КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Тәрбиенің негізгі - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдаы жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік фактрлар да әсер етеді деп есептеген.
Жеке тұлға бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаның зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегі” бар деп мойындайды, олар оны “Мен- жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның. ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы қадір – қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс – әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер менқасиеттердің айқын және спетцификалық көрініс табуы арқылы, оның іс – әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары “даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері ерекше белгілері (мысалы, салмақты- жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет- әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі ақылы ерекшеленеді. Осылйша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. “Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым “индивид”. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы “жекелік”. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты біртектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықан жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педаггика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Зерттеудің болжамы: егер тұлғаны әлеуметтік тәжірибе жағынан қарастырсақ, онда оны жан-жақты жетілген жеке тұлға етіп тәрбиелей аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |