Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу есептер жинағы разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa сборник задач



Pdf көрінісі
бет23/78
Дата21.10.2023
өлшемі2,87 Mb.
#120369
түріСборник
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   78
Байланысты:
PISA Тапсырмалар жинагы

 
13
-тапсырма
.
Э
лектромагниттік толқындар. 
Жоғары және аса жоғары 
кернеудегі электр жеткізу ауа желілері, радио- және телеорталықтар, 
радиолокациялық қондырғылар өтетін ауқымды аумақта электромагниттік өріс 
кернеулігі екіден бес есеге дейін артты, ал бұл адамдар мен басқа тіршілік 
иелері үшін нақты қауіп төндіреді. Электр өрісi кернеулігінің адамдар үшін 
санитарлық шекті нормасы 1 кВ/м-ге тең. Жоғары кернеулі электр жеткізу 
жүйелерінде бұл шекті деңгей ондаған, тіпті жүздеген метр аралығына дейін 
ауытқиды. Арнайы жүргізілген зерттеулер алты күн бойы электр желісінің 
астында күніне 3 рет 15 мин-тан тұрғанның өзінде невралгиялық сипаттағы 


35 
өзгерістерді, мидың жұмыс істеу қабілеттіліктерінің төмендеуін тудыратынын 
көрсетті.
Жоғары кернеулі электр желісі бар аумақтардағы
электр өрісiнің 
кернеулігі 1 метрге шаққанда бірнеше мың вольтқа жетуі мүмкін. Радио мен 
теледидардағы жоғары жиіліктегі (3 кГц-тен 300 ГГц-ке дейінгі) 
электромагниттік толкындардың адам ағзасына ықпалы оның тербеліс жиілігіне 
байланысты. Жиілік жоғары болғанда, яғни толқын ұзындығы қысқарақ болса, 
зиянды ықпалы күшейе түседі.
Жоғары жиілікті ультрадыбыстар, интенсивтілігі жоғары лазерлік сәулелер 
адам миына көп әсер етеді. Бейбіт мақсаттарға пайдаланбаған жағдайларда 
мұндай психотропты карулардың әсерінен мидың қызметі өзгереді, ойлау, есте 
сақтау, өзін өзі ұстай алу қабілеттілігі төмендейді. Осындай әсердің 
нәтижесінде адам ерік-жігерін жоғалтады.
Сұрақ.
Өз денсаулығына зиян келтірмеу үшін әрбір адам нені білуі тиіс? 
14-тапсырма. 
Э
лектромагниттік толқындар. 
Электромагниттік өрістің 
адам денсаулығына әсері – ғылымның зерттеуге жататын міндеті. Технология 
мен электрондық құралдардың қарқынды даму жағдайындағы заманауи әлемде 
электромагниттік өрістің ықпалынан құтылу мүмкін емес. Адамдардың 
денсаулығына келтірілетін зиян мөлшерін шектеу үшін көптеген халықаралық 
стандарттар мен талаптар дайындалған және тұрмыстық техниканың барлығы 
дерлік осы талаптарды қанағаттандырады. Алайда шығарылатын сәуле 
тұрғысынан олар әлі де қауіп көзі болып табылады, сондықтан әр түрді 
бейнедисплейлік терминалдармен жұмыс жасау кезінде қарапайым ережелерді 
ескерген абзал. 
Сұрақ.
Электромагниттік өріс адамға қалай әсер етеді?
15-тапсырма. 
Табиғат және қоғам
Қарапайымнан күрделіге қарай дейінгі принципті қолданып, деңгейлерді 
негізгі үш сфераға бөліңіздер (8-кесте):
8-кесте – Қарапайымнан күрделіге қарай
Бейорганикалық 
табиғат 
Тірі табиғат 
Қоғам 
Атомды 
Жасушалы 
Жанұя 
Микроэлементарлық 
Биологиялық 
макромолекулярлық 
Индивид 
Ядролық 
Микроорганикалық 
Ұжымдар 
Субмикроэлементарлық 
Популяциялық 
Тұтастай адамзат 
Макродеңгей 
Биосфералық 
Мемлекет (азаматтық 
қоғам) 
Молекулярлық 
Тұтастай ағза 
Мемлекет жүйесі 
Метадеңгей 
Биоценоз 
Үлкен әлеуметтік топтар 


36 
(метагалактикалар) 
(класстар, ұлттар) 
Мегадеңгей 
(ғаламшарлар, 
жұлдыздығаламшар 
жүйесі, галактикалар) 
Мүшелер мен ұлпалар 
Ноосфера 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет