Тобы: БӨж тақырыбы


ХІХ-ғасырдың соңы ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясына жалпы сипаттама



бет2/13
Дата08.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#91041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1. ХІХ-ғасырдың соңы ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясына жалпы сипаттама. Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер ХVІ-ХVІІІ ғ.ғ. бойында жалғасын тапты. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда орыс халқының ілгері дамуына кедергі болған үш жауы болды. Олар: шаруалардың басыбайлылығы, шіркеу және патша үкіметі. Ол ресми халықшылдық теориясы деп аталды. Сондықтан орыс халқының алдыңғы қатарлы ойшылдары бұл үшеуіне де қарсы шықты. Ең алдымен ұлы орыс ғалымы М.В. Ломоносов (1711-1765) Ресей патшасының төңірегін жайлап, Ғылым академиясын билеп алған немістерден оны аластатып, тазартып, Ресей ғылымын дамытуда, физика, химия, металлургия, лингвистика, басқа да ғылымдардың дараланып, ілгері басуына, дүниежүзілік деңгейге жақындауға үлесін қосты. Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар. Сонымен қатар екінші бір деректерде орыс философиясы үшке бөлініп қарастырылады:
1. Православие дініне негізделген славянофильдер бағыты. Олар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни өзгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп түсіндіреді.
2. Марксизм бағыты. Олар жұмысшы табының иделогиялық қызметшісіне философияны айналдырды.
3. Батысшылдар бағытының немесе экзистенциалистер бағытының негізгі зерттеу объектісі адам және оның өмірінің мәні болды.
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі — православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, «идеалға» деген сенім өмір сүрді. Үнемі «идеал» жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал — шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті еткен «орыс жанының» («загадочная русская душа») жұмбақ табиғатының да себебі осында болса керек. Славянофильдердің алғашқы идеялары әдебиетте 1839 жылы көрініс тауып, 40-50 жылдары дамыды. Славянофильдік орыстың ерекше философиялық идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдер өз отанының тарихына бет бұра отырып, орыс қоғам құрылуындағы оның толықтығы мен жан-жақтылығын дәлелдеуге тырысады. Олардың пікірінше, батыстық мемлкеттер жасанды құрылымдар. Керісінше, Ресей органикалық тұрғыда қалыптасты. Ол «құрылған жоқ», ол «өсіп шықты». Ресейдің бұл табиғи дамуын славянофильдер православияның ерекше әлеуметтік ұйым-селолық қауымды тудырумен түсіндіреді. Христиан діні үш ірі бағытқа бөлінеді:
1. Католиктік
2. Православиялық
3. Протестанттық
Осы үшеуінің ішінен славянофильдер тек православия ғана еркіндік пен қажеттілікті үйлесімді түрде үйлестіреді деді. Еркіндік пен қажеттілікті үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызыды принцип – соборшылыдық ұғымын енгізді. Соборшылдық – еркін қауымдастық. Бұл ұғымды даярлаған А.С.
Хомяков болды. А.С.Хомяков философиясы индивидуализммен қатар казармалық коллективизмге қарсы бағытталған және орыстың православиелік шіркеуінде бас еркіндік пен сүйіспеншілік принциптерін бекітуге бағытталған және соборшылыдық адам өмір қамының барлық салаларынан көрінеді: шіркеуде, отбасында, қоғамда. Ол еркіндік адамзаттық бастау мен адамның құдайға тән құдіреттік бастауынынң өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады. Селолық қауымның басты артықшылығы ол - өз мүшелерін тәрбиелейтін рухани адамгершілік принциптерден көрінеді: ортақ мүддені сақтауға дайын болу, патриотизм славянофильдердің пікірінше қауым мүшелері бойында бұл қасиеттердің пайда болуы ертедегі діни дәстүрлерді бейсаналы инстинкті түрде сақтау жолымен жүзеге асады. Славянофильдер орыс халқының көнбістігін, православиені, қауымдық құрылысты орыс тарихының ерекшелігі деп есептеді. Православие славянофильдер үшін ақиқат дін болып табылатындықтан тек оны ұстайтын халықтар, ең алдымен, орыстар, олардың көзқарасынша, прогреске үміт арта алады, ал қалған халықтар православие өркениетін қандай дәрежеде қабылдаса, оған содай дәрежеде үміт артады.
Марксизм бағытынын негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, Н.Бухарин, А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі — философияны жұмысшы табының идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп, кеңес заманында философия мемлекеттің біртипті ойлауға негізделген идеологиялық қүралына айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы шығу қылмыспен тең еді. В.И.Ленин 1922 жылы Ф.Э.Дзержинскийге жазған хатында ой-пікірі, кезқарасы большевиктер саясатына қарама-қарсы интеллигенция өкілдерін елден аластату керектігі туралы айтқан пікірінің негізінде арнаулы бұйрық шығарылып.161 адам елден қуылды. Олардың бәрі бір кемеге тиеліп аттандырылғандықтан, тарихқа бұл оқиға «Философский пароход» деген атпен енді. Бұл «еріксіз саяхатшылардың» қатарында белгілі философтар С.Л.Франк, Н.А.Бердяев, Л.Шестов, П.Сорокин, И.Ильин бар еді. Орыс философиясының құлдырауы осы кезеңненбасталды.
Үшінші багыт — біз сөз еткелі отырган батысшылдар, немесе экзистенциалистер багытының негізгі объектісі — адам және оның өмірінің мәні болды. Батысшылдар – ХІХ ғасырдың 40-жылдарындағы феодалдық-крепостниктік қатынастарды жойып, Россияны «батыстық» жолымен, яғни буржуазиялық жолмен дамытуды жақтаған орыстың қоғамдық ой-ағымының өкілдері. 40-жылдарыдың ортасында батысшылдар қатарында Герцен, Грановский, Огарев, В.Боткин, Кавелин, Н.Кетчер, Е.Корш және т.б. болды. Үйірмемен Белинский тығыз байланыс жасап тұрды. Сондай-ақ Тургенев, П.Анненков, И.Панаев және басқаларда батысшылдар құрамына кірді. Көзқарастарындағы белгілі бір бірліктің болуы, яғни самодержвиелік –крепостниктік құрылысты айыптау, «ресми халықшылдық» идеологиясына қарсы күрес, ағарту идеяларын дамыту, Россияны Европаландыруға ұмтылу, және олардың объективті – буржуазиялық мазмұнын мойындау олардың арасында алауыздық болмады деген сөз емес.
Атап көрсететін бір ерекшелік — жалпы философия тарихында өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Бұл құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша, басты фактор — Ресейдің трагедиялық тағдыры. Адам, оның өмірінің мәселесі қоғам дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде өткірлене түседі. Тығырыққа тірелген қоғам мүшелерінің бойында бүрыннан да бар уақытша бұғып жатқан өміртуралы сауалдар тізбегі адамды осындай қиын кезендерде қатты мазалай бастайды. Сондықтан да өзінің даму тарихында талай рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған, сан түрлі соққыларды, қайшылықты қоғамдық өзгерістерді басынан кешірген Ресей мемлекетінің ойшылдарын осы тақырып толғантуы да кездейсоқ емес..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет