы қоғамның даму заңдары бойынша емес, өз заңдары бойынша дамиды.
Тілдің дамуы туралы бірнеше қате көзкарастар болды. Мысалы, Н.Я.Марр тіл дамуының әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға (айталық, феодалдық қоғамға, капиталистік қоғамға) сай келеді деп есептеді.
Ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың тілдің өткен дәуірін - классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер - тілдің азу, бүліну дәуірі деп есептеулері ешбір шындықка жанаспайтын, мүлдем қате көзқарас.
Неміс лингвисі Август Шлейхер тілдің дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ, — деп есептейді. Шлейхердің пікірінше, тіл биологиялық организм сияқты туады, өседі, қартаяды; ақырында өледі.
Бұл да қате көзқарас. Тіл - биологиялық құбылыс емес, қоғамдық құбылыс. Осылай болғандықтан бұл екеуінің даму жолдары әр басқа. Тілдің дамуының өзіне тән заңдылықтары бар; тірі организмдердің дамуының өзіне тән заңдары бар. Демек, бұл екеуін бірдей деп есептеу қате.
Сонымен, тіл дамиды екен. Ендеше, оның даму жолдары қандай?
Н.Я.Марр тілдің сатылық даму теориясын ұсынып, тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі, яғни дамуы революция жолымен, анықтап айтқанда, бар тілді жойып жіберіп, жаңа тіл жасау жолымен болады деп есептеді. Бүл қате теория болатын. Тілдің дамуы – бар тілді |жойып, жаңа тіл жасау жолымен емес, бар тілдің негізгі элементерін дамыту, жетілдіру жолымен, яғни эволюция жолымен, ішкі даму жолымен болады.
Тілдің даму заңдарына келмес бүрын, алдымен, тілдің зандары - жалпы заңдар (общие законы) жене жеке заңдар (частные законы) болып екіге бөлінетіндігін айтып алуымыз керек.
Жалпы заңдардың қатарына тілдің әр түрлі кұрылымдық элементтерінің даму қарқынының біркелкі болмауын жатқызуға болады. Мысалға тілдің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын алалық. Бұлардың даму қарқыны біркелкі емес. Сөздік құрамы өзгеріске өте-мөте бейім болады. Қоғамдағы өзгерістерді ол тез қабылдайды. Ал грамматикалық құрылыс өте баяу өзгереді. Бұл – тіл атаулының барлығына бірдей тән, күллісіне ортақ жалпы заң.
Осылай бола тұрса да, бұл ортақ заңның әр түрлі нақтылы тілдерде жүзеге асуы түрліше болуы мүмкін. Өйткені ол тілдердің өздеріне тән заңдары болады. Сондықтан, күллі тілдерге ортақ заң жеке тілдерде өзінше дамуы орынды. Мұңдай заңдарды тіл дамуының жеке, ішкі зандары деп атайды.
Тіл дамуының жеке заңын оның барлық саласынан, атап айтқанда: лексикасынан да, грамматикасынан да, фонетикасынан да табуға болады. Мысалы, үңдестік (сингармонизм) заңы бүкіл түркі тілдерінің фонетикасына ортақ. Бірақ үндестіктің түрлері әрбір түркі тілдерінде әр түрлі. Айталық, ерін үндестігі (мыс: құлын, бұрым, бөтөлкө т.б.) қазақ, карақалпақ тілдеріне қарағанда, алтай, кырғыз тілдерінде әлдеқайда басым дамыған.
Тілдің фонетикасында, лексикасында, грамматикасында әр түрлі өзгерістер жасалып, тіл ұдайы даму күйінде болады. Мысалы, лексикалогияда кейбір ескірген сөздер шығып қалып, оның есесіне көптеген жаңа сөздер қосылып отырады немесе сөздердің мағыналары өзгеріп жатады; шет тілден сөз ауысып келуі де мүмкін.
Грамматикада да сондай. Лексикаға қарағанда баяу болса да, тілдің грамматика саласында да өзгерістер болып, оның грамматикалық құрылысы жетіліп отырады. Мысалға босқа, зорға деген үстеулер есім сөздерге барыс септігінің қосылуынан жасалған. Сондай-ақ, қабаған, тебеген тәрізді етістіктер қазіргі кезде сын есімдер болып саналады.
Өзгеру мен дамудың барысында дербес сөздердің көмекші сөздерге, ал көмекші сөздердің аффикстерге айналуы — әрбір тілдің тарихында кездесе беретін құбылыс. Бұл ретте бара дұр, жүре дұр тіркестерінен барады, жүреді формаларының, бара тұрған, келе түрған тіркестерінен баратын, келетін есімше формаларының жасалуын мысалға келтіруге болады.
Тілдің даму барысында кейбір аффикстердің ықшамдалғанын байқаймыз. Мысалы: айтқанмын>айтқам, айтамын>айтам, барғанмын>барғам, барамын>барам т.б. Осылайша ықшамдалу сөз тіркестерінде де болады. Олар келе-келе бір-бірімен бірігіп, содан кейін кірігіп, бір сөзге айналып кетеді. Мысалы: бұл күн>бүгін, бұл йыл/жыл>биыл, алып бер>әпер.
Қазіргі қазақ тілінде баяндауышы жатыс жалғаулы тұйық етістіктен жасалған сөйлем түрлері бар. Мысалы: Ауыл шаруашылығы жекешелендірілуде. Бірінші семестр өтуде. Мүндай сөйлемдер бұрын болмайтын. Болса, жекешелендіріл+іп жатыр, бірінші семестр өт+іп жатыр болып келетін. Жоғарғыдай баяндауыш формасы кейінгі кезде жасалып қалыптасқан.
Жай сөйлемнің инверсиялы түрі де кейінгі кездің жаңалығы. Мысалы: Сөйлеп тұрған Алматы. Берілді осы анықтама (справка) т.б. ,тілдерде неге мұндай өзгерістер болады? Оның себептері көп. Солардың бірі - тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, өзара әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет